"Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 мамырдағы N 2298 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      өнiмдер мен тауарлар сату мен пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда, оларды жоюдың немесе одан әрi ұқсатудың тәртiбiн алты ай мерзiм iшiнде бекiтсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады