Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 8 маусым 1993 ж. N 1218. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Көптеген адам құрбандығына, елеулi материалдық ысырапқа соқтыруы ықтимал апаттағы табиғи және техногендiк құбылыстардың пайда болу мүмкiндiгiн есте ұстай отырып, әрi халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ұлттық игiлiкке келетiн зиянды азайту, Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс iстеуге даярлау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Өнеркәсiп аварияларынан, апаттан, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын. 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, 1993 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде төтенше жағдайдағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: 
      республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; 
      Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметiн нығайту, оны керектi адам санымен толықтыру және қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ табиғи зiлзала, авария және апат болған кезде халыққа медициналық көмек көрсету; 
      табиғи және техногендiк сипаттағы ықтимал төтенше жағдайда аудандарындағы халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге кепiлдiк материалдық-техникалық, азық-түлiктiк және медициналық резервтер қорын жасау; 
      қауiптi табиғи және техногендiк құбылыстардың қалыптасу, таралу проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердi белсендiрек жүргiзу, оларды есептеу, болжау, алдын алу әдiстерiн, бақылау шараларын және халықты қорғау құралдарын әзiрлеу; 
      қатер төнген және төтенше жағдай туындаған кездегi iс-қимылдың ережесi мен тәртiбiн үйрену жөнiнде халықтың барлық санаттарының арасында кең ауқымды түсiндiру жұмыстарын жүргiзу; 
      төтенше жағдай кезiнде байланыс пен халықты хабардар ету жүйесiн дереу пайдалануға тұрақты даярлықты қамтамасыз ету, оларды жарақтандыру және дамыту; 
      төтенше жағдайдың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi республикалық жүйенi хұқықтық қамтамасыз етуге арналған заң актiлерiнiң жобаларын дайындау; 
      төтенше жағдай зардаптарының алдын алуға және жоюға байланысты проблемалар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту көзделсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      2 ай мерзiмде өнеркәсiптегi авариялардың, апаттардың, табиғи зiлзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы шараларын қаржыландырудың және материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi 
мемлекеттiк комиссиясының өкiлеттiгiн ұлғайту және мәртебесiн көтеру туралы ұсыныс әзiрлесiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады