"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 1258 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын Z952368_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 1 тамызға дейiн:
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына сәйкес келтiрсiн.
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқамаларын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады