Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
1. Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату кодексiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
2. 1995 жылғы 1 қарашаға дейiн мыналар әзiрленiп, бекiтiлсiн:
мұнай және газ орындарын игерудiң Бiрыңғай ережелерi;
мұнай операцияларын жүргiзуге лицензия беру тәртiбi;
мұнай операцияларын жүргiзуге контрактiлер жасау тәртiбi;
мұнай операцияларын мiндеттi түрде сақтандыру тәртiбi мен шарттары;
теңiзде, iшкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғат және мәдениет объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу тәртiбi;
мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, бөгеттер, ғимараттар мен қондырғылар құрастыруға, оларды пайдалану мен iске асыруға рұқсат беру тәртiбi мен шарттары туралы ереже;
мұнай операцияларына байланысты су асты құбырлары мен кабельдер
орнату, тарту мен пайдалану кезiнде қауiпсiздiк және айналадағы ортаны қорғау ережелерi; мұнай операцияларына байланысты теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу тәртiбi. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi "Мұнай туралы" Заң күшi бар Жарлыққа сәйкес келтiрiлсiн. 4. Қазақстан Республикасының Министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары осы Жарлыққа қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерiнiң 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiн қайта қаралуы мен күшi жойылуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi