"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын Z952200_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар осы Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы өкiмет органдары мен облыстары әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң осы жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқауларын қайта қарау мен алып тастауды қамтамасыз етсiн.
      лицензияланған кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсiпкерлiк) жүзеге асырушы азаматтарды қызметтiң тиiстi түрiн лицензиялайтын мемлекеттiк органдарда қайта тiркеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады