Салық төлеушiлердi сыныптау және оларға код беру жүйесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 6 қазан N 1362. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.10.20. N 4119 Жарлығымен. ~U984119

      Қазақстан Республикасында салық жүйесiн нығайта түсу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушiлердi тiркеу нөмiрлерiнiң жүйесiн енгiзсiн.
      2. Салық төлеушiлердi сыныптау және оларға код беру жүйесi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1993 жылғы 1 желтоқсанға дейiн банк құжаттарының нысандарына мiндеттi түрде салық төлеушiлердiң тiркелу нөмiрлерiн енгiзудi көздесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан

Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
            
     Алматы. 1993 ж. 6 қазан
              N 1362 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                        1993 жылғы 6 қазан
                                          N 1362 қаулысымен
                                             Бекiтiлген 
     
            Қазақстан Республикасында салық төлеушiлердi
            сыныптау және оларға код беру жүйесi туралы
                             Ереже 
     
                   1. Негiзгi қағидалар 
     


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бөлiмшелерiнде салық төлеушiлерге бiрыңғай код берiлуiн қамтамасыз ету және барлық банктер, жинақ банкiлерi мекемелерiмен, нотариалды кеңселерiмен осы кодтар бойынша өзара iс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
      Бiр ғана тұрақты нөмiр арқылы әрбiр салық төлеушiнiң теңдестiрiлуi салық қызметiнiң компьютерлiк жүйесiн құрудың негiзгi шарты болып табылады.
      Салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрлерiн (СТН) енгiзу;
      салық төлеушiлердiң есебiн жүйелендiру мен ретке келтiру;
      деректердiң компьютерлiк өңделуiн қамтамасыз ету;
      салық төлеушiлердiң заңдылықты сақтауы жөнiндегi ақпаратқа сыналап тексеру жүргiзу;
      төменгi салық инспекциялары арасында көлденең ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;
      салық инспекциялары бөлiмшелерiнiң арасында тiгiнен жедел ақпаратты дер кезiнде алу мақсатында жүргiзiледi.
      2. Аудандық бөлiнуi жоқ аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық инспекцияларында салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiге - заңды ұйым мен жеке адамға СТН берiледi.
      3. Салық төлеушiлерге СТН берудiң тәртiбiн және оны iске

қосудың тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Бас салық инспекциясы реттейдi.
     4. Салық төлеушiнiң СТН-i банкiлiк төлем құжаттарында
мiндеттi түрде көрсетiлуге жатады.
     5. Нотариалдық кеңселер жеке адамдар үшiн сыйлау, мұраға 
қалдыру, сатып алу-сату операциялары жөнiндегi құжаттарды 
ресiмдегенде СТН-дi қоюға тиiс.
     6. Осы Ереже 1994 жылғы 1 ақпаннан бастап күшiне енгiзiледi.

            2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң құрылымы 
     
     7. СТН-дi белгiлеуде код берудiң фасеттiк жүйесi қабылданған.
СТН құрылымы мына үлгiден көрiнедi:
     XX                XX
     !___облыстың коды  !___салық инспекциясының нөмiрi

     XX               XX              XX
      !___заттық фасет !___рет нөмiрi  !___бақылау саны
     


      Бiрiншi фасет - облыстың коды. Код беру үшiн "Әкiмшiлiк-аумақтық органдарды белгiлеудiң жүйесi (ӘАОБЖ) жалпыодақтық сыныптау кодының 3,4 разрядтары пайдаланылады. Код беру жүйесi ретiмен келедi.
      Екiншi фасет - салық инспекциясының нөмiрi. Код беру жүйесi ретiмен келедi. Салық инспекциясының тiзбесi мен нөмiрлерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiнде қабылданған облыстар аудандарының кодтарына сәйкес болады.
      Үшiншi фасет - заттық фасет. Код беру жүйесi сериялы -ретiмен келедi.
      Заңды ұйымдар үшiн сериялар iшiнен код беру - Қаржы министрлiгiнiң жүйесiнде бекiтiлген кәсiпорындар топтары бойынша; жеке адамдар үшiн - салық инспекцияларында қабылданған салық алынатын аумақтық шағын учаскелер бойынша жүзеге асырылады.
      Төртiншi фасет - заттық фасет iшiндегi салық төлеушiнiң реттiк нөмiрi.
      Бесiншi фасет - "II модуль" алгоритмi бойынша нөмiрлер цифрлары кезектiлiгiнiң дұрыстығын бақылайтын сан.
      3-шi және 4-шi фасеттер iшiндегi нөмiрлер серияларының бөлiнiсiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы жүзеге асырады.

               3. Салық төлеушi заңды ұйымның тiркеме
                              нөмiрi

      8. Аудандық бөлiнуi жоқ аудандар, қалалар бойынша және қалалардағы аудандар бойынша салық инспекцияларында тiркелу кезiнде салық төлеушi заңды ұйымдарға СТН берiледi:
      9. СТН салық төлеушiнiң барлық салықтық мiндеттемелерi бойынша бiрыңғай болып табылады.
      10. Заңды ұйымды салық инспекциясы өзiнiң офисi орналасқан жерде тiркейдi. Салық инспекциясы салық төлеушiнi тiркеген кезде оған тiркелуi туралы анықтама бередi, онда оның СТН-ны туралы хабарланады және төлем мен басқа құжаттарда СТН-ы толтырудың тәртiбi, оның салықтық мiндеттемелерi түсiндiрiледi.
      11. Салық төлеушi есеп құжаттарында және банкiлiк төлем құжаттарында өзiнiң тiркелген нөмiрiн дәлме-дәл және айқын толтыруға мiндеттi.

              4. Салық төлеушi жеке адамның тiркеме нөмiрi

      12. Аудандық бөлiнуi жоқ аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық мiндеттемелерiнiң туындауы фактiсi жөнiнде салық инспекцияларында тiркелген кезде СТН салық төлеушi жеке адамдарға берiледi.
      13. СТН салық төлеушiнiң барлық салықтық мiндеттемелерi бойынша бiрыңғай болып табылады.
      14. Жеке адамдарды салық инспекциясы жеке адамның негiзгi тұратын жерi бойынша тiркейдi.
      Тұрағы негiзгi болмай салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушi оның туындаған жерi бойынша қосымша тiркеледi. Салық төлеушiнi тiркеген салық инспекциясы оның негiзгi тұратын жерiндегi салық инспекциясын хабардар етуi тиiс. Салық инспекциясын хабардар етуi тиiс. Салық инспекциясы салық төлеушiнi тiркеген кезде оған тiркелуi туралы анықтама бередi, онда оның СТН-сы хабарланады және төлемдiк құжаттарда СТН-ы толтырудың тәртiбi мен оның салықтық мiндеттемелерi түсiндiрiледi.
      15. Негiзгi тұрағы болып саналмайтын облыс аумағында коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi негiзгi тұратын жерi және қызмет орны бойынша тiркелуге тиiс.
      16. Жылжымайтын мүлiктi мұраға алған Қазақстан Республикасының азаматтары құрылыс жайы немесе жер учаскесi орналасқан аумақтағы салық инспекциясында тiркелуге мiндеттi.
      17. Қазақстан Республикасының аумағында табыс табатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар СТН бойынша басқа мемлекеттердiң азаматтары ретiнде ескерiлуi және өздерi коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырып жатқан аумақтағы салық инспекциясында тiркелуi тиiс.
      18. Жылжымайтын мүлiктi мұраға алған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар құрылыс жайы немесе жер учаскесi орналасқан мекенiне қарай басқа мемлекеттердiң азаматтары ретiнде СТН бойынша ескерiлуi тиiс және құрылыс жайы немесе жер учаскесi орналасқан аумақтағы салық инспекциясында тiркелуге мiндеттi.
      19. Салық төлеушi салық декларацияларында және банкiлiк төлем құжаттарында өзiнiң тiркелген нөмiрiн дәлме-дәл және айқын толтыруға мiндеттi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады