Ұлттық алюминий өнеркәсiбi кәсiпорындарының санациясы жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 22 желтоқсан N 1991

      Ұлттық алюминий өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын қаржылық сауықтыру, олардың берешегiнiң орнын жабу және төлем қабiлетiн қалпына келтiру, шетел инвестицияларын, озық технологиялары мен басқару тәжiрибесiн тарту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ұсынған "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамын, Торғай боксит кен басқармасын және Краснооктябрск боксит кен басқармасын санациялау бағдарламасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi:
     заңда белгiленген тәртiппен "Ертiс" республикалық технологиялық
концернiн тарататын болсын;
     концерннiң құрамында болған кәсiпорындардың басқарылуын оңтайлы
өтеу жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады