Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2256

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығын U952255_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының Заң актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар бар Жарлығына сәйкес келтiру Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс берсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан

Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы"
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрiлсiн;
     Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарын
және мемлекеттiк комитеттерiнiң аталған Жарлыққа қайшы келетiн
өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын қайта қарауын
және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады