Шаруашылықтардың өсiмдiк қорғау құралдарын импорт бойынша сатып алуына жағдай жасау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 25 сәуiр N 1681. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Республикаға өсiмдiк қорғау құралдарының 1994 жылы және одан кейiнгi жылдары орталықтандырылған импорттық берiлуiн тұрақты түрде қамтамасыз ету және олар үшiн шет ел фирмаларымен астықты экспорттау есебiнен есеп айырысу мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының астықты кейiннен сатудан алынатын түсiм есебiнен консигнациялық негiзде төлем жасай отырып Қазақстанға өсiмдiк қорғау құралдарын беру жөнiнде шет ел фирмаларымен жасасқан уағдаластықтары мақұлдансын.
      2. "Астық" және "Құнарлық" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары өсiмдiк қорғау құралдарын сатып алу жөнiндегi консигнация шарттарын орындау тәртiбiмен совхоздар, колхоздар, басқа шаруашылықтар мен астық қабылдау кәсiпорындарының арасында аталған өсiмдiк қорғау құралдарына шаруашылықтар өтiнiм берген құнға тең көлемде экспорттық шепке жеткiзiлген астық сатуға шарттар жасауды ұйымдастырсын.
      3. Тұтынушылардың алынатын өсiмдiк қорғау құралдарын әлемдiк бағамен сатып алатынын ескере отырып және олардың құнының, осы мақсаттар үшiн сатылатын астықтың балансының өзгеруiне жол бермеу мақсатында, ерекше жағдай ретiнде, "Қазақэспортастық" мемлекеттiк-

акционерлiк қоғамы осындай астықты сатудан алынған валюталық түсiмдi
мiндеттi түрде 50 процентке сатудан, сондай-ақ оған экспорттық
кедендiк салық төлеуден босатылсын.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi
     Алматы. 1994 ж. 25 сәуiр
             N 1681
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады