Қазақстан Республикасының Бас прокурорына сотталған адамдарды олар азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын өтеуге беру туралы мәселенi шешу жөнiнде өкiлеттiк беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 19 қаңтар 1994 ж. N 1511

      Қылмысты жазалауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзуге ықпал ететiн жағдайлар туғызу мақсатында, әрi iзгiлiк принципiне сүйенiп қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi сотталғандарды беру туралы халықаралық келiсiмдi бекiткенге дейiн Қазақстан Республикасының Бас прокурорына Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiнiң соттары соттаған азаматтарын, жазасын Қазақстан Республикасының аумағында өтеуге; ал Қазақстан Республикасының соттары соттаған шетел мемлекеттерiнiң азаматтарын жазасын сол мемлекеттердiң аумағында өтеуге беру туралы мәселелердi шешу жөнiнде өкiлеттiк берiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
                  Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады