1В-ҚОСЫМША: ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САУДАСЫ БОЙЫНША БАС КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      Мүшелер,

      Әлемдік экономиканың өсуі мен дамуы үшін қызметтер көрсету саудасының өсіп келе жатқан мәнін тани отырып;

      Транспаренттілік пен пәрменді ырықтандыру жағдайларында көрсетілетін қызметтер саудасын кеңейту мақсатында және барлық сауда әріптестерінің экономикалық өсуіне жәрдемдесу мен дамып келе жатқан елдерді дамыту құралы ретінде мұндай сауда үшін қағидаттар мен қағидалардың көпжақты жүйесін құруға ниет білдіре отырып;

      Өзара пайда және құқықтар мен міндеттемелердің жалпы теңгерімін қамтамасыз ету негізінде, бұл ретте ұлттық саясатқа тиісті назар аудара отырып, барлық қатысушылардың мүдделерін ілгерлетуге бағытталған көпжақты келіссөздерге дәйекті раундтар өткізу жолымен қызметтер көрсету саудасын ырықтандыру деңгейін арттыруда прогреске тезірек қол жеткізуге ұмтыла отырып;

      Ұлттық саясат мақсаттарына қол жеткізу үшін және әртүрлі елдерде көрсетілетін қызметтерді реттеуді дамыту деңгейіне қатысты бар асимметрияны, осы құқықты іске асыруда дамып келе жатқан елдердің ерекше қажеттілігін ескере отырып, мүшелердің өз аумақтарында көрсетілетін қызметтердің жеткізілуін реттеу және жаңа реттеуді енгізу құқығын тани отырып;

      Қызметтер көрсету саудасында, оның ішінде дамып келе жатқан елдердің экспортты кеңейтуінде өзгелердің арасында олардың көрсетілетін қызметтер ұлттық аясының әлеуетін күшейту және оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы олардың өсіп келе жатқан қатысуын жеңілдетуге ұмтыла отырып;

      Даму, сауда және қаржы саласында ең аз дамыған елдердің ерекше экономикалық жағдайы мен қажеттіліктері аясында олардың маңызды қиыншылықтарын ерекше назарға ала отырып;

      Осымен мыналар туралы уағдаласады:

I БӨЛІМ
ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ АЙҚЫНДАУ САЛАСЫ

I-БАП
Қолдану және айқындау саласы

      1. Осы Келісім қызметтер көрсету саудасын қозғайтын мүшелердің шараларына қолданылады.

      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін қызметтер көрсету саудасы көрсетілетін қызметтерді жеткізу ретінде түсіндіріледі:

      (a) бір мүшенің аумағынан кез келген басқа мүшенің аумағына;

      (b) бір мүшенің аумағынан кез келген басқа мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысына;

      (c) кез келген басқа мүшенің аумағында коммерциялық болу жолымен бір мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысымен;

      (d) кез келген басқа мүшенің аумағында мүшенің жеке тұлғаларының болуы жолымен бір мүшенің көрсетілетін қызметтерді тұтынушысымен.

      3. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

      (а) "мүшелердің шаралары"

      (i) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер мен биліктер; және

      (ii) орталық, өңірлік немесе жергілікті үкіметтер мен биліктер өкілеттік берген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес органдар қабылдаған шараларды білдіреді;

      Осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде әрбір мүше оның иелігінде болуы мүмкін, өңірлік және жергілікті үкіметтер мен биліктер және оның аумағындағы үкіметтік емес органдардың сақтауын қамтамасыз ету үшін осындай ақылға сиятын шаралар қабылдайды;

      (b) "көрсетілетін қызметтер" кез келген секторда, үкіметтік емес биліктің функцияларын жүзеге асыру кезінде жеткізілетін қызметтерді қоспағанда кез келген көрсетілетін қызметті қамтиды;

      (с) " үкіметтік биліктің функцияларын жүзеге асыру кезінде жеткізілетін қызметтер" коммерциялық емес негізде және бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен бәсекелестік жағдайларында емес жеткізілетін кез келген көрсетілетін қызметті білдіреді.

II БӨЛІМ
ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАР

II-БАП
Неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимi

      1. Осы Келісімде қамтылған кез келген шараға қатысты әрбір мүше дереу және сөзсіз көрсетілетін қызметтерге және кез келген басқа мүшенің қызметтерді жеткізушісіне ол ұқсас қызметтер немесе кез келген басқа елдің қызметтерінің өнім берушілері үшін беретін режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      2. Мүше осындай шара алып қоюлар тізбесіне енгізілген және II баптан алып қою бойынша Қосымшаның талаптарына жауап берген жағдайда 1-тармаққа сәйкес келмейтін шараны сақтауы мүмкін.

      3. Осы Келісімнің ережелері осындай аумақтар шеңберінде өндірілетін және тұтынылатын қызметтер алмасудың шекара маңы аумақтары шегінде жеңілдету мақсатында шектес елдерге қатысты артықшылықтарды кез келген мүшенің беруіне немесе ұсынуына кедергі келтіруі ретінде түсіндірілуі мүмкін емес.

III-БАП
Транспаренттілік

      1. Әрбір мүше кідіріссіз және төтенше міндеттемелерді қоспағанда олардың күшіне ену уақытынан ең кеш мерзімде осы Келісімнің жұмыс істеуіне немесе оны қозғауына қатысы бар жалпы қолданыстағы барлық тиісті шараларды жариялайды. Сонымен қатар, қызметтер көрсету саудасына немесе оны қозғайтын қол қойған тарап болып табылатын мүшеге қатысы бар халықаралық келісімдер жарияланады,

      2. 1-тармақта айтылған жарияланым іс жүзінде жүзеге асырылмаған жерде ақпарат жалпы назарға өзгеше жеткізіледі.

      3. Әрбір мүше кідіріссіз немесе кемінде жылына бір рет Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті қолданыстағы заңдар, нормативтік актілер немесе қызметтер көрсету саудасын елеулі қозғайтын, осы Келісім бойынша қабылданған оның ерекше міндеттемелерімен қамтылатын әкімшілік өкімдердегі жаңа немесе қандай да бір өзгерістерді қабылдау туралы хабардар етеді.

      4. Әрбір мүше кідіріссіз 1-тармақтағы мәнде жалпы қолданылатын кез келген шаралар немесе халықаралық келісімдерге қатысы бар нақты ақпаратқа қатысты кез келген басқа мүшенің барлық сауалдарына жауап береді. Әрбір мүше сонымен қатар олардың сауалы бойынша басқа мүшелерді нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 3-тармаққа сәйкес барлық осындай мәселелер бойынша, сондай-ақ хабарлауға жататын мәселелер бойынша бір немесе бірнеше ақпараттық тармақтарды құрайды. Осындай ақпараттық тармақтар ДСҰ құратын Келісім күшіне енген күннен бастап (бұдан әрі осы Келісімде - "ДСҰ туралы Келісім") екі жыл ішінде құрылады. Жеке дамып келе жатқан мүше елдер үшін ақпараттық тармақтарды құру мерзімдеріне қатысты белгілі бір икемділік келісілуі мүмкін. Ақпараттық тармақтар заңдар мен нормативтік актілердің депозитарийлері болуға тиіс емес.

      5. Әрбір мүше Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті басқа мүше қабылдаған кез келген шара туралы хабардар ете алады, ол оның пікірінше осы Келісімнің жұмыс істеуін қозғайды.

III БИС БАП
Құпия ақпаратты ашу

      Осы Келісімдегі ештеңе де қандай да бір мүшеден ашылуы заңды қолдануға кедергі келтіретін немесе өзге жолмен қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жеке мемлекеттік не болмаса жеке кәсіпорындардың коммерциялық мүдделеріне залал келтіретін құпия ақпаратты ұсынуды талап етпейді.

IV-БАП
Дамушы елдердің қатысуының өсуі

      1. Халықаралық саудаға дамушы мүше елдердің қатысуының өсуі мыналарға қатысты осы Келісімнің III және IV бөліктеріне сәйкес келіссөздер нәтижесінде әртүрлі мүшелер қабылдаған ерекше міндеттемелер арқылы жеңілдейді:

      (а) олардың көрсетілетін қызметтер саласының ұлттық әлеуетін күшейту, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін, өзгеше арасында, коммерциялық талаптарда технологияға қолжетімділік жолымен арттыру;

      (b) олардың тарату арналарына және ақпараттық желілерге қолжетімділігін жақсарту; және

      (с) секторларда және жеткізу тәсілдеріне қатысты экспорт тұрғысынан оларға маңызды болып табылатын нарыққа қолжетімділікті ырықтандыру.

      2. Дамушы мүше елдер мен мүмкіндігінше басқа мүшелер:

      (а) қызметтерді жеткізудің коммерциялық және техникалық аспектілеріне;

      (в) кәсіби біліктілікті тіркеуге, тануға және алуға; және

      (с) қызметтер саласында технологиялардың қолжетімділігіне қатысты тиісті нарықтарға қатысты ақпаратқа дамушы мүше мемлекеттерден көрсетілетін қызметтер өнім берушісінің қолжетімділігін жеңілдету үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде арнайы байланыс тармақтарын құрады.

      3. 1 және 2-тармақтардың орындалуына қатысты айрықша басымдылық аз дамыған мүше елдерге беріледі. Аз дамыған елдердің келіссөздер барысында ерекше міндеттемелерді қабылдаулары кезінде маңызды қиындықтарға, олардың ерекше экономикалық жағдайы мен даму, сауда мен қаржы саласындағы қажеттіліктерін ескере отырып, айрықша назар аударылады.

V-БАП
Экономикалық интеграция

      1. Осы Келісім оның мүшелерінің ешқайсысына қатысуға немесе егер мұндай келісім:

      (а) секторлардың елеулі санын қамтыған және

      (b) кемсітушілікке жол бермейді немесе елеулі шамада:

      (i) бар кемсітушілік шараларын жою және/немесе

      (ii) жаңа немесе неғұрлым кемсітушілік шараларына жол бермеу арқылы (а) тармақшасымен қамтылған секторларда тараптар мен олардың арасындағы XVII баптың мағынасында кез келген кемсітушілікті жойған жағдайларда,

      немесе XI, XII, XIV және XIV бис баптарына сәйкес рұқсат берілген шараларды қоспағанда, мұндай келісім күшіне енген немесе тиісті уақыт кезеңі ішінде тараптар арасындағы немесе мұндай келісімнің тараптары арасында қызметтер көрсету саудасын ырықтандыруға бағытталған қандай да бір келісімді жасауға кедергі келтірмейді.

      2. 1(b)-тармағында айтылған талаптар сақталатынын бағалау кезінде қозғалған елдер арасында экономикалық интеграция немесе сауданы ырықтандырудың неғұрлым кең процесіндегі келісімнің рөліне назар аударылуы мүмкін.

      3. (а) Егер дамушы елдер 1-тармақта айтылатын типтегі келісімдердің тараптары болса, 1-тармақта белгіленген талаптарға қатысты, оның (b) тармақшасында айтылған ерекшелікте, тұтастай алғанда және жеке секторлар мен кіші секторларда сияқты қатысушы елдердің даму деңгейіне сәйкес икемділік қамтамасыз етіледі.

      (b) 6-тармаққа қарамастан, тек қана дамушы елдерді қамтитын 1-тармақта айтылған типтегі келісім жағдайында осындай келісім тараптарының жеке тұлғаларына немесе олар бақылайтын заңды тұлғаларға неғұрлым қолайлы режим ұсынылуы мүмкін.

      4. 1-тармақта айтылған кез келген келісімнің қорытындысының мақсаты оның қатысушылары арасындағы сауданың жеңілдеуі болып табылады; ол осы келісімге қатыспайтын кез келген мүшеге қатысты ұқсас келісімнің қорытындысына дейін қолданылған деңгеймен салыстырғанда белгілі бір секторлар немесе кіші секторларда көрсетілетін қызметтер саудасында кедергілердің жалпы деңгейінің ұлғаюына әкеп соқпауы тиіс.

      5. 1-тармақта айтылған кез келген келісімді жасасу, кеңейту немесе кез келген елеулі өзгерту жағдайында мүше оның міндеттемелер тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес емес қандай да бір ерекше міндеттемені қайтарып алу немесе өзгертуге ниеттенген жағдайда, онда ол алдын ала ең болмағанда 90 күн ішінде осындай өзгеріс немесе қайтарып алу туралы алдын ала хабарлама жібереді және осы жағдайда XXI баптың 2, 3 және 4-тармақтарында баяндалған рәсім қолданылады.

      6. 1-тармақта айтылған келісім тарапының заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлға болып табылатын кез келген басқа мүшенің өнім берушісі ол осы келісім тарапының аумағында іскерлік операцияларды жүзеге асырған жағдайда осындай келісімге сәйкес ұсынылатын режимді пайдалануға құқылы.

      7. (а) 1-тармақта айтылған кез келген келісімінің тараптары болып табылатын мүшелер кідіріссіз мұндай келісім туралы, сондай-ақ мұндай келісімді кеңейту немесе елеулі өзгерту туралы Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті хабардар етеді. Олар сондай-ақ Кеңес үшін соңғысы сұратуы мүмкін осындай тиісті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кеңес мұндай келісімді немесе оны кеңейту немесе өзгертуді қарайтын және оның осы бапқа сәйкестігін айтатын жұмыс тобын құра алады.

      (b) 1-тармақта айтылған уақытша кестенің негізінде іске асырылатын кез келген келісімінің тараптары болып табылатын мүшелер кезең-кезеңмен Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңеске оның іске асырылу барысы туралы баяндайды. Кеңес егер ол осындай жұмыс тобын қажетті деп есептесе осындай баяндамаларды зерделеу үшін жұмыс тобын құра алады.

      (с) (а) және (b) тармақшаларында айтылған жұмыс топтарының баянадамаларын негізге ала отырып, Кеңес егер ол қажет деп санаса келісім тараптарына ұсынымдар бере алады.

      8. 1-тармақта айтылған кез келген келісімге қатысушы болып табылатын мүше осындай келісімнен басқа мүшеде пайда болуы мүмкін сауда пайдаларына байланысты өтемақы туралы мәселені қоя алмайды.

V БИС БАП
Жұмыс күші нарықтарының интеграциясы туралы келісім

      Осындай Келісім:

      (а) келісім тараптарының азаматтарын тұратын жері мен жұмысқа рұқсат алуға қатысты талаптардан босатқан;

      (b) ол туралы хабарлама Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңеске жіберілген жағдайларда осы Келісім тараптар арасындағы немесе осындай келісім тараптары арасындағы жұмыс тобы нарықтарының толық интеграциясын құратын оның кез келген мүшесіне кедергі келтірмейді.

VI-БАП
Ішкі реттеу

      1. Ерекше міндеттемелер қабылданған секторларда әрбір мүше қызметтер көрсету саудасын қозғайтын жалпы қолданыстағы барлық шаралар ақылға қонымды, объективті және қалтқысыз жолмен қолданылуын қамтамасыз етеді.

      2. (а) Әрбір мүше мүдделері қозғалған көрсетілетін қызметтер өнім берушісінің сауалы бойынша сот, төрелік немесе әкімшілік органдар немесе рәсімдерді мүмкіндігінше тезірек сақтайды немесе құрайды, мүлтіксіз қарауды және ол негізделген кезде қызметтер көрсету саудасын қозғайтын әкімшілік шешімдерді тиісінше түзетуді қамтамасыз етеді. Көрсетілген рәсімдер мұндай әкімшілік шешімдерді қабылдауға уәкілетті органға тәуелсіз болып табылмаған жағдайларда мүше рәсімдер шынымен объективті және қалтқысыз қамтамасыз ету үшін қамтамасыз етеді.

      (b) (а) тармақшасының ережелері осындай органдар мен рәсімдер құру бойынша мүшеге қойылатын талаптар ретінде түсіндірілмейді, өйткені оның конституциялық тәртібімен немесе оның сот жүйесінің болмысымен үйлеспейді.

      3. Ерекше міндеттеменің қабылдануына қатысты көрсетілетін қызметті жеткізуге рұқсат талап етілген кезде мүшенің құзыретті органдары ұлттық заңнама мен қағидаларға сәйкес ресімделген болып есептелген өтінім ұсынылғаннан кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өтінішке қатысты шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша мүшенің құзыретті органдары артық кідіріссіз өтінімге қатысты істердің жағдайы туралы ақпарат береді.

      4. Біліктілік талаптарына және рәсімдерге, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына қатысы бар шаралардың қызметтер көрсету саудасында ақталмаған кедергілерді құрмауын қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңес ол құра алатын тиісті органдар арқылы кез келген қажетті қағидалар әзірлейді. Осы қағидаларда өзгелермен қатар осындай талаптарды қамтамасыз ету мақсаты бар:

      (а) құзыреттілік пен көрсетілетін қызметтерді жеткізу қабілеттілігі сияқты объективті және жария түрдегі критерийлерге негізделген;

      (b) көрсетілетін қызметтерің сапасын қамтамасыз ету қажеттілігінен аса ауыртпалықты болған жоқ;

      (с) лицензиялау рәсімдерінің жағдайында - көрсетілетін қызметтерді жеткізуге өздігінен шектеулі болып табылмайды.

      5. (а) Мүше 4-тармаққа сәйкес осы секторлар үшін әзірленген қағидалардың күшіне енуіне дейін ерекше міндеттемелер қабылдаған секторларда мүшелер:

      (i) (а), (b) немесе (с); тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмесе; және

      (ii) осы секеторларда ерекше міндеттемелер қабылданған уақытта осы мүшенің тарапынан ақылға қонымды күте алмаған кездегі тәсілмен мұндай ерекше міндеттемелерді жоятын немесе бәсеңдететін лицензиялық немесе біліктілік талаптары мен техникалық стандарттарды қолданбайды.

      (b) 5(а) тармағы бойынша мүшенің міндеттемелерді орындауын айқындау үшін олар қолданатын тиісті халықаралық ұйымдардың халықаралық стандарттарына назар аударылады.

      6. Кәсіби қызметтерге қатысты ерекше міндеттемелер қабылданған секторларда әрбір мүше кез келген басқа мүшенің кәсіпқойларының құзыреттілігін тексеру үшін барабар рәсімдерді қамтамасыз етеді.

VII-БАП
Тану

      1. Қызметтерді жеткізушілерге рұқсат беру, лицензиялау немесе сертификаттауға қатысты және 3-тармақтың талаптарын ескере отырып өз стандарттары немесе критерийлерін толық немесе ішінара орындау мақсатында мүше алынған білімді немесе жинақталған тәжірибені, орындалған талаптарды, сондай-ақ белгілі бір елде берілген лицензияларды немесе сертификаттарды тани алады. Үндестіру немесе өзге тәсілмен қол жеткізілуі мүмкін мұндай мойындау тиісті елмен келісім немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіпте ұсынылуы мүмкін.

      2. 1-тармақта қазір немесе болашақта айтылған типтегі келісімнің немесе уағдаластықтың тарапы болып табылатын мүше басқа мүдделі мүшелерге олардың осындай келісімге немесе уағдаластыққа қосылуы туралы келіссөздер жүргізудің немесе тиісті келісімдер немесе уағдаластықтар жасау туралы келіссөздер жүргізудің тиісті мүмкіндігін береді. Егер мүше тануды біржақты тәртіпте жүзеге асырса, онда ол кез келген басқа мүшеге соңғысының аумағында алынған білім, тәжірибе, лицензиялар немесе куәліктер немесе орындалған талаптар танылуы тиіс екенін көрсететін тиісті мүмкіндікті береді.

      3. Мүше тану елдер арасында көрсетілетін қызметтер өнім берушісіне рұқсат беру, лицензиялау немесе сертификаттау беру үшін оның стандарттарын немесе критерийлерін қолдануда кемсітушілік құралы болмауы немесе қызметтер көрсету саудасында жасырын шектеумен жүзеге асырмауы тиіс.

      4. Әрбір мүше:

      (а) ол үшін ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап 12 ай ішінде Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті өзінің тану бойынша бар шаралары және осындай шаралар 1-тармақта айтылған типтегі келісімдерге немесе уағдаластықтарға негізделетіні туралы хабардар етеді;

      (b) мүлтіксіз және мүмкіндігінше алдын ала Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті 1-тармақта айтылған келісім немесе уағдаластық бойынша келіссөздердің басталуы туралы кез келген басқа мүшеге олардың елеулі сатыға кіруіне дейін осындай келіссөздерге қатысуына қатысты өз мүддесін білдіруге тиісті мүмкіндік беру үшін хабардар етеді;

      (с) тану саласында жаңа шараларды қабылдау немесе олардың елеулі өзгеруі кезінде Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңес 1-тармақта айтылған типтегі келісімдер немесе уағдаластықтарға негізделді ме соны хабарлайды.

      5. Мүмкіндігінше, тану көпжақты деңгейде келісілген критерийлерге негізделуі тиіс. Тиісті жағдайларда, мүшелер қызметтер саласында тиісті сабақтар мен кәсіби қызмет үшін тану және жалпы халықаралық стандарттар үшін жалпы халықаралық стандарттар мен критерийлерді әзірлеуде және қабылдауда тиісті үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта болады.

VIII-БАП
Монополиялар мен айрықша қызметтерді жеткізушілер

      1. Әрбір мүше тиісті нарықта қызметті монополиялық жеткізу кезінде оның аумағында көрсетілетін қызметтер кез келген монополиялық өнім берушісінің II бап және оның ерекше міндеттемелері бойынша осы мүшенің міндеттемелеріне сәйкес келмейтін жолмен әрекет етпеуін қамтамасыз етеді.

      2. Егер мүшенің монополиялық өнім берушісі өзінің монополиялық құқықтарының саласынан тыс қызметті жеткізген кезде тікелей немесе аффилиирленген компания арқылы бәсекелессе және егер осы қызмет осы мүшенің ерекше міндеттемелерінің мәні болып табылса, онда мүше осындай өнім берушінің оның аумағында осындай міндеттемелерге сәйкес келмейтін жолмен әрекет ете отырып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланбағанын қамтамасыз етеді.

      3. Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңес кез келген мүшенің сауалы бойынша оның кез келген басқа мүшесі қызметінің монополиялық өнім берушісі 1 және 2-тармақтарға сәйкес келмейтін жолмен әрекет етті деп санау негіздемесі болса, ол осындай өнім берушіні құратын, сақтайтын немесе уәкілеттілік беретін мүшені тиісті операцияларға қатысты нақты ақпаратты ұсынуды сұрауы мүмкін.

      4. Егер ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен кейін мүше оның ерекше міндеттемелерімен қамтылған қызметтерді жеткізуге қатысты монополиялық құқықтарды береді, онда монополиялық құқықтарды берудің жоспарланған жүзеге асырылуына дейін үш айдан кешіктірмей осы мүше Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті осы туралы хабардар етеді және бұл ретте XXI баптың 2, 3 және 4-тараптарының ережелері қолданылады.

      5. Осы баптың ережелері, сондай-ақ егер мүше формалдық немесе іс жүзінде көрсетілетін қызметтер қызметтерді жеткізушілердің аз санына уәкілеттік беретін немесе құратын және (b) елеулі өз аумағындағы осындай өнім берушілері арасындағы бәсекені шектейтін болса, айрықша қызметтерді жеткізушілерге қолданылады.

IX-БАП
Іскерлік тәжірибе

      1. Мүшелер қызметтерді жеткізушілердің іскерлік тәжірибесінің VIII бапқа жататыннан өзгеше белгілі бір түрлері бәсекелестікті тежей алатыны және осылайша қызметтер көрсету саудасын шектеуі мүмкін екенін таниды.

      2. Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің сұрауы бойынша 1-тармақта айтылған тәжірибе түрлерін жою мақсатында консультациялар алады. Оған жүгінетін мүше мұндай сұрауға толығымен және мейірбандықпен назарын аударады және осы мәселеге қатысты жалпыға қолжетімді құпия емес ақпаратты беру жолымен ынтымақтастықта болады. Оған жүгінетін мүше сонымен қатар сұрау салатын мүшеге оның ішкі заңнамасына сәйкес және сұрау салатын мүше тарапынан оның құпиялылығын қорғауға қатысты қолайлы уағдаластыққа қол жеткізу жағдайларында бар басқа ақпаратты ұсынады.

X-БАП
Төтенше қорғау шаралары

      1. Кемсітушілік емес қағидатына негізделген төтенше қорғау шараларының мәселесі бойынша көпжақты келіссөздер жүргізілетін болады. Осындай келіссөздердің нәтижелері ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей күшіне енеді.

      2. 1-тармақта айтылған келіссөздер нәтижелері күшіне енгенге дейінгі кезеңде кез келген мүше XXI баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңесті өзінің осы міндеттеме күшіне енген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қандай да бір ерекше міндеттемені өзгерту немесе кері қайтару ниеті туралы егер осы мүше Кеңеске өзгерту немесе кері қайтару XXI баптың 1-тармағында көзделген үш жылдық мерзім өткенін күте алмау себебін көрсеткен жағдайда хабарлай алады.

      3. 2-тармақтың ережелері ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап үш жылдан кейін өз күшін жояды.

XI-БАП
Төлемдер мен аударымдар

      1. XII бапта көзделген міндеттемелерді қоспағанда мүше оның ерекше міндеттемелеріне қатысты халықаралық аударымдар мен ағымдағы операциялар бойынша төлемдерге қатысты шектеулерді қолданбайды.

      2. Осы Келісімдегілердің бәрі, Келісімнің баптарына сәйкес келетін валюталық операцияларды жүргізуді қоса алғанда, Қор туралы Келісімнің баптарына сәйкес егер мүше XII бапта айтылған немесе Қордың өтініші бойынша жағдайларды қоспағанда осы операцияларға қатысты оның ерекше міндеттемелеріне сәйкес келмейтін капиталмен қандай да бір операцияларға шектеулер белгілемеген жағдайда халықаралық валюта қоры мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

XII-БАП
Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер

      1. Төлем теңгерімімен және сыртқы қаржы қиындықтарымен немесе қатерлермен маңызды қиындықтар жағдайында мүше осы міндеттемелерге қатысты операциялар бойынша төлемдер мен аударымдарды қоса алғанда, оған қатысты ол ерекше міндеттемелер қабылдаған қызметтер көрсету саудасына шектеулерді белгілеуі немесе сақтауы мүмкін. Экономикалық даму процесінде немесе өтпелі экономика жағдайларындағы мүшенің төлем теңгеріміне ерекше қысымды оның экономикалық даму немесе өтпелі экономика бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жеткілікті өзгелермен қатар қаржы резервтерінің деңгейін сақтауды қамтамасыз ету үшін шектеулерді қолдану қажеттілігін туындатуы мүмкін екендігі танылады.

      2. 1-тармақта айтылған шектеулер:

      (а) мүшелер арасында кемсітушіліктер жасамауы тиіс;

      (b) Халықаралық валюта қоры туралы келісімнің баптарына сәйкес келуі қажет;

      (с) кез келген басқа мүшенің коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне артық залал келтіруді шеттететіндей болуы тиіс;

      (d) 1-тармақта баяндалған міндеттемелер кезінде қажеттілік шегінен шықпауы тиіс;

      (e) 1-тармақта көрсетілген жағдайдың жақсаруына байланысты уақытша және біртіндеп шеттетілуі тиіс.

      3. Осындай шектеулердің қолданылу саласын айқындау кезінде мүшелер олардың экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін неғұрлым маңызды болып табылатын қызметтерді көрсетуге басымдық беруі мүмкін.

      4. 1-тармаққа сәйкес белгіленген немесе сақталған кез келген шектеулер немесе олардағы кез келген өзгерістер Бас кеңеске кідіріссіз хабарлау мәні болып табылады.

      5. (а) Осы баптың ережелерін қолданатын мүшелер кідіріссіз осы бапқа сәйкес қабылданған шектеулерге қатысты төлем теңгеріміне байланысты Шектеулер жөніндегі кеңеспен консультациялар жүргізеді.

      (b) Министрлер конференциясы ол қолайлы деп есептеуі мүмкін қозғалған мүшеге қатысты осындай ұсынымдарды шығару үшін мүмкіндіктерді құру мақсатында кезең-кезеңмен консультациялар үшін рәсімдер белгілейді.

      (с) Осындай консультациялар барысында тиісті мүшенің төлем теңгерімімен ахуал және өзгелермен қатар мынадай:

      (i) төлем теңгерімі мен сыртқы қаржы қиындықтарымен қиындықтардың сипаты мен ауқымдарын;

      (ii) консультация алған мүше болған сыртқы экономикалық және сауда ахуалын;

      (iii) иелікте болуы мүмкін баламалы түзетілетін шаралар сияқты факторларды назарға ала отырып, осы бапқа сәйкес белгіленген немесе сақталатын шектеулер бағаланады.

      (d) Консультациялар кез келген шектеулерді 2-тармаққа әсіресе 2-тармаққа (е) сәйкес олардың біртіндеп жойылуына қатысты сәйкес келтіруге бағытталуы тиіс.

      (е) Осындай консультациялар барысында шетел валютасы, валюта резервтері мен төлем теңгеріміне қатысты Халықаралық валюта қоры ұсынған статистикалық және басқа фактілердің барлық деректері танылады және қорытындылар Төлем теңгерімінің қоры және консультацияланған мүшенің сыртқы қаржылық жағдайымен бағалауға негізделеді.

      6. Егер Халықаралық валюта қорының мүшесі болып табылмайтын мүше осы баптың ережелерін қолдануға ниетін білдірсе, Министрлер конференциясы қарау рәсімін және кез келген басқа қажетті рәсімдерді әзірлейді.

XIII-БАП
Үкіметтік сатып алулар

      1. II, XVI және XVII баптар Үкіметтің мақсаты үшін және коммерциялық қайта сату мақсатында емес немесе коммерциялық іске асыру үшін қызметтерді жеткізу кезінде пайдалану мақсатында Үкіметтік мекемелердің қызметтерді сатып алуын реттейтін заңдарға, қағидаларға немесе талаптарға қолданылмайды.

      2. ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап екі күн ішінде осы Келісім шеңберінде қызметтерді үкіметтік сатып алу мәселелері бойынша көпжақты келіссөздер жүргізілетін болады.

XIV-БАП
Жалпы ережеге бағынбайтын жағдайлар

            Егер осындай шаралар қызметтердің саудасы үшін ұқсас жағдайлар немесе жасырын шектеулер басым болатын елдер арасында туынды немесе дәлелсіз кемсітушіліктің құралдарын құратын тәсілмен қолданылмайтын болса, осы Келісімдегі ештеңе де кез келген мүшеге шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі ретінде түсіндірілмейді:

      (а) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті ұстау үшін қажетті

      (b) адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;

      (с) мыналарға қатысы бар:

      (i) қызметтер саласында жаңылуға әкелетін және жосықсыз тәжірибе немесе келісімшарттардың сақталмау салдарының жолын кесу;

      (ii) жеке сипаттағы мәліметтерді өңдеу және тарату және жеке өмірі мен шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау кезінде жеке тұлғалардың жеке өміріне араласудан қорғау;

      (iii) қауіпсіздікті қоса алғанда осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келетін заңдар мен қағидалардың сақталуы үшін қажетті;

      (d) режимдегі айырмашылық тікелей салық салу немесе басқа мүшелердің қызметтері немесе қызметердің өнім берушілеріне қатысты оларды әділ немесе тиімді алуды қамтамасыз ету талпынысымен жазылған жағдайда XVII сәйкес келмейтін;

      (е) режимге қатысты айырмашылық екі рет салық салуды болдырмау немесе қандай да бір басқа халықаралық келісімде немесе мүше байланысты болған уағдаластық шеңберінде екі рет салық салуды болдырмау туралы ережелер туралы келісімнің нәтижесі болып табылатын жағдайда II бапқа сәйкес келмейтін.

XIV БИС БАП
Қауіпсіздік пікірлері бойынша ережеге бағынбайтын жағдайлар

      1. Осы Келісімдегі ештеңе де:

      (а) кез келген мүшеге ашылуын ол оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қайшы келді деп қарайтын қандай да бір ақпаратты ұсыну талабы; немесе

      (b) кез келген мүше үшін оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын кез келген әрекеттерді қолдануға кедергі:

      (i) әскери мекемені жабдықтау мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын қызметтерді жеткізуге қатысты;

      (ii) ыдыратқыш немесе термоядролық материалдарға немесе олар алынған материалдарға қатысты;

      (iii) соғыс кезінде немесе халықаралық қатынастарда басқа төтенше жағдайларда қабылданған; немесе

      (с) кез келген мүше үшін халықаралық қауіпсіздікті және татулықты сақтау мақсатында Бірлескен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес оның міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекеттерді қолдануға кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 1(b) және 1 (c) тармақтарына сәйкес қабылданған шаралар туралы және неғұрлым толық ықтимал деңгейде олардың тоқтатылуы туралы хабардар етіледі.

XV-БАП
Субсидиялар

      1. Мүшелер белгілі бір міндеттемелер кезінде субсидиялар көрсетілетін қызметтер саудасына бұрмаланған әсер етуі мүмкін екендігін мойындайды. Мүшелер саудаға осындай бұрмаланған әсерді болдырмау үшін қажетті көпжақты қағидаларды әзірлеу мақсатында келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер өтемақы шаралары рәсімдерінің қолайлылығын қарауды да қамтуы тиіс. Осындай келіссөздер дамушы елдердің даму бағдарламаларына қатысты субсидиялар рөлін тануы және мүшелердің қажеттілігін әсіресе осы саладағы икемділікте дамушы мүше мемлекеттердің қажеттілігін назарға алуы тиіс. Осындай келіссөздердің мақсаттары үшін мүшелер көрсетілетін қызметтер саудасына қатысты олар өзінің қызметтердің ұлттық өнім берушілеріне ұсынатын барлық субсидиялар туралы ақпарат алмасады.

      2. басқа мүшенің субсидиялары оның мүдделеріне залал келтіреді деп санайтын кез келген мүше аталған мәселелер бойынша осындай мүшемен консультациялар сұрауы мүмкін. Осындай сұраулар ізгі ниетпен қабылдануы тиіс.

III БӨЛІМ
ЕРЕКШЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

XVI-БАП
Нарыққа колжетімділік

      1. Нарыққа колжетімділікке қатысты I-бапта айқындалған жеткізу тәсілдері арқылы әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметтеріне және қызметтерінің өнім берушілеріне оның тізбесінде келісілген және көрсетілген шектерге, шектеулерге және жағдайларға сәйкес ұсынылатын қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      2. Нарыққа қолжетімділік туралы міндеттемелер алынған секторларда мүше егер өзгеше өңірлік бөлу шеңберінде немесе барлық аумақта сақтамайтын немесе белгілемейтін шаралар:

      (а) экономикалық орындылыққа сандық квоталар, монополиялар, қызметтердің айрықша өнім берушілері немесе тест талаптары нысанында немесе қызметтердің өнім берушілерінің санының шектеулері;

      (b) квоталар немесе экономикалық орындылыққа тест талаптары нысанында қызметтер бойынша мәмілелердің немесе активтердің жалпы құнының шектеулері;

      (с) квоталар немесе экономикалық орындылыққа тест талаптары нысанында өлшемнің белгіленген сандық бірліктері түрінде көрсетілген қызметтермен операциялардың жалпы санын немесе қызметтер өндірісінің жалпы көлемінің шектеулері;

      (d) квоталар немесе экономикалық орындылыққа тест талаптары нысанында белгілі бір қызметті жеткізуге қажетті және тікелей қатысы бар қызметтердің өнім берушісі жалдауы мүмкін қызметтердің белгілі бір секторында немесе жеке тұлғалардың қатарында жұмыспен қамтылуы мүмкін жеке тұлғалардың жалпы санының шектеулері;

      (е) заңды тұлғаларды немесе бірлескен кәсіпорындарды шектейтін немесе олар арқылы қызметтің өнім берушісі қызметті жеткізуі мүмкін олардың айқындалған нысандарын талап ететін шаралар; және

      (f) акционерлік қоғамға шетелдік қатысудың барынша жоғары үлесінің нысанында немесе жеке не болмаса жиынтық шетелдік инвестициялардың жалпы құнымен шетелдік капиталдың қатысуына шектеулер ретінде айқындалады.

XVII-БАП
Ұлттық режим

      1. Оның Тізбесінде қамтылған секторларда және онда айтылған жағдайлар мен талаптарда әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметтері мен қызметтерінің жеткізушілеріне қызметтерді жеткізуді қозғайтын барлық шараларға қатысты ұқсас отандық қызметтерге немесе қызметтердің өнім берушілеріне ол ұсынатын қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.

      2. Мүше кез келген басқа мүшенің қызметтері мен қызметтерінің өнім берушілеріне қызметтерді немесе формалды түрде осындай режимді немесе формалды түрде ол өзінің ұқсас қызметтеріне немесе қызметтердің өнім берушілеріне ұсынатын жақсы режимді ұсыну жолымен 1-тармақтың талаптарын орындауы мүмкін.

      3. Формалды түрде осындай немесе формалды түрде жақсы режим егер ол бәсекелестік жағдайларын кез келген басқа мүшенің ұқсас қызметтері мен қызметтерінің жеткізушілерімен салыстырғанда қызметтердің немесе осы мүшенің қызметтерінің жеткізушілерінің пайдасына өзгертсе аз қолайлы болып есептеледі.

XVIII-БАП
Қосымша міндеттемелер

      Мүшелер XVI немесе XVII баптарына сәйкес міндеттемелер Тізбесіне енгізуге жатпайтын қызметтер көрсету саудасын қозғайтын шараларға қатысты, оның ішінде біліктілік, стандарттар мен лицензиялау мәселелеріне қатысы бар міндеттемелер туралы келіссөздер жүргізуі мүмкін. Осындай міндеттемелер мүшенің Тізбесіне енгізіледі.

IV БӨЛІМ
БІРТІНДЕП ЫРЫҚТАНДЫРУ

XIX-БАП
Ерекше міндеттемелер бойынша келіссөздер

      1. Осы келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшін мүшелер келіссөздердің одан арғы раундтарына кіреді, олар ДСҰ туралы келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей басталуы және кейіннен ырықтандырудың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс. Осындай келіссөздер нарыққа тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қызметтер көрсету саудасына теріс ықпал ететін шараларды қысқартуға немесе жоюға бағытталуы қажет. Бұл процесс өзара пайда мен құқықтар және міндеттемелердің жалпы теңгерімін қамтамасыз ету негізінде барлық қатысушылардың мүдделерін ілгерілету мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Ырықтандыру процесі ұлттық саясаттың мақсаттарына және тұтастай алғанда жеке секторға қолданылатын жеке мүшелерді дамыту деңгейіне тиісті назар аудара отырып жүзеге асырылады. Жеке дамушы мүше елдерге секторлардың ең аз санын ашуға, операциялардың ең аз түрін ырықтандыруға, олардың даму жағдайымен келісілген нарыққа қолжетімділікті біртіндеп кеңейтуге қатысты және қызметтердің шетелдік жеткізушілеріне олардың нарығына қолжетімділікті беру, IV бапта айтылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жағдайларды орындаумен осындай қолжетімділікті байлау жағдайында тиісті икемділік көрсетіледі.

      3. Әрбір раунд үшін келіссөздердің басқарушы қағидаттары мен рәсімдері белгіленеді. Осындай басқарушы қағидаттарды әзірлеу үшін Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі кеңес тұтастай алғанда және осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, секторлар бөлінісінде IV баптың 1-тармағында белгіленген секторларды қоса алғанда қызметтер көрсету саудасына бағалау жүргізеді. Келіссөздердің басқарушы қағидаттары алдыңғы келіссөздер уақытынан бастап біржақты тәртіпте мүшелер жүзеге асыратын ырықтандыруды бағалау үшін, сондай-ақ IV баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес аз дамыған мүше елдерге қолданылатын арнайы режим үшін әдістемені белгілейді.

      4. Біртіндеп ырықтандыру процесі мүшелер осы келісімге сәйкес алған ерекше міндеттемелердің жалпы деңгейін арттыруға бағытталған екіжақты, топтық немесе көпжақты келіссөздер арқылы әрбір осындай раундта ілгерілеп отырады.

XX-БАП
Арнайы міндеттемелер тізбесі

      1. Әрбір мүше осы Келісімнің III бөлігіне сәйкес алатын арнайы міндеттемелер тізбесінде баяндайды. Мұндай міндеттемелер алынатын секторларға қатысты әрбір тізбе мыналарды айқындайды:

      (а) нарыққа қолжетімділікке қатысты шектер, шектеулер және талаптар;

      (b) ұлттық режимге қатысты талаптар мен ескертпелер;

      (c) қосымша міндеттемелерді қабылдау;

      (d) мүмкіндігінше, тиісті міндеттемелерді орындау үшін уақытша шектер;

      (е) осындай міндеттемелердің күшіне ену күні.

      2. XVI бабына және XVII бабына сәйкес келмейтін шаралар ХVI бабына қатысты бағанаға енгізіледі. Осы жағдайда бұл жазба XVII бабы бойынша жағдайға немесе ескертпеге нұсқа болып есептеледі.

      3. Ерекше міндеттемелер тізбелері осы Келісімге қосымша беріледі және оның ажырамас бөлігін құрайды.

XXI-БАП
Тізбелерді өзгерту

      1. (а) Мүше (осы келісімде бұдан әрі — "өзгеріс енгізетін мүше") осы баптың ережелеріне сәйкес міндеттеменің күшіне ену күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін өз тізбесінен кез келген міндеттемені өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін.

      (b) Өзгеріс енгізетін мүше Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті өзгерту немесе кері қайтаруды жүзеге асырудың белгіленген күніне дейін үш айдан кешіктірмей осы бапқа сәйкес міндеттемені өзгерту немесе кері қайтару ниеті туралы хабарлайды.

      2. (а) Кез келген мүшенің сұрауымен осы Келісім бойынша 1(b), тармақшаға сәйкес хабарланған болжанатын өзгеріс немесе кері қайтарумен болжанатын қозғалуы мүмкін пайдалар (осы келісімде бұдан әрі — "өзгеріс енгізетін мүше") өзгерістер енгізетін мүше кез келген қажетті өтемақыны жүргізу туралы келісімге қол жеткізу мақсатында келіссөздер жүргізеді. Уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған осындай келіссөздер процесінде сөз қозғалған мүшелер осындай келіссөздер басталғанға дейін міндеттемелер тізбелерінде қамтылғаннан қолайлылығы кем емес саудада өзара тиімді міндеттемелердің жалпы деңгейін сақтауға ұмтылады.

      (b) Өтемақы неғұрлым қолайлы қағидат негізінде жүзеге асырылады.

      3. (а) Егер өзгеріс енгізетін мүше мен өзгеріспен қамтылған мүше арасындағы келіссөздер үшін көзделген мерзім аяқталғанға дейін уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда өзгеріспен қамтылған мүше істі төрелікке беруі мүмкін. Өтемақы алу құқығын іске асыруға ұмтылатын өзгеріспен қамтылған әрбір мүше төрелікке қатысуы тиіс.

      (b) Егер өзгеріспен қамтылған мүшелердің ешбірі төрелікке жүгінбесе, өзгеріс енгізетін мүше болжанатын өзгеріс немесе кері қайтаруды еркін іске асыра алады.

      4. (а) Өзгеріс енгізетін мүше төрелік шешімдеріне сәйкес өтемақыны жүзеге асырмағанша өз міндеттемесін өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін емес.

      (b) Егер өзгеріс енгізетін мүше болжанатын өзгерістерді немесе кері қайтаруды жүргізсе және төрелік шешімдерін басшылыққа алмайтын болса, төрелікке қатысқан өзгеріспен енгізілетін әрбір мүше төрелік шешімдеріне сәйкес елеулі түрде эквиваленттік пайдаларды өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін. II баптың ережелеріне қарамастан, осындай өзгерту немесе кері қайтару өзгеріс енгізетін мүшеге қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес тізбелерді түзету немесе өзгерту үшін рәсімдерді белгілейді. Тізбелерге енгізілген өз міндеттемелерін өзгеріс пен кері қайтаруды жүзеге асыратын әрбір мүше осы бапқа сәйкес өз тізбесін осындай рәсімдерге сәйкес өзгертеді.

V БӨЛІМ
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР

ХХII-БАП
Консультациялар

      1. Әрбір мүше осы келісімнің жұмыс істеуін қозғайтын әрбір мәселе бойынша кез келген басқа мүше жасауы мүмкін наразылықтарға байланысты консультацияларға ықыласпен қарайды және олар үшін тиісті жағдайлар жасайды. Осындай консультациялар кезінде Дауларды шешу туралы уағдаластық (ДШУ) қолданылады.

      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес немесе Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) мүшенің сұрауы бойынша 1-тармаққа сәйкес консультациялар жолымен қанағаттандырылатын шешімге қол жеткізу мүмкін емес әрбір мәселеге қатысты әрбір мүшемен немесе мүшелермен консультациялар жүргізуі мүмкін.

      3. Мүше осы бапқа және XXIII бапқа байланысты екі рет салық салуды болдырмау туралы олардың арасындағы халықаралық келісім саласына кіретін басқа мүшенің шараларына қатысты XVII бабына жүгіне алмайды. Олардың арасындағы осындай келісім саласына шаралар кіруіне қатысты мүшелер арасындағы келісудің болмауы жағдайында әрбір мүше үшін Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңестің қарауына осы мәселені енгізу мүмкіндігі ашық. Кеңес істі төрелікке береді. Төрешінің шешімі екі тарап үшін түпкілікті және міндетті болып табылады.

ХХIII-БАП
Дауларды реттеу және шешімдерді орындау

      1.      Егер кез келген мүше кез келген басқа мүше осы келісім бойынша өзінің жалпы немесе айрықша міндеттемелерін орындамайды деп санаса, ол мәселенің өзара қолайлы шешіміне қол жеткізу мақсатында ДШУ-ға жүгінуі мүмкін.

      2.      Егер ДШО осындай әрекеттерді ақтайтын жеткілікті маңызды міндеттемелердің болуын көздесе, ол мүшеге немесе мүшелерге ДШУ 22-бабына сәйкес кез келген басқа мүшеге немесе мүшелерге қатысты жалпы және айрықша міндеттемелердің қолданылуын тоқтатуға рұқсат беруі мүмкін.

      3.      Егер кез келген мүше осы келісімнің III бөлігіне сәйкес басқа мүшенің айрықша міндеттемелеріне сәйкес алуға ол негізделіп есептесе, осы келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін әрбір шараны қолдану нәтижесінде ДШУ-ға жүгіне алады. Егер ДШО осы шара осындай шараны жоятынын немесе қысқартатынын айқындайтын болса, өзгеріспен қозғалған мүше осы шараны өзгертуді немесе кері қайтаруды енгізе алатын ХХI баптың 2-тармағы негізінде өзара қолайлы реттеуге құқылы. Егер уағдаластыққа айтылған мүшелер арасында қол жеткізілуі мүмкін болмаса, ДШҰ 22-бабы қолданылады.

XIV-БАП
Көрсетілетін қызметтің саудасы жөніндегі кеңес

      1. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес осы Келісімнің жұмыс істеуін жеңілдету және оның міндеттерін орындау мақсатында оған берілуі мүмкін осындай функцияларды орындайды. Кеңес өз функцияларының тиімді орындалуы үшін тиісті деп санайтын осындай қосалқы органдар құруы мүмкін.

      2. Кеңес пен оның қосалқы органдары егер кеңес өзге шешімді қабылдамаса, барлық мүшелер өкілдерінің қатысуы үшін ашық.

      3. Кеңестің төрағасын мүшелер сайлайды.

XV-БАП
Техникалық ынтымақтастық

      1. Осындай жәрдемдесуге мұқтаж мүшелердің қызметтерінің өнім берушілерінде IV баптың 2-тармағында айтылған байланыс тармақтарына қолжетімділік бар.

      2. Дамушы елдерге техникалық жәрдемдесуді Хатшылық көпжақты деңгейде ұсынады және тиісті шешімдерді Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес қабылдайды.

XVI-БАП
Басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас

      Бас кеңес Бірлескен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелермен, сондай-ақ қызметтерге қатысы бар басқа үкіметаралық ұйымдармен консультациялар және ынтымақтастық үшін тиісті уағдаластық жасайды.

VI БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ХХVII-БАП
Пайдалардан бас тарту

      Мүше осы келісімнің пайдаларынан бас тартуы мүмкін:

      (а) егер ол қызмет мүшенің аумағы немесе ДСҰ бойынша келісімді оған қолданбайтын мүшенің аумағы болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа жеткізілетінін белгілесе қызметтерді жеткізуге қатысты;

      (b) теңіз көлігі қызметтері жағдайында, егер ол қызметтің жеткізілетінін белгілесе:

      (i) мүше немесе ДСҰ бойынша келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше болып табылмайтын елдің заңдары бойынша тіркелген кеме, және

      (ii) мүшеге немесе ДСҰ бойынша келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше болып табылмайтын мүшеге қатысты кемені толығымен немесе ішінара пайдаланған және/немесе қолданатын тұлға;

      (с) егер ол осы тұлға басқа мүшенің қызметінің өнім берушісі болып табылмаса немесе осы тұлға ДСҰ бойынша келісімді оған қатысты қолданбайтын мүше пайдаларынан бас тартуға қатысты мүшенің өнім берушісі болып табылғанын белгілесе заңды тұлға болып табылатын қызметтің өнім берушісіне қатысты.

ХХVIII-БАП
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

      (а) "шара" мүшенің кез келген немесе заң, қаулы, қағидалар, рәсімдер, шешімдер, әкімшілік әрекеттер нысанындағы немесе басқа кез келген нысандағы шарасын білдіреді;

      (b) "қызметті жеткізу" қызметтің өндірісі, тарату, маркетинг, сату және жеткізуді қамтиды;

      (с) "Көрсетілетін қызметтер саудасына әсер ететін мүшелердің шаралары" мыналарға қатысты шараларды қамтиды

      (i) көрсетілетін қызметті сатып алу, төлеу немесе пайдалану;

      (ii) көрсетілетін қызметті ұсынуға байланысты оларға қатысты осындай мүшелер тарапынан кең жария ұсыныс талаптарының болуына қатысты қызметтерге қолжетімділік пен қызметтерді пайдалану;

      (iii) басқа мүшенің аумағына көрсетілетін қызметті жеткізу мақсатында мүшелер тұлғасының коммерциялық болуын қоса алғанда болуы;

      (d) "коммерциялық болуы" мыналарды қоса алғанда іскерлік немесе кәсіби мекеменің кез келген нысанын білдіреді

      (i) заңды тұлғаны құру, сатып алу немесе сақтау, немесе

      (ii) филиалды немесе өкілдікті құру немесе пайдалану қызметті жеткізу мақсатында мүшенің аумағына;

      (е) қызметтің "секторы" мынаны білдіреді,

      (i) айрықша міндеттемеге қатысты бір немесе бірнеше немесе мүшенің тізбесінде белгіленгендей осы қызметтің барлық кіші секторлары;

      (ii) басқа қатынастарда оның барлық кіші секторларын қоса алғанда осы қызметтің барлық секторы;

      (f) "басқа мүшенің қызметі" мыналардан жеткізілетін қызметті білдіреді

      (i) осындай басқа мүшенің аумағына немесе аумағынан немесе теңіз көлігі жағдайында осындай басқа мүшенің заңдары бойынша тіркелген кемемен немесе кемені толығымен немесе ішінара пайдалану және/немесе оны пайдалану арқылы қызметті жеткізетін осындай басқа мүшенің тұлғасымен, немесе;

      (ii) жеке тұлғалардың, осындай басқа мүшенің қызметтерінің өнім берушісінің коммерциялық қатысуы арқылы немесе қатысуы арқылы қызметті жеткізу жағдайында;

      (g) "көрсетілетін қызметтерді жеткізуші" қызметті жеткізетін кез келген тұлғаны білдіреді;

      (h) "көрсетілетін қызметті монополиялық жеткізуші" осындай мүшенің жалғыз өнім берушісі ретінде осындай мүше уәкілеттік берген немесе ресми немесе іс жүзінде құрған мүшенің аумағының тиісті нарығында мемлекеттік немесе жеке кез келген тұлғаны білдіреді;

      (i) "көрсетілетін қызметті тұтынушы" қызметті алатын немесе пайдаланатын кез келген тұлғаны білдіреді;

      (j) "тұлға" нақты немесе заңды тұлғаны білдіреді;

      (k) "басқа мүшенің жеке тұлғасы" осындай басқа мүшенің немесе кез келген басқа мүшенің аумағында тұратын және осындай басқа мүшенің заңына сәйкес жеке тұлғаны білдіреді:

      (i) осындай басқа мүшенің азаматы болып табылады; немесе

      (ii) осындай басқа мүшенің аумағында тұрақты тұруға құқылы егер мүше:

      1. азаматтары жоқ болса; немесе

      2. көбінесе өзінің тұрақты резиденттеріне ДСҰ бойынша келісімді қабылдаған кезде немесе оған қосылған кезде, ешқандай мүше осындай тұрақты резиденттер көрсеткен осындай басқа мүшеге ұсынылатын неғұрлым қолайлы режимді осындай тұрақты резиденттерге беруге міндетті емес болған жағдайда оларға хабарланғандай қызметтер көрсету саудасын қозғайтын шараларға қатысты өз азаматтарына ұсынатын сияқты режимді ұсынады. Осындай хабарлама өзінің заңдары мен қағидаларына сәйкес осындай тұрақты резиденттерге, өзінің азаматтарына қатысты осындай басқа мүшенің жауапты болатын жауапкершілікті қабылдау туралы растауды қамтитын болады.

      (l) "заңды тұлға" құқықтық мәртебесі бар, міндетті түрде қолданылатын заңнамаға сәйкес құрылған немесе өзгеше жолмен ұйымдастырылған пайданы алу мақсаттары үшін және өзге мақсат үшін және кез келген корпорацияны, тресті, серіктестікті, бірлескен кәсіпорынды, бірыңғай меншікті немесе қауымдастықты қоса алғанда, жеке немесе мемлекеттік меншіктегі кез келген мекемені білдіреді;

      (m) "басқа мүшенің заңды тұлғасы" заңды тұлға немесе мынадай болып табылатын:

      (i) осындай басқа мүшенің заңнамасына сәйкес құрылған немесе өзге жолмен ұйымдастырылған және осы мүшенің немесе кез келген басқа мүшенің аумағына елеулі іскерлік операцияларға енгізілген; немесе

      (ii) мынадай:

      1. осындай мүшенің жеке тұлғалары; немесе

      2. (i) тармақшасында көрсетілген осындай басқа мүшенің заңды тұлғаларына жататын немесе бақыланатын коммерциялық қатысу арқылы қызметті жеткізу жағдайында;

      (n) заңды тұлға юридическое лицо является:

      (i) егер оған қатысу үлесінің 50%-дан астамына осы мүшенің тұлғасы нақты ие болса, мүшенің тұлғасына "тиесілі";

      (ii) егер осындай тұлғалар оның директорларының көпшілігін тағайындауға немесе өзгеше жолмен оның қызметін заңды жіберуге өкілеттіктері бар болса, мүшенің тұлғалары "бақылайтын";

      (iii) егер ол бақыласа немесе осындай басқа мүше бақылайтын болса; немесе егер ол және басқа тұлға екеуін де сол тұлға бақылайтын болса, басқа тұлғамен "байланысты";

      (о) "тікелей салықтар" меншіктен оқшауланудан түсімдерге салықтарды, кәсіпорындар төлеген жалақы немесе еңбекақаның жалпы сомасына салықтар, сондай-ақ капиталдың құнын арттыруға салықтарды қоса алғанда, барлық капиталдан немесе пайда немесе капитал элементтерінен жалпы кірістен барлық салықтарды білдіреді.

ХХIХ -БАП
Қосымшалар

      Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚОСЫМШАЛАР

II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша қосымша

Қолданылу саласы

      1. Осы Ереже талаптарға сәйкес осы Келісім күшіне енген кезде оларды айқындайды, II баптың 1-тармағына сәйкес өзінің міндеттемелерінен босатылады.

      2. ДСҰ бойынша Келісім күшіне енген күннен бастап қолданылатын міндеттемелерден кез келген жаңа алып қоюлар көрсетілген келісімнің IХ бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қайта қарау

      3. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 5 жылдан асатын мерзімге ұсынылатын міндеттемелерден барлық алып қоюларды қайта қарайды. Осындай бірінші қайта қарау ДСҰ бойынша Келісім күшіне енген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей қаралады.

      4. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес қайта қарау кезінде:

      (а) міндеттемелерден алып қоюлар үшін қажеттілік тудырған жағдайлардың болуын зерделейді; және

      (b) кез келген одан арғы қайта қараудың күнін айқындайды.

      Қолданылу мерзімін тоқтату

      5. Мүшенің міндеттемелерінен алып қою Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес белгілі бір шараға қатысты осындай алып қоюда белгіленген күнге қолданылуын тоқтатады.

      6. Негізінде, осындай алып қоюлар 10 жыл мерзімнен аспауы тиіс. Кез келген жағдайда олар сауданы ырықтандыру туралы одан арғы раундтарда келіссөздер мәні болып табылады.

      7. Мүше Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңесті шараға қатысты алып қоюдың қолданылуы туралы алып қоюдың қолданылуын тоқтату мерзімінің соңында Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес келтірілгенін хабарлайды.

      II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар тізімдері

      [II баптың 2-тармағына сәйкес алып қоюлардың келісілген тізімдері ДСҰ бойынша Келісімнің шарттық нұсқасына осы Қосымшаның бөлігі ретінде енгізілген.]

Келісімге сәйкес қызметтерді жеткізетін жеке тұлғаларды ауыстыру бойынша қосымша

      1. Осы Қосымша қызметтердің өнім берушісі болып табылатын мүшенің жеке тұлғаларын, мүшенің қызметтерінің өнім берушісінде жалдау бойынша жұмыс істейтін мүшенің жеке тұлғаларын қозғайтын қызметтерді жеткізуге қатысты шараларға қолданылады.

      2. Келісім мүшенің жұмыспен қамту нарығына қолжетімділікке ұмтылатын жеке тұлғаларды қозғайтын шараларға қолданылады және тұрақты негізде азаматтық, тұрақты тұрған жері немесе жалдауға қатысты шараларға қолданылмайды.

      3. Келісімнің III және IV бөліктеріне сәйкес мүшелер Келісімге сәйкес қызметтерді жеткізетін жеке тұлғалардың барлық санаттарын ауыстыруға қолданылатын ерекше міндеттемелерді қабылдау туралы келіссөздер жүргізуі мүмкін. Ерекше міндеттеме таратылатын жеке тұлғаларға осы міндеттеменің талаптарына сәйкес қызметтерді жеткізуге рұқсат беріледі.

      4. Келісім мүшеге жеке тұлғалардың өз аумағына кіруін немесе осындай шаралар ерекше міндеттемелердің талаптарына сәйкес кез келген мүше алатын пайдаларды жою немесе қысқарту үшін қолданылмайтын жағдайда оның шекараларының тұтастығын қорғау үшін және оның шекарасы арқылы жеке тұлғаларды реттелген ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қоса алғанда, оның аумағында уақытша болуын реттеу үшін шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді.

Авиакөлік қызметтері бойынша қосымша

      1. Осы қосымша кесте бойынша, кестеден тыс және қосалқы қызметтерге жүзеге асырылатын авиакөлік қызметінің саудасын қозғайтын шараларға қолданылады. Осы Келісімге сәйкес алынған кез келген ерекше міндеттеме немесе жалпы міндеттеме ДСҰ бойынша Келісім күшіне енген күнге қолданылатын екіжақты немесе көпжақты келісімдерге сәйкес мүшенің міндеттемесін азайтпайтыны және қозғамайтыны расталады.

      2. Осы Келісім оның дауды шешу рәсімдерін қоса алғанда, мыналарды қозғайтын шараларға қолданылмайды:

      (а) олар қалай ұсынылғанына қарамастан тасымалдау құқықтары; немесе

      (b) тасымалдау құқықтарын іске асыруға тікелей қатысты қызметтер,

      Осы Келісімнің 3-тармағында көзделгенді қоспағанда.

      3. Келісім мыналарды қозғайтын шараларға қолданылады:

      (а) Ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

      (b) авиакөлік қызметтерін сату және маркетингі;

      (с) Резервтеу компьютерлік жүйесінің қызметтері (РКЖ).

      4. Келісімде көзделген дауларды шешу рәсімдеріне егер мүшелер жалпы міндеттемелер немесе ерекше міндеттемелерді алған жағдайда және екіжақты және басқа көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар негізінде дауларды шешу рәсімдері аяқталған жағдайда ғана сүйене алады.

      5. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес кезең-кезеңмен және әрбір бес жыл Келісімді осы секторға одан әрі қолдану мүмкіндігін зерделеу мақсатында авиа көлік секторындағы ережені және осы Келісімнің қолданылуын қарайды.

      6. Анықтамалар:

      (а) "Ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету" ұшақ немесе оның бөлігіне қатысты ол пайдаланудан алынған жағдайда осындай қызметті білдіреді және жедел техникалық қызмет көрсетуді қамтымайды.

      (b) "Авиакөлік қызметтерін сату және маркетингі" нарық, жарнама және тарату сияқты өткізудің барлық аспектілерін қоса алғанда, нақты авиа тасымалдаушы үшін авиа көлік қызметтерін сату және авиа көлік қызметтерін өткізумен еркін айналасу мүмкіндігін білдіреді. Қызметтің осы түрлері авиа көлік қызметтері және қолданылатын тасымалдау жағдайлары саласында баға белгілеуді қамтымайды.

      (с) "Резервтеу компьютерлік жүйесінің қызметтерін (РКЖ)" резервтеу немесе билеттерді беру жүзеге асырылуы мүмкін авиатасымалдаушылар, олардың болуы, тарифтер және сату қағидаларының кестелері туралы ақпаратты қамтитын компьютерлендірілген жүйелерді ұсынатын қызметтерді білдіреді.

      (d) "Тасымалдау құқығы" нөмір, оның меншігі және бақылау сияқты тасымалдау, өндірілетін тарифтер мен олардың қолданылу талаптары және критерийлер мүмкіндігін ұсынатын қозғалыс түрін жүзеге асыратын қызмет көрсету пунктерін, пайдаланатын бағыттарды қоса алғанда, аумақ шеңберінде немесе мүшенің аумағы арқылы аумақтан аумаққа жалдауға сыйақы немесе төлем үшін кесте бойынша және кестеден тыс және/немесе жолаушыларды, жүкті және почтаны тасымалдау бойынша қызметтерді беру құқығын білдіреді.

Қаржы қызметтері бойынша қосымша

1. Қолданылу саласы және анықтама

      (а) Осы Келісім қаржы қызметтерін жеткізуді қозғайтын шараларға қолданылады. Осы Келісімдегі қаржы қызметтерін жеткізуге сілтемелер I баптың 2-тармағында айқындалғандай қызметтерді жеткізуді білдіреді.

      (b) Келісімнің I бабының 3(b) тармақшасының мақсаттары үшін "үкіметтік биліктің функцияларын жүзеге асыру кезінде жеткізілген қызметтер" мыналарды білдіреді:

      (i) кредит-ақша немесе валюта-бағам саясатын жүргізу кезінді орталық банк немесе валюта-қаржы органы немесе басқа мемлекеттік құрылым жүзеге асыратын қызметтің түрлері;

      (ii) заңмен белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету немесе мемлекеттік зейнетақы бағдарламаларының жүйесінің бөлігін құрайтын қызметтің түрлері; және

      (iii) үкіметтің қаржы ресурстары есебінен немесе кепілдігімен немесе қолдану кезінде жүзеге асырылатын қызметтің басқа түрлері.

      (с) Келісімнің I бабының 3(b) тармақшасының мақсаттары үшін егер мүше өзінің қаржы қызметтерінің өнім берушілеріне мемлекеттік құрылыммен бәсекелестік жағдайларында немесе қаржы қызметінің өнім берушісімен осы келісімнің (b)(ii) немесе (b)(iii) тармақшаларында айтылған қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берсе, "қызмет" термині қызметтің осындай түрлерін қамтиды.

      (d) Келісімнің I бабының 3(с) тармақшасы осы келісіммен қамтылған қызметтерге қолданылмайды.

2. Ішкі реттеу

      (а) Келісімнің қандай да бір басқа ережелеріне қарамастан мүшеге инвесторлар, салымшылар, полистерді ұстаушылар немесе қаржы қызметінің өнім берушісінің сенімді тұлғаларын қорғауды қоса алғанда немесе қаржы жүйесінің тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін абайлаушылық пікірлері бойынша шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді. Егер осындай шаралар Келісім ережелеріне сәйкес келмесе олар мүшенің ерекше міндеттемелерден немесе Келісімге сәйкес жалпы міндеттемелерден ауытқу қаражаты ретінде қолданылмауы тиіс.

      (b) Осы Келісімдегі ештеңе мүшеге жеке клиенттердің істері мен шоттарына қатысты ақпаратты немесе қандай да бір басқа құпия немесе мемлекеттік мекемелердің өкімдерінде бар меншіктегі ақпаратты ашу талабы ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

3. Тану

      (а) Мүше қаржы қызметтеріне қатысты оған қандай шараларды қабылдау керектігін айқындау кезінде кез келген басқа елдің абайлаушылық шараларын тануы мүмкін. Үндестіру арқылы немесе өзге жолмен қол жеткізілуі мүмкін осындай тану мүдделі елмен келісім немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіпте ұсынылуы мүмкін.

      (b) Болашақ және қолданыстағы (а) тармақшасында айтылған осындай келісімнің немесе уағдаластықтың тарапы болып табылатын мүше басқа мүдделі мүшелерге олардың осындай келісімдерге немесе уағдаластықтарға қосылуы туралы келіссөздер жүргізу немесе онымен міндеттемелерге байланысты эквиваленттік реттеу, қадағалау, осындай реттеуді жүзеге асыру тетігін және егер мүмкін болса, осындай келісімдер мен уағдаластықар тараптары арасында ақпарат алмасуға қатысты рәсімдерді қамтуы мүмкін тиісті келісімдер немесе уағдаластықтар жасау туралы келісімдер жүргізудің тиісті мүмкіндігін ұсынады. Егер мүше біржақты тәртіпте тануды ұсынса, онда ол кез келген басқа мүшеге осындай міндеттемелердің болуын көрсетудің тиісті мүмкіндігін ұсынады.

      (с) Егер мүше кез келген басқа елдің абайлаушылық шараларын тануды ұсынуды ойласа, VII баптың 4(b) тармағы қолданылмайды.

4. Дауларды реттеу

      Абайлаушылық шараларына қатысты даулар және басқа қаржы мәселелері бойынша аралық топ даулар жүргізілетін қаржы қызметінің ерекшелігіне сәйкес келетін қажетті ақпаратқа ие болуы тиіс.

5. Анықтамалар

      Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:

      (а) Қаржы қызметі мүшенің қаржы қызметінің өнім берушісі ұсынатын қаржы сипатындағы кез келген қызмет болып табылады. Қаржы қызметтері барлық сақтандыру және сақтандыру қызметтеріне қатысты қызметтерді, сондай-ақ барлық банктік және басқа қаржы қызметтерін қамтиды (сақтандырудан басқа). Қаржы қызметтері қызметтердің мынадай түрлерін қамтиды:

      Сақтандыру және сақтандыруға жататын қызметтер

      (i) Тікелей сақтандыру (бірлескен сақтандыруды қоса алғанда)

      (А) өмірді

      (Б) өмірді сақтандырудан басқа

      (ii) Қайта сақтандыру және ретроцессия;

      (iii) Брокерлік және агенттік сияқты сақтандыру делдалдығы;

      (iv) Консультациялық, актуарлық қызметтер, шағымдарды реттеу бойынша тәуекел мен қызметтерді бағалау сияқты сақтандыру бойынша қосалқы қызметтер.

      Банктік және басқа қаржы қызметтері (сақтандыруды қоспағанда)

      (v) Халықтан салымдар мен өзге қайтару ақша қаражатын қабылдау;

      (vi) Тұтыну кредитін, кепіл кредитін, факторинг және коммерциялық операцияларды қаржыландыруды қоса алғанда, барлық түрлердің несиені беру;

      (vii) Қаржы лизингі;

      (viii) кредиттік, төлем және дебит карточкаларын, жол чектері мен банк векселін қоса алғанда, төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қызметтердің барлық түрлері;

      (iх) Кепілдіктер мен міндеттемелер;

      (х) Валюта биржасында, валютадан тыс нарықта немесе өзге жолмен өз есебінен және клиенттер есебінен сауда:

      (А) ақша нарығының құралдары (чектер, аударымдық вексельдер, депозит сертификаттарын қоса алғанда);

      (B) шетел валютасымен;

      (С) туынды өнімдері, оның ішінде, бірақ айрықша жағдайда емес, фъючерлік және опциондармен;

      (D) своптар туралы келісім және пайыздық ставка туралы форвард келісімдерін қоса алғанда, валюта курстары мен пайыздық ставкаларға қатысты құралдар;

      (Е) аударымдық бағалы қағаздар;

      (F) құймалардағы алтын мен күмісті қоса алғанда, мәміле мәні бола алатын өзге құралдар мен қаржы активтері.

      (хi) Агент ретінде (жария немесе жабық жазылу арқылы) жазылу және орналастыруды ұйымдастыруды қоса алғанда, бағалы қағаздардың барлық түрлерін шығаруға қатысу және осындай шығарылымдарға қатысы бар қызметтерді ұсыну;

      (хii) Ақша нарығындағы брокерлік операциялар;

      (хiii) Қолм-қол ақша қаражаты немесе бағалы қағаздар портфелі, ұжымдық инвестицияларды басқарудың барлық нысандары, зейнетақы қорын басқару, жауапты сақтау бойынша қызметтер, депозитарлық және трастық қызметтер сияқты активтерді басқару;

      (хiv) Мәміле мәні бола алатын бағалы қағаздар, туынды өнімдер және басқа құралдарды қоса алғанда, қаржы активтері бойынша өзара есептеулерді және клирингтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша қызметтер;

      (хv) Қаржы ақпаратын ұсыну және беру және қаржы деректері мен басқа қаржы қызметтерінің өнім берушілерін тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу;

      (хvi) Кредиттеумен байланысты анықтамалық және материалдарды ұсыну және тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеу мен ұсынымдарды кредиттік талдау, корпорациялардың стратегиясын сатып алу, қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, (v)-(хv) тармақшаларында есептелген қызметтің барлық түрлері бойынша консультациялық, делдалдық және басқа қосалқы қаржы қызметтері.

      (b) Қаржы қызметтерінің өнім берушісі қаржы қызметтерін жеткізуге ниеті бар немесе жеткізетін мүшенің кез келген жеке немесе заңды тұлғасын білдіреді, бірақ "қаржы қызметтерінің өнім берушісі" ұғымы мемлекеттік мекемені қамтымайды.

      (с) "Мемлекеттік мекеме" мынаны білдіреді:

      (i) Үкімет, орталық банк немесе мүшенің кредит-ақша мекемесі немесе негізінен коммерциялық талаптарда қаржы қызметтерін ұсынумен айналысатын құрылымды қоспағанда, үкіметтің мүдделерінде үкіметтік функциялар немесе қызметтің түрлерін жүзеге асырумен айналысатын мүшеге тиесілі немесе ол бақылайтын құрылым; немесе

      (ii) Осы функцияларды жүзеге асыру кезінде, әдетте, орталық банк немесе кредит-ақша мекемесі орындайтын функцияларды жүзеге асыратын жеке құрылым.

Қаржы қызметтері бойынша екінші қосымша

      1. Келісімнің II бабына және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша Қосымшаның 1 және 2-тармақтарына қарамастан мүше ДСҰ бойынша келісім күшіне енген күннен бастап төрт ай өткеннен кейін басталатын 60 күн кезең ішінде Келісімнің II бабының 1-тармағына сәйкес келмейтін қаржы қызметтеріне қатысты Косымшада айтылған шараларды тізбеге енгізуі мүмкін.

      2. Келісімнің ХХI бабына қарамастан, мүше ДСҰ бойынша келісім күшіне енген күннен бастап төрт ай өткеннен кейін басталатын 60 күн кезең ішінде оның тізбесіне немесе олардың бөлігіне енгізілген қаржы қызметтері бойынша барлық айрықша міндеттемелерді өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін.

      3. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі кеңес 1 және 2-тармақтарды қолдану үшін қаажетті рәсімдерді белгілейді.

Теңіз көлігінің қызметтері бойынша келіссөздер жөніндегі қосымша

      1. II бап және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша қосымша, оның ішінде мүше сақтағысы келетін неғұрлым қолайлы режимге сәйкес келмейтін Қосымшада айтылған тізбеге кез келген шараны енгізу талабы халықаралық кеме қатынасы, қосалқы қызметтер және порт инфрақұрылымына қолжетімділікке немесе оны қолдануға қатысты тек қана мынадай жағдайларда күшіне енеді:

      (а) Теңіз көлігі қызметтері бойынша келіссөздер туралы Министрлер шешімінің 4-тармағына сәйкес айқындалуы тиіс қолданылу күні; немесе

      (b) Егер келіссөздер табыспен аяқталмаса, айтылған шешімде көзделген теңіз көлігінің қызметтері бойынша Келіссөздер тобының қорытынды баяндамасының күні.

      2. 1-тармақ мүшенің тізбесіне енгізілетін теңіз көлігінің қызметтері бойынша кез келген ерекше міндеттемеге қолданылмайды.

      3. 1-тармақта айтылған келіссөздердің аяқталу сәтінен бастап және қолданылу күніне дейін мүше XXI баптың ережелеріне қарамастан осы секторда өтемақыны ұсынбай өзінің ерекше міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін жақсартуы, өзгертуі немесе кері қайтаруы мүмкін.

Телекоммуникациялар бойынша қосымша

      1. Мақсаттар

      Телекоммуникациялық қызметтер секторының ерекшелігін, әсіресе экономикалық қызметтің ерекше секторы ретінде және экономикалық қызметтің басқа түрлері үшін хабарларды жіберудің негізгі құралы ретінде оның екі жақты рөлін тани отырып, мүшелер телекоммуникациялық желілерге және жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділікті қозғайтын шараларға қатысты Келісімнің ережелерін және олардың қолданылуын одан әрі әзірлеу мақсатында мынадай қосымша туралы уағдаласады. Тиісінше, осы Қосымша осы Келісімге ескертулер мен толықтыратын ережелерді қамтиды.

      2. Қолданылу саласы

      (а) Осы Қосымша телекоммуникациялық желілерге және жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділікті, сондай-ақ олардың пайдаланылуын қозғайтын мүшенің барлық шараларына қолданылады

      (b) Осы Қосымша радио немесе теле бағдарламаларды кабельдік немесе болжамды таратуды қозғайтын шараларға қолданылмайды.

      (с) Осы Келісімдегі ештеңе де былайша:

      (i) мүшеге оның тізбесінде көзделгенге қарағанда телекоммуникациялық жіберілетін желілерді немесе қызметтерді белгілеуге, құруға, сатып алуға, жалдауға, пайдалануға немесе жеткізуге кез келген басқа мүшенің қызметтердің өнім берушісіне рұқсат беру талабы ретінде; немесе

      (ii) кең бұқараға әдетте ұсынылатын мүшеге (немесе мүшеге оның құзыретіндегі қызметтердің өнім берушісін міндеттеу талабы) телекоммуникациялық жіберілетін желілерді немесе қызметтерді белгілеуге, құруға, сатып алуға, жалдауға, пайдалануға немесе жеткізуге талап ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

      2. Анықтамалар

      Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:

      (а) "Телекоммуникациялар" кез келген электр магнитті тәсілмен дабылдарды жіберуді немесе қабылдауды білдіреді.

      (b) "Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық қызмет" мүше ашықтан-ашық көрсетілген нысанда немесе іс жүзінде кең жұртшылыққа сату үшін ұсынуды талап ететін кез келген телекоммуникациялық қызметті білдіреді. Осындай қызметтер өзгешелер арасында телеграф, телефон, телекс және әдетте жіберудің бастапқы және түпкілікті мекені арасындағы нысанның қандай да бір өзгеруінсіз немесе осы ақпараттың мазмұнысыз екі немесе одан астам мекемелер арасындағы тұтынушы жеткізетін ақпараттың нақты уақыты режимінде жіберуді қамтитын деректерді жіберуді қамтуы тиіс.

      (с) "Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық желі" белгілі бір түпкілікті мекелер арасындағы немесе олардың арасындағы телекоммуникациялық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды білдіреді.

      (d) "Корпоративішілік коммуникациялар" телекоммуникацияларды білдіреді, олар арқылы компания компаниялар немесе оның еншілес компаниялары, филиалдары, бөлімдері немесе олардың арасындағы немесе соңғыларға қатысты мүшенің ұлттық заңдарына және қағидаларына сәйкес олардың арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшін "еншілес компаниялар", "филиалдар" және ол қолданылатын жерде "бөлімдер" терминдерін кез келген мүше айқындауы тиіс. "Корпоративішілік коммуникациялар" осы Қосымшада тәуелді еншілес компаниялар, филиалдар немесе бөлімдер болып табылмайтын немесе тұтынушы немесе әлеуетті тұтынушы ұсынатын компанияларға жеткізілетін коммерциялық немесе коммерциялық емес қызметтерді қамтымайды.

      (е) Осы Қосымшаның тармағы мен тармақшасына кез келген сілтеме оның барлық кіші бөлімдерін қамтиды.

      4. Транспаренттілік

      Келісімнің III бабын қолдану кезінде әрбір мүше тарифтер мен қызметтерді ұсынудың барлық талаптарын; осындай желілер және қызметтермен техникалық қосудың ерекшеліктерін; осындай қолжетімділік пен пайдалануды қозғайтын стандарттарды дайындауға және қабылдауға жауапты органдар туралы ақпарат; терминалдар немесе басқа жабдықты қосуға қатысты талаптар, сондай-ақ егер ондайлар болса, хабарлауға, тіркеуге немесе лицензиялауға талаптарды қоса алғанда телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың пайдалану қызметтеріне қолжетімділік талаптары туралы тиісті ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылатынын қамтамасыз етеді.

      5. Телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың пайдалану қызметтеріне қолжетімділік

      (а) Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметінің кез келген өнім берушісі телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың пайдалану қызметтеріне оның тізбесіне енгізілген қызметтерді жеткізу үшін жүйелі және кемсітушілік емес талаптар мен жағдайлар негізінде қолжетімділік болғанын қамтамасыз етеді. Бұл міндеттеме өзгелер арасында төменде келтірілген (b)-(f) тармақтарына сәйкес қолданылады.

      (b) Әрбір мүше кез келген басқа мүше қызметінің кез келген өнім берушісі қоғамдық телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың пайдалану қызметтеріне оның аумағы шегінде немесе жеке жалданған байланыс арналарын қоса алғанда осы мүшенің шекарасы арқылы қолжетімділіктің болуын қамтамасыз етеді және осы мақсаттарда (е) және (f) тармақтарына сәйкес осындай өнім берушілерге рұқсат беру үшін қамтамасыз етуі тиіс:

      (i) желімен қосылуы мүмкін және қызметтерді жеткізу үшін өнім берушіге қажет терминалдар немесе басқа жабдықты сатып алу немесе жалдау немесе қосу;

      (ii) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтеріне немесе қызметтің басқа өнім берушісінің жалданған немесе дербес байланыс арналарына жеке жалданған немесе сатып алынған байланыс желілерін қосу; және

      (iii) телекоммуникациялық желілер мен қызметтердің кең жұртшылығына жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажеттіге қарағанда кез келген қызметті жеткізу кезінде қызметтердің өнім берушісін таңдау бойынша операциялық хаттамаларды пайдалану.

      (с) Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің қызметінің кез келген өнім берушілері телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерін оның аумағы шегінде немесе шекара арқылы, оның ішінде осындай қызметтердің өнім берушілерінің корпоративішілік коммуникацияларын және деректер базасында қамтылатын немесе өзге жолмен кез келген мүшенің аумағында машинаны оқитын нысанда сақталатын ақпаратқа қолжетімділік үшін қолдана алуын қамтамасыз етеді.

      (d)      Алдыңғы тармаққа қарағанда кез келген мүше хабарлардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті осындай шараларды егер осындай шаралар туынды немесе негізделмеген кемсітушілікті немесе қызметтердің саудасындағы жасырын шектеуді құратын тәсілмен қолданылмау талабы сақталған жағдайда қабылдауы мүмкін.

      (е) Әрбір мүше:

      (i) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің, әсіресе олардың кең жұртшылық үшін өз желілері мен қызметтерін қолжетімді ету қабілеттілігі өнім берушілерінің міндеттемесіне кепілдік береді;

      (ii) телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің техникалық тұтастығын қорғау; немесе

      (iii) кез келген басқа мүше қызметінің кез келген өнім берушілері мүшенің тізбесіндегі міндеттемелерге сәйкес рұқсатты алуға дейін қызметті жеткізбеу ережесін қамтамасыз ету үшін қажеттілерден басқа телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың пайдалану қызметтеріне қолжетімділіктің ешқандай талаптарын болдырмау үшін қамтамасыз етеді.

      (f) Телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтеріне қолжетімділік талаптары олар (е) тармағында белгіленген критерийлерді қанағаттандырған жағдайда мыналарды енгізуі мүмкін:

      (i) осындай қызметтерді қайта сатуға немесе бөлек қолдануға шектеулер;

      (ii) осындай желілер мен қызметтерге қосылу үшін интерфейсті хаттамаларды қоса алғанда, белгілі бір техникалық қосылуларды пайдалану талабы;

      (iii) қажет болған жағдайда 7(а) тармағында белгіленген осындай қызметтердің өзара іс-қимылы және мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу;

      (iv) желімен қосылатын терминал немесе басқа жабдықтың үлгісін осындай желілерге осындай жабдықты қосуға қатысты техникалық талаптарды мақұлдау;

      (v) жеке, жалданған немесе сатып алынған байланыс арналарының осындай желілер немесе қызметтің басқа өнім берушісінің жалданған немесе дербес байланыс арналарына қосылуға шектеулер; немесе

      (vi) хабарлама, тіркеу және лицензиялау.

      (g) Осы бөлімнің алдыңғы тармақтарына қарамастан дамушы мүше ел оның даму деңгейі бойынша оның ұлттық инфрақұрылымын күшейту және қызмет секторының әлеуетін және телекоммуникациялық қызметтермен халықаралық саудада оның қатысуын өсіру үшін қажетті телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану және олардың қолданылу қызметтеріне қолжетімділіктің жүйелі талаптарын белгілеуі мүмкін. Осындай талаптар мүшенің тізбесінде көрсетіледі.

      6. Техникалық ынтымақтастық

      (а) Мүшелер елдердегі, әсіресе дамушы елдердегі тиімді, дамушы телекоммуникациялық инфрақұрылым олардың қызметтер саудасын кеңейту үшін маңызды екенін мойындайды. Осы мақсатта, мүшелер Халықаралық электр байланысы одағын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкін қоса алғанда, халықаралық даму және өңірлік ұйымдардың бағдарламаларына дамыған және дамушы елдердің және телекоммуникациялық желілер мен жалпы пайдалану қызметтерінің өнім берушілерінің ықтимал қатысуын мақұлдайды және көтермелейді.

      (b) Мүшелер халықаралық, өңірлік және субөңірлік деңгейлерде дамушы елдер арасындағы телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты көтермелейді және қолдайды.

      (с) Тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта мүшелер іс жүзінде ол жүзеге асырылатын дамушы елдердің телекоммуникациялық қызметтер мен қызметтердің ұлттық телекоммуникациялық секторын нығайтуға жәрдемдесу мақсатында телекоммуникациялар мен ақпараттық технология саласындағы қолжетімділікке қатысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      (d) Мүшелер олардың телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және телекоммуникациялық қызметтермен сауданы кеңейтуге ықпал ететін оқытуда және басқа қызмет түрлерінде технологияларды беруге жәрдемдесуге телекоммуникациялық қызметтермен шетелдік өнім берушілерін көтермелеуде ең аз дамыған елдердің мүмкіндігіне ерекше назар аударады.

      7. Халықаралық ұйымдар мен келісімдерге қарым-қатынас

      (а) Мүшелер жаһандық сәйкестілік және телекоммуникациялық желілер мен қызметтердің өзара іс-қимылы үшін халықаралық стандарттардың маңыздылығын мойындайды және Халықаралық электр байланысы одағын және Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымды қоса алғанда, тиісті халықаралық органдардың жұмысы арқылы осындай стандарттардың таралуына жәрдемдесу міндеттемесін алады.

      (b) Мүшелер үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар атқаратын рөлді және қызметтердің ұлттық және жаһандық телекоммуникациялық салаларының жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз етудегі келісімді әсіресе Халықаралық электр байланысы одағының рөлін мойындайды. Мүшелер қажет болған жағдайда осы Қосымшаны қолдану кезінде пайда болатын мәселелер бойынша осындай ұйымдармен консультациялар жүргізуге тиісті шаралар қабылдайды.

Базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер жөніндегі қосымша

      1. II бап және II бап бойынша міндеттемелерден алып қоюлар бойынша қосымша мүше сақтауға ниетті неғұрлым қолайлы режимге сәйкес келмейтін қосымшада айтылған кез келген шараны тізбеге енгізу талабын қоса алғанда, базалық телекоммуникацияларға қатысты күшіне енеді, тек қана мыналарға:

      (а) 5-тармаққа сәйкес айқындауға жататын қолдану күні, базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер туралы министрлер шешімі; немесе

      (b) егер келіссөздер табысты аяқталмаса, осы Режимде көзделген базалық телекоммуникациялар бойынша келіссөздер тобының қорытынды басяндамасының күні.

      2. 1-тармақ мүшенің тізбесіне енгізілген базалық телекоммуникациялар бойынша кез келген ерекше міндеттемеге қолданылуы тиіс емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады