Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген №2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен бекітілген Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары" техникалық регламентінің (КО ТР 029/2012) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттар және Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға тіркелген қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2024 жылғы12 қарашадағы №124 шешіміне |
|
ҚОСЫМША |
Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі талаптары" техникалық регламентінің (КО ТР 029/2012) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттар және Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 5, 11, 32, 33, 103 және 109-позициялар алып тасталсын.
2. 8 және 79-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2026 жыл", деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 13, 14 және 25-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 15-позиция:
а) "Шарап қышқылы" деген сөздерден кейін "(L+)" белгісімен толықтырылсын;
б) "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 26, 28 және 31-позициялардағы "2021 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2029 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 50-позицияда "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 80-позицияда "2023 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 131 және 132-позициялардағы "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2025" жыл деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.