Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТP 005/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Қатені түзеу

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 29 қазандағы № 118 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабы 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Осымен:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 61 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған Кеден одағы комиссиясының "Қаптама қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 005/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген талаптарға қаптаманың (тығындау құралдарының) сәйкестігі туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екендігі;

      б) Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол берілетіндігі;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына осы өнімді сақтау мерзімі ішінде жол берілетіндігі анықталсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 61 шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады