2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа шартқа №7 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне №1 қосымша) 1.1-бөлімінде D тізіміндегі 2-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ауа баптағыштар және олардың сыртқы блоктары, жылу сорғылары |
8415 10 |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |