Халықаралық "Интеграция" қоры туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 15 қазан 1994 ж. N 1934. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      ТМД мемлекеттерiнiң, әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiнiң экономикада, саясатта, мәдениетте, өндiрiстiк және әлеуметтiк салаларда ынтымақтасу процесiн нығайту мен дамытудың маңызын, мемлекетаралық байланыстар қызметiнiң тетiгiн қалпына келтiру мен одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ Евразиялық Одақ құру жөнiндегi идеялар мен ой-ниеттердi iске асыру қажеттiгiн ескерiп, қаулы етемiн:
      1. Халықаралық "Интеграция" қорын (бұдан әрi Қор) құру мен оның жарғылық мақсаты мақұлдансын.
      2. Қорға ТМД елдерiмен және әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiмен әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда ынтымақтасудың үкiмет бағдарламаларын әзiрлеу мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi құқығы берiлсiн.
      3. Министрлер Кабинетi, министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қордың және оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдарының қалыптасу мен дамуына жан-жақты жәрдем мен көмек көрсететiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады