1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрсiн;
екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған мемлекеттiк банктерi мен акционерлiк Халық банкiнiң құқықтық мәртебесiн нақтылауға, олардың қызметiн мемлекеттiк реттеудiң принциптерi мен тетiгiн, қайта құру мен тарату тәртiбiн анықтауға шаралар қолданатын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
Ұлттық Банктiң нормативтiк актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрсiн;
1996 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде екiншi деңгейдегi банктердiң құрылтай құжаттарын осы Жарлықтың талаптарына сәйкестендiру жөнiнде шаралар қолдансын.
3. Осы Қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi