Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 19 наурыз 1992 ж. N 690. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Жер реформасы жөнiндегi жұмыстарды тiкелей орындауды ұйымдастыруда бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн жер ресурстарын басқару құрылымдарын құру, жер қатынастарын қайта құру және жерде шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарының тиiмдi жұмыс iстеуiне жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде ұстау шығындары республикалық бюджеттен орталықтандырылып қаржыландырылатын жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының бiртұтас сатылы жүйесi құрылсын. 
      2. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық және аудандық комитеттер Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң территориялық органдары қарамағына берiлсiн.

       Қазақстан Республикасының 
      Президентi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады