1994 жылғы көшіп келу квотасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 18 мамырдағы N 1701 Қаулысы

      "Көшіп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және көшіп келушілерді қоныстандыру мен жайғастыруды ұйымдастыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

       1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті ұсынған 1994 жылы шет елдерден көшіп келу квотасы қосымшаға сәйкес 7 мың отбасы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті көшіп келушілерді қоныстандыруды, орналастыруды, жайғастыруды ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын және аталған шараларға арнап Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік қорына түсімдер шегінде, бірақ 1994 жылдың республикалық бюджетінде осы мақсаттарға белгіленген шығыс сомасынан асырмай, қаржы ресурстары бөлінуін көздейтін болсын.
      Аталған қаржы облыстарға белгіленген көшіп келу квотасына сәйкес бөлінсін.

      3. облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкімдері:
      көшіп келушілерді топтап қоныстандыруға арналған аудандар мен елді мекендерді, олардың туыстық және шаруашылық-өндірістік байланысын, осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын ескере отырып, жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындарды, ұйымдар мен шаруашылықтарды бір ай мерзім ішінде анықтасын;
      көшіп келушілерді қабылдауды және жайғастыруды қамтамасыз етіп, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға шаралар қолданатын болсын;
      көшіп келушілердің тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметпен айналысуына жер учаскелерін бөлсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
1994 жылғы 18 мамырдағы
N 1701 қаулысына 
қосымша      

1994 жылғы көшіп келу квотасы туралы

Көшіп
келу-
шілер
орна-
ласа-
тын
облы-
стар

Ауған
-стан
мұсыл
-ман
мемле
-кеті

Иран
мұсыл
-ман
мемле-кеті

Қытай
Халық
Рес-
пуб-
лика-
сы

Мон-
ғо-
лия

Ресей
Феде-
ра-
циясы

Тәжік
Рес-
пуб-
лика-
сы

Түр-
кі-
мен-
стан

Тү-
рік
Рес-
пуб-
ли-
касы

Өз-
бек
Рес-
пуб-
ли-
касы

Бар-
лы-
ғы

Ақмола

-

-

-

150

300

-

-

-

-

450

Ақтөбе

-

-

-

150

200

-

-

-

40

390

Алматы

-

35

70

-

20

50

50

150

150

525

Атырау

60

-

-

-

50

-

100

-

-

210

Шығыс
Қазақ-
стан

-

-

100

200

100

-

-

 

-

400

Жамбыл

60

35

-

-

-

50

100

-

200

445

Жезқаз
-ған

-

-

50

150

50

-

-

-

-

250

Батыс
Қазақ-
стан

-

-

-

-

250

-

-

-

-

250

Қара-
ғанды

-

-

50

100

50

-

-

-

-

200

Қызыл-
орда

60

-

-

-

-

-

-

-

-

60

Көкше-
тау

-

-

-

200

100

-

-

-

-

300

Қоста-
най

-

-

-

150

200

-

-

-

-

350

Маңғыс
-тау

30

140

-

-

100

-

650

-

100

1020

Павло-
дар

-

-

-

200

100

-

-

-

-

300

Сол-
түстік
Қазақ-
стан

-

-

-

100

150

-

-

-

-

250

Семей

-

-

100

100

-

-

-

-

-

200

Талды-
қорған

-

-

100

250

-

50

-

-

-

400

Торғай

-

-

-

250

-

-

-

-

-

250

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан

90

40

-

-

-

50

90

50

300

620

Алматы
қаласы

-

-

30

-

-

-

10

10

10

60

Ленин-
ск қаласы

-

-

-

-

70

-

-

-

-

70

Бар-
лығы

300

250

500

2000

1740

200

1000

210

800

7000

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады