Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 123 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген №1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы №36 "Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 045/2017) өтпелі ережелері туралы" шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасының бірінші абзацындағы, "б" тармақшасында және "в" тармақшасының бірінші абзацындағы "2025 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады