1995 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366

      "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың көшiп келуiн және оларды жайғастыруды ұйымдастыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi ұсынған Шет елдерден көшiп келудiң 1995 жылға арналған квотасы қосымшаға сәйкес 5 мың отбасы болып белгiленсiн;
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын:
      Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан басқын-репатрианттардың көшiп келуiн, оларды қабылдауды, жайғастыруды және бейiмделуiн ұйымдастыруға 250000 мың теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
      босқын-репатрианттардың отбасылары жинақы қоныстандырылатын

аудандар мен елдi мекендердi, сондай-ақ оларды жұмыспен 
қамтамасыз ететiн шаруашылықтардың тұрпатын айқындасын;
     олардың қабылдануын, жайғастырылуын және қажеттi 
әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсiн;
     тұрғын үй, отын, электр энергиясы және басқа коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу жөнiнде босқын-репатрианттарға жеңiлдiктер
көзделсiн.
     3. Осы Қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
     Президентi
                                    Қазақстан Республикасы
                                         Президентiнiң
                                    1995 жылғы 18 шiлдедегi
                                       N 2366 қаулысына
                                          қосымша
          Шет елдерден көшiп келудiң 1995 жылға арналған
                           Квотасы
-------------------------------------------------------------------
 Көшiп келушiлер  |Ауғанстан|Иран |Қытай|Монғолия|Ресей |Тәжiкстан
жiберiлетiн облыс | Ислам   |Ислам|Халық|        |Феде.-|Республи.-
                  |мемлекетi|Респ.|Респ.|        |рация.|касы
                  |         |     |     |        |сы    |
------------------------------------------------------------------
Ақмола                -        -     -     100     200      50
Ақтөбе                -        -     -      -      150       -
Алматы                -        -    120     40     30       50
Атырау                -        -     -      -      130      20
Шығыс Қазақстан       -        -     30     20     5         -
Жамбыл                30       30    65      -     25       50
Жезқазған             -        -     20     10     70       30
Батыс Қазақстан       -        -     -       -     60       -
Қарағанды             -        -     50     50     50       -
Қызылорда             -        -     -      -      10       -
Көкшетау              -        -     20     30     20       -
Қостанай              -        -     -      -     400       -
Маңғыстау             -       170    -      -     100       50
Павлодар              -        -     -      20    250       10
Солтүстiк Қазақстан   -        -     -      -     100       20
Семей                 -        -     50     -      70       -
Талдықорған           -        -     100    -      -        -
Торғай                -        -     5      30    10        -
Оңтүстiк Қазақстан    -        -     -      -      -        150
Алматы қаласы         -        -     10     5     35        10
    Барлығы           30      200   470    305   1715      440
------------------------------------------------------------------
  Көшiп келушiлер     |Түрiкменстан| Түрiк  | Өзбекстан|Барлығы
жiберiлетiн облыс     |            |Республи. Республи.|
                      |            | касы   |  касы    |
------------------------------------------------------------------
Ақмола                    50          -         50         450
Ақтөбе                    -           -         50         200
Алматы                    -           40        20         300
Атырау                    -           -         50         200
Шығыс Қазақстан           -           -         -          55
Жамбыл                    50          -         200        450
Жезқазған                 40          -         30         200
Батыс Қазақстан           -           -         -          60
Қарағанды                 -           -         -          150
Қызылорда                 40          -         -          50
Көкшетау                  -           -         -          70
Қостанай                  -           -         -          400
Маңғыстау                400          -         200        920
Павлодар                  20          -         -          300
Солтүстiк Қазақстан       -           -         -          120  
Семей                     -           -         -          120
Талдықорған               -           -         -          100
Торғай                    -           -         -          45
Оңтүстiк Қазақстан        80          20        500        750
Алматы қаласы             -           -         -          60
         Барлығы          680         60        1100       5000
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады