Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. 1993-1995 жылдары мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден алынған ақша қаражаты толық көлемiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң арнаулы қосымша шотына жазылып, аумақтық комитеттерге құжаттар тапсырылатын болып белгiленсiн.
2. 1991-1992 жылдарда жекешелендiрiлген мемлекеттiк объектiлердiң ақшалай қаражатының келiп түсуiнiң бұрын белгiленген тәртiбi сақталсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жекешелендiруден түскен қаржыны толық көлемiнде республикалық бюджет кiрiсiне аудару тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1994-1995 жылдарға арналған Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ 1993 жылы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден түсетiн қаржыны iшкi мемлекеттiк қарызды өтеуге және Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шығынға жұмсау тапсырылсын.
5. Осы Қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi