МАРРАКЕШ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Жаңа

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісім, Марракеш қ.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      1994 жылы сәуірдің 12-нен 15-не дейінгі аралық кезеңінде Марракеште, Марокко, Сауда келіссөздері бойынша комитеттің министрлер деңгейіндегі қорытынды сессиясын өткізу бойынша Уругвай көпжақты сауда келіссөздеріне қатысушы 124 үкіметтің және Еуропалық қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын

      Министрлер,

      Уругвай көпжақты сауда келіссөздерін бастау мақсатында, 1986 жылы 20 қыркүйекте Пунта-дель-Эстеде, Уругвай, қабылданған Министрлер декларациясын еске сала отырып,

      Монреальда, Канада және тиісінше Брюссельде, Бельгия 1988 жылы желтоқсанда және 1990 жылы желтоқсанда өткен министрлер деңгейіндегі отырыстар барысында қол жеткізілген ілгерілеуді еске сала отырып,

      негізінен келіссөздер 1993 жылғы 15 желтоқсанда аяқталғанын атай отырып,

      экономика нарығына шоғырландырылған ашық және Уругвай раундының келісімдері мен шешімдерінде баяндалған міндеттемелер негізінде сауданың әлемдік жүйесіне ұлттық экономикалардың қатысу жолымен Уругвай раундының табысын бекіту ұмтылысын негізге ала отырып,

      бүгін осы Декларацияны қабылдадық:

ДЕКЛАРАЦИЯ

      1. Министрлер Раундты аяқтау түрінде тарихи жетістікті құптайды, ол әлемдік экономиканы нығайтады және бүкіл әлемде сауданы, инвестицияларды, жұмыспен қамтуды және кірістердің өсуін кеңейтуге қызмет етеді деп санайды. Атап айтқанда, олар мынаны құптайды:

      - дауларды реттеудің барынша тиімді әрі сенімді тетігін қоса алғанда, олар халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін қабылдаған өте берік әрі айқын заңды құрылымды;

      - тарифтерді 40%-ға жаһандық қысқарту және тауарлар үшін нарықтар ашатын өте кең келісімдер, сондай-ақ тарифтік міндеттемелердің көлемін кеңейту түріндегі үлкен болжампаздық және сенімділікті, және

      - қызметтер саудасы және зияткерлік меншік құқықтарының саудасына байланысты қорғау саласында қағидалардың көпжақты көпжақты құқықтық құрылымын құруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тоқыма және киім саласындағы көпжақты сауда келісімдерінің күшейтілген ережелерін.

      2. Министрлер Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бүкіл халықтың әл-ауқаты мүддесінде сауданың барынша әділ және барынша ашық көпжақты жүйесі шеңберінде жұмыс істеуге кеңінен ұмтылатындығын көрсете отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықта жаңа кезеңді мадақтайтынын растайды. Министрлер болуы мүмкін барлық протекционистік үрдістерге қарсы тұруға шешім байлағандарын білдіреді. Олар сауданы ырықтандыру және Уругвай раунды барысында уағдаластыққа қол жеткізгендер туралы барынша қатаң қағидалар саудада үлкен ашықтыққа алып келеді деп санайды. Министрлер ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін Уругвай раундының келіссөздер нәтижелеріне немесе олардың іске асырылуына қажетті емес әсерін тигізуі немесе бұзуы мүмкін қандай да болмасын шараларды қабылдамау міндеттемелерін өздеріне дереу алады.

      3. Министрлер осы мақсатты жүзеге асыратын ДСҰ, ХВҚ және Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, сауда, валюталық-қаржылық қатынастар саласындағы әлемдік саясатты барынша үйлестіруге өзінің шешім тапқандығын растайды.

      4. Министрлер Уругвай раундына қатысу алдыңғы көпжақты келіссөздердің кез келгеніне қарағанда өте кеңінен болғандығы, атап айтқанда дамушы елдер осы процесте белгілі және белсенді рөл атқарғандығы фактісін құптайды. Бұл сауда саласындағы елдердің неғұрлым теңгерімделген және ықпалдастырылған әріптестікке қарай жолындағы тарихи қадамы болды. Министрлер көрсетілген келіссөздерді жүргізу кезеңінде көптеген дамыған елдерде және бұрын орталықтандырылған жоспарлау экономикасында тәжірибесі бар елдерде экономикалық реформалар жүргізуге және сауданы автономды ырықтандыруға бағытталған аса маңызды шаралар қабылданғанын атап көрсетеді.

      5. Министрлер келіссөздер нәтижелері ең аз дамыған елдердің ережелерін ерекше назарға алуды қоса алғанда, сараланған және барынша қолайлы режимдегі дамыған елдерді ұсыну туралы ережелерді іске асыратындығын естеріңізге салады. Министрлер ең аз дамыған елдердің мүдделерінде осы ережелерді іске асыру маңыздылығын таниды және олардың саудасын кеңейтуге және инвестициялар мүмкіндіктерін ұлғайтуға ықпал жасауды және көмек көрсетуді жалғастыруға өзінің әзірлігі туралы мәлімдейді. Олар Министрлер конференциясында және ДСҰ тиісті органдарында ең аз дамыған елдерге, сондай-ақ осындай елдерге ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жағымды шараларды әзірлеу үшін азық-түліктің нетто-импорттаушылары болып табылатын дамыған елдерге Уругвай раундының нәтижелерін іске асыруға әсерін тұрақты қарауға келісті. Министрлер ГАТТ және ДСҰ қабілеттерін нығайту қажеттілігі олардың құзыреті аясында кеңейтілген техникалық көмекті беруді, әсіресе, ең аз дамыған елдерге оның көрсетілуін кеңейтуді таниды.

      6. Министрлер олардың ГАТТ-тан ДСҰ-ға өтудің басын білдіретін министрлер деңгейінде келісілген шешімдер қабылдау және көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының нәтижелерін қамтитын Қорытынды актісіне қол қою білдіреді деп мәлімдейді. Атап айтқанда, олар ДСҰ туралы келісімнің күшіне енуіне дайындау және ол 1995 ж. 1 қаңтарға күшіне енетіндей немесе осы күннен кейін болатындай оны ратификациялау үшін қажетті тиісті қадамдарды қамтамасыз ету мақсатында Дайындау комитетін құрды. Бұдан басқа, министрлер сауда және қоршаған орта бойынша шешім қабылдады.

      7. Министрлер Аса мәртебелі ІІ Хассан короліне министрлер деңгейінде отырыстың табысты өтуіне оның жеке қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Марокко үкіметі мен халқына олардың жайдары қонақжайлылығы мен іс-шараны керемет ұйымдастырғаны үшін орасан зор алғысын білдіреді. Уругвай келіссөздер раунды шеңберінде министрлер деңгейінде қорытынды отырысы Марракеште өткендігі фактісі әлемдік экономикалық жүйеге елдің толық ықпалдасуы және сауда жүйесінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету Марокко жолын ұстаушылықтың қосымша куәсі болып табылады.

      8. Қорытынды актіні қабылдаумен және қол қоюмен және ДСҰ туралы келісімді қабылдау үшін ашық болуымен министрлер Сауда келіссөздері жөніндегі комитеттің жұмысы осымен аяқталғанын және Уругвай раундының ресми аяқталғанын мәлімдейді.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ

      Министрлер,

      Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімнің (бұдан әрі "ДСҰ туралы келісім") ХI және ХIV баптары тек ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге осылай болып табылатын 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптарының 1994 ж. ГАТТ-қа қоса берілген жол берілімдер мен міндеттемелер тізбелерін және Қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімге (бұдан әрі – "ГАТС") қоса берілген өзіндік міндеттемелер тізбелерін ДСҰ туралы келісім қабылдай алады деп көздейтінін атай отырып;

      көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының нәтижелерін іске асыратын Қорытынды актінің 5-тармағы (бұдан әрі тиісінше "Қорытынды акті" және "Уругвай раунды") 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болып табылмайтын қатысушылар тізбелері Қорытынды актіге қол қойылған күннен бастап түпкілікті болып табылмайтынын және соның салдарынан 1947 ГАТТ-қа қосылу және олардың ДСҰ туралы келісімді қабылдау мақсаттары аяқталады деп көздейтінін атай отырып;

      ең аз дамыған елдердің пайдасына шаралар туралы шешімнің 1-тармағы ең аз дамыған елдердің басқаруында ДСҰ туралы келісімнің ХI бабына сәйкес олардың тізбелерін беру үшін 1994 ж. 15 сәуірден бастап есептегенде, қосымша бір жыл болады деп көздейтінін ескере отырып;

      Уругвай раундының кейбір қатысушылары de facto 1947 ГАТТ ережелерін қолданғанын және 1947 ГАТТ XXVI:5(с) бабына сәйкес уағдаласушы тараптар болғанын, 1994 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбелерді ұсыну мүмкіндігі болмағанын тани отырып;

      бұдан әрі кейбір мемлекеттер немесе жекелеген кеден аумақтарының Уругвай раундына қатыспағанын, ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болуы мүмкін екендігін және ол осындай мемлекеттер немесе кеден аумақтарына 1944 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбелер туралы келіссөздер жүргізу мүмкіндігі берілуі тиіс екендігін, оларға ДСҰ туралы келісімді қабылдау мүмкіндік беретіндігін тани отырып;

      кейбір мемлекеттердің немесе жекелеген кеден аумақтарының ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін 1947 ГАТТ-қа қосылу процесін аяқтауы мүмкін еместігін немесе 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болуға ниет білдірмегенін, ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін ДСҰ-ға өзінің қосылу процесін бастауға тілек білдіруі мүмкін екендігін назарға ала отырып;

      ДСҰ туралы келісім ешбір жағдайда ХI және ХIV баптарға сәйкес көрсетілген Келісімді қабылдаған ДСҰ мүшелері және ,ХII бапқа сәйкес оған қосылған ДСҰ мүшелері арасында шектеулерді жүргізбейтінін және осындай ережені қамтамасыз ету тілегіне сүйене отырып, ДСҰ туралы келісім күшіне енген күнге 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болмаған мемлекеттер мен жекелеген кеден аумақтарының қосылу рәсімдері оларды пайдалы емес жағдайларға қалдырмайтынын және осы мемлекеттер мен жекелеген кеден аумақтары үшін расталмаған кідіртулерді болдырмағанын тани отырып;

      мыналарды шешеді:

      1. (а) Қорытынды актіге қол қойған кез келген тарап,

      - оған Қорытынды актінің 5-тармағы қолданылатын, немесе

      - оған ең аз дамыған елдердің пайдасына шаралар туралы шешімнің 1-тармағы қолданылатын, немесе

      - ол 1994 ж. 15 сәуірге дейін 1947 ГАТТ ХХVI:5(с) бабына сәйкес уағдаласушы тарап болған және Қорытынды актіге қосу үшін 1994 ГАТТ және ГАТС бойынша тізбені дайындай алмайтын жағдайда болған және

      - 1994 ж. 15 сәуір мен ДСҰ туралы келісім күшіне енген күн арасындағы кезеңде 1947 ГАТТ уағдаласушы тарабы болатын,

      кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы

      Дайындау комитетіне 1994 ГАТТ бойынша шегінулер мен міндеттемелер тізбесін және ГАТС бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесін қарау және мақұлдау үшін беруі мүмкін.

      (b) ДСҰ туралы Келісімнің ХIV бабына сәйкес ол тізбелері ДСҰ туралы келісім күшіне енгенге дейін берілетін және мақұлданатын 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары қабылдау үшін ашық болады.

      (с) Осы тармақтың (а) және (b) тармақшаларының ережелері ең аз дамыған елдердің 1994 жылғы 15 сәуірден бастап есептегенде бір жыл бойы олардың тізбелерін беруге қатысты құқықтарына зиянын тигізбейді.

      2. (а)      Кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы Дайындау комитетіне көрсетілген Келісімнің ХII бабына сәйкес ДСҰ туралы келісімге өзінің қосылу талабын мақұлдауды ДСҰ Министрлер конференциясына ұсынуға өтініш жасай алады. Егер осындай өтінішпен мемлекет немесе 1947 ГАТТ-қа қосылу процесінде тұрған жекелеген кеден аумағы жүгінсе, Дайындау комитеті мүмкіндігіне қарай, осы өтінішті осы мемлекеттің немесе жекелеген кеден аумағының қосылуын қарау мақсатында 1947 ГАТТ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫ құрған Жұмыс органымен бірлесіп қарастырады.

      (b) Дайындау комитеті осындай өтінішті қарау туралы баяндаманы Министрлер конференциясына береді. Баяндама Министрлер конференциясы мақұлдауы тиіс 1994 ГАТТ бойынша жол берілімдер мен міндеттемелер тізбесін және ГАТС бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесін қоса алғанда, қосылу туралы хаттаманы енгізуі мүмкін. Дайындау комитетінің баяндамасы тиісті мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы ұсынған ДСҰ туралы Келісімге қосылуы туралы өтінімді қарау кезінде Министрлер конференциясының назарына қабылданады.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ МАРРАКЕШ КЕЛІСІМІ

      Осы Келісімнің Тараптары,

      Сауда және экономикалық саясат саласындағы олардың қарым-қатынастары өмірлік деңгейін арттыру, толық жұмыспен қамтылуын және нақты кірістер мен тиімді сұраныс деңгейінің елеулі әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға ұмтылу және экономикалық дамудың әртүрлі деңгейлерінде олардың тиісті қажеттіліктері мен мүдделеріне үйлесімді осы жолдар үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсаттарына сәйкес әлемдік ресурстарды оңтайлы пайдалану кезінде тауарлар мен қызметтер өндірісі мен саудасын кеңейту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс екендігін тани отырып;

      сондай-ақ дамушы елдердің, әсіресе олардың экономикалық даму қажеттіліктерімен мөлшерлес халықаралық сауданың өсуіндегі олардың кепілдік берілген үлесінен ең аз дамыған елдердің қамтамасыз етуіне бағытталған жағымды күштерді тани отырып;

      саудада тарифтер мен басқа да кедергілерді елеулі түрде қысқартуға және халықаралық сауда қатынастарында кемсітушілік режимін жоюға бағытталған өзара әрі екіжақты тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу жолымен осы мақсаттарды орындауға мүмкіндік жасауға ұмтыла отырып;

      Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің, Уругвай көпжақты сауда келіссөздері раундының саудасын және барлық нәтижелерін ырықтандырудағы бұрынғы жетістіктер негізінде ықпалдастырылған, барынша өмірге қабілетті және тұрақты көпжақты сауда жүйесін құруды шешіп;

      көрсетілген көпжақты сауда жүйесінде қойылған негізгі қағидаттарды сақтауға және мақсаттарды қолдауға шешімімен кернеле отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласуда:

I-БАП

Ұйымды құру

      Осымен Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі "ДСҰ" деп аталатын) құрылады.

II-БАП

ДСҰ қызметінің аясы

      1. ДСҰ келісімдерге және осы Келісімге қосымшаларға енгізілген құқықтық құжаттарға жатқызылған мәселелермен оның мүшелері арасындағы сауда қарым-қатынастарын жүзеге асыру үшін жалпы институционалдық негіздерді қамтамасыз етеді.

      2. Келісімдер және 1, 2 және 3-қосымшаларға енгізілген оларға байланысты құқықтық құжаттар (бұдан әрі "Көпжақты сауда келісімдері" деп аталатын) осы Келісімнің ажырамас бөлігі және барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады.

      3. Келісімдер және 4-қосымшаға енгізілген оларға байланысты құқықтық құжаттар (бұдан әрі "Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдері" деп аталатын) оларды қабылдаған мүшелер үшін осы Келісімнің бөлігін құрайды және осы мүшелер үшін міндетті болып табылады. Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдері оларды қабылдамаған мүшелер үшін міндеттемелер немесе құқықтарды тудырмайды.

      4. 1А қосымшада келтірілген 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім (бұдан әрі "1994 ГАТТ" деп аталатын) кейінгі нақтылаулармен, толықтырулармен немесе өзгерістермен Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және жұмыспен қамту жөніндегі конференциясының Дайындау комитетінің екінші сессиясы аяқталғанда қабылданған Қорытынды актіге қоса берілген 1947 жылғы 30 қазандағы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнен (бұдан әрі "1947 ГАТТ" деп аталатын) ерекшеленетін заңды құжат болып табылады.

III-БАП

ДСҰ функциялары

      1. ДСҰ осы Келісімді және Көпжақты сауда келісімдерін орындауға, қолдануға және әрекет етуіне ықпал жасайды, олардың мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ Қатысушылардың шектеулі тобымен сауда келісімдерін орындау, қолдану және әрекет етуі үшін негіздермен қамтамасыз етеді.

      2. ДСҰ осы Келісімге Қосымшаларда қамтылатын келісімдерге қатысты олардың көпжақты сауда келісімдері мәселелері бойынша оның мүшелері арасында келіссөздер жүргізуге арналған форум болып табылады. Министрлер конференциясының шешімі бойынша ДСҰ олардың көпжақты сауда қатынастарына қатысты оның мүшелері арасында одан арғы келіссөздерге арналған форумдардың бірі болуы, сондай-ақ осындай келіссөздер нәтижелерін қолдану үшін негіздерді қамтамасыз етуі мүмкін.

      3. ДСҰ осы Келісімге 2-қосымшада қамтылған дауларды шешуді реттейтін Қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластыққа (бұдан әрі "Дауларды шешу туралы уағдаластық" немесе "ДШУ" деп аталатын) қатысты әкімшілік функцияларды орындайды.

      4. ДСҰ осы Келісімге 3-қосымшада қамтылған Сауда саясатына шолу тетігіне (бұдан әрі "ССШТ" деп аталатын) қатысты әкімшілік функцияларды орындайды.

      5. Жаһандық экономикалық саясатты жүргізу кезінде үлкен келісушілікке қол жеткізу мақсатында, ДСҰ бұл Халықаралық валюталық қор және Халықаралық қайта құру және даму банкімен және оларға байланысты агенттіктермен орынды болғанда, ынтымақтасады.

IV-БАП

ДСҰ құрылымы

      1. Барлық мүшелер өкілдерінен тұратын Министрлер конференциясы құрылады, ол әр екі жыл сайын кемінде бір реттен өткізіледі. Министрлер конференциясы ДСҰ функцияларын орындайды және осылар үшін қажетті шараларды алдын ала қабылдайды. Министрлер конференциясы осы Келісімде және тиісті Көпжақты сауда келісімінде қамтылған шешімдерді қабылдауға қатысты нақты талаптарға сәйкес, егер ол жайында қандай да бір мүше сұрайтын болса, Көпжақты сауда келісімдерінен кез келгеніне жатқызылған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау өкілеттігіне ие болады.

      2. Барлық мүшелер өкілдерінен тұратын Бас кеңес құрылады, ол қажеттілігіне қарай жиналады. Министрлер конференциясының отырыстары арасындағы үзілістерде оның функцияларын Бас кеңес жүзеге асырады. Сондай-ақ Бас кеңес осы Келісімде оған белгіленген функцияларды орындайды. Бас кеңес өзінің рәсімдер қағидаларын белгілейді және 7-тармақта көзделген Комитеттердің рәсімдер қағидаларын бекітеді.

      3. Тиісті жағдайларда Бас кеңес Дауларды шешу жөніндегі уағдаластықта көзделген дауларды шешу жөніндегі органның функцияларын орындау үшін құрылады. Дауларды шешу жөніндегі органның өз төрағасы болуы мүмкін және ол өз функцияларын орындау үшін қайсысы қажет деп санаса, сондай рәсімдер қағидаларын белгілейді.

      4. Тиісті жағдайларда Бас кеңес ССШТ көзделген сауда саясатына шолу жүргізу жөніндегі органның функцияларын орындау үшін шақырылады. Сауда саясатына шолу жүргізу жөніндегі органның өз төрағасы болуы мүмкін және ол өз функцияларын орындау үшін қайсысы қажет деп санаса, сондай рәсімдер қағидаларын белгілейді.

      5. Бас кеңестің жалпы басшылығымен әрекет ететін Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі (бұдан әрі "ЗМҚСА жөніндегі кеңес" деп аталатын) кеңес құрылады. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес 1А қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісімдерінің қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес қызметтер саудасы жөніндегі Бас келісімнің (бұдан әрі "ГАТС" деп аталатын) қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. ЗМҚСА жөніндегі кеңес Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі "ЗМҚСА жөніндегі келісім" деп аталатын) қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Осы Кеңестер тиісті келісімдерде және Бас кеңес оларға белгілеген функцияларды атқарады. Олар Бас кеңестің мақұлдауына жататын өздерінің тиісті рәсімдер қағидаларын белгілейді. Осы Кеңестерге мүшелік барлық мүшелердің өкілдері үшін ашық. Бұл Кеңестер өз функцияларын орындау үшін қажеттілігіне қарай шақырылады.

      6. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес және ТРИПС жөніндегі кеңес қажет болған жағдайда, қосымша органдарды құрады. Осындай қосымша органдар тиісті Кеңестермен мақұлдауға жататын рәсімдердің өз қағидаларын белгілейді.

      7. Министрлер конференциясы төлемдік теңгерімге байланысты Сауда және даму жөніндегі комитетті, Шектеулер жөніндегі комитетті және осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде оларға белгіленген функцияларды, сондай-ақ Бас кеңес оларға белгілеген кез келген қосымша функцияларды орындайтын Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитетті құрады және ол қажет деп есептейтін осындай функциялармен кез келген басқа да комитеттерді құруы мүмкін. Сауда және даму жөніндегі комитет өз функцияларын жүзеге асыру тәртібімен мерзімді түрде ең аз дамыған елдердің мүшелерінің пайдасына Көпжақты сауда келісімдерінің арнайы ережелеріне шолу жүргізеді және тиісті іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында Бас кеңеске баяндамаларды ұсынады.

      8. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісімдерінде көзделген органдар осы Келісімдерде оларға белгіленген функцияларды орындайды және ДСҰ институционалдық шеңберінде әрекет етеді. Осы органдар тұрақты негізде өз қызметі туралы Бас кеңеске ақпарат береді.

V-БАП

Басқа ұйымдармен қарым-қатынастар

      1. Бас кеңес ДСҰ функцияларына қатынасы бар функцияларды орындайтын басқа үкіметаралық ұйымдармен тиімді ынтымақтастығы туралы тиісті келісімдерді жасасады.

      2. Бас кеңес ДСҰ айналысатын мәселелерге қатысы бар мәселелермен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен консультациялар және ынтымақтастық туралы тиісті келісімдерді жасауы мүмкін.

VI-БАП

Хатшылық

      1. Бас директор басқаратын ДСҰ хатшылығы (бұдан әрі "Хатшылық" деп аталатын) құрылады.

      2. Министрлер конференциясы Бас директорды тағайындайды және Бас директордың лауазымында болу өкілеттігін, міндеттерін, жұмыс талаптары мен мерзімін белгілейтін қағидаларды қабылдайды.

      3. Бас директор Хатшылық қызметкерлері мүшелерін тағайындайды және Министрлер конференциясы қабылдайтын қағидаларға сәйкес олардың міндеттері мен жұмыс талаптарын белгілейді.

      4. Бас директордың және Хатшылық қызметкерінің міндеттері өз сипаты бойынша көбінесе халықаралық болып табылады. Өз міндеттерін орындау кезінде Бас директор және Хатшылық қызметкері ДСҰ-дан басқа, қандай да бір үкіметтің немесе кез келген басқа органның нұсқауын сұрай немесе қабылдай алмайды. Олар кез келген іс-қимылдан қалыс қалуы тиіс, бұл олардың халықаралық лауазымды тұлғалар мәртебесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. ДСҰ мүшелері Бас директордың және Хатшылық қызметкерінің міндеттерінің халықаралық сипатын құрметтеуі тиіс және олардың өз міндеттерін орындау кезінде оларға әсерін тигізуге ұмтылмауы тиіс.

VII-БАП

Бюджет және жарналар

      1. Бас директор Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитетке ДСҰ жылдық бюджетінің жобасын және қаржылық есебін ұсынады. Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитет Бас директор ұсынған жылдық бюджеттің жобасын және қаржылық есепті қарайды және олар бойынша Бас кеңеске ұсыныстар жасайды. Жылдық бюджеттің жобасы Бас кеңестің бекітуіне жатады.

      2. Бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитет:

      (a) оның мүшелері арасындағы ДСҰ шығыстарын бөлумен жарналар шкаласын;

      (b) берешегі бар мүшелерге қатысты алдын ала қабылдануы тиіс шараларды белгілейтін ережелерді қамтитын қаржы қағидаларына қатысты Бас кеңеске ұсыныстарды береді.

      Қаржы қағидалары қаншалықты 1947 ГАТТ қағидалары мен тәжірибесіне негізделуі тиіс.

      3. Бас кеңес мүшелердің жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан кезде дауыстардың үштен екі бөлігімен қаржы қағидаларын және жылдық бюджеттің жобасын қабылдайды.

      4. Әрбір мүше қысқа мерзімде ДСҰ-ға Бас кеңес қабылдаған қаржы қағидаларына сәйкес ДСҰ шығыстарының өз үлесі мөлшерінде жарнаны енгізеді.

VIII-БАП

ДСҰ мәртебесі

      1. ДСҰ заңды тұлға мәртебесіне ие және оның әрбір мүшесі оның функцияларын орындау үшін қажет болатын оған осындай құқық қабілетін береді.

      2. Әрбір мүше ДСҰ-ға оның функцияларын орындау үшін қажетті осындай артықшылықтар мен иммунитеттерді ұсынады.

      3. ДСҰ лауазымды тұлғаларына және мүшелерінің өкілдеріне де ДСҰ-ға байланысты олардың функцияларын тәуелсіз орындау үшін қажетті осындай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

      4. ДСҰ-ның өзімен қандай да бір мүшеге, оның лауазымды тұлғасына және оның мүшелерінің өкілдеріне ұсынылатын артықшылықтар мен иммунитеттер Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 21 қарашада мақұлдаған Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері бойынша конвенцияда белгіленген ұқсас артықшылықтар мен иммунитеттер болуы тиіс.

      5. ДСҰ штаб-пәтер туралы келісімді жасауы мүмкін.

IX-БАП

Шешімдер қабылдау

      1. ДСҰ 1947 ГАТТ-қа сәйкес қолданылған консенсус жолымен шешімдер қабылдау тәжірибесін жалғастыратын болады. Егер өзгеше көзделмесе, онда консенсус шешімдерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, қарастырылып отырған мәселе бойынша шешімді дауыспен қабылдайды. Министрлер конференциясы және Бас кеңестің отырыстарында ДСҰ-ның әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Егер Еуропалық қоғамдастықтар өз дауыс құқығын пайдаланса, олар ДСҰ мүшелері болып табылатын оларға мүше-мемлекеттердің санына тең дауыс саны болады. Министрлер конференциясының және Бас кеңестің шешімдері егер осы Келісімде немесе тиісті Көпжақты сауда келісімінде өзгеше көзделмесе, берілген дауыстардың көпшілігімен қабылданады.

      2. Министрлер конференциясы және Бас кеңестің осы Келісімді және Көпжақты сауда келісімдерін түсіндіру туралы шешім қабылдаудың айрықша құқығына ие. 1-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісімін түсіндірген жағдайда, олар осындай Келісімнің қолданылуын қадағалаған Кеңестің ұсыныстары негізінде өз өкілеттіктерін жүзеге асырады. Түсіндіру туралы шешім мүшелердің төрттен үш көпшілігімен қабылданады. Осы тармақ X баптағы түзетулер туралы ережелерді бұзбайтындай етіп қолданбауы тиіс.

      3. Ерекше жағдайларда Министрлер конференциясы осы келісімнен немесе кез келген Көпжақты сауда келісімдерінен туындайтын міндеттемелерден мүшені босату туралы шешімді қабылдауы мүмкін, бұл жағдайда, кез келген осындай шешім егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, мүшелердің төрттен үш көпшілігімен қабылданатын болады.

      (a) Осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерден босату туралы өтініш Министрлер конференциясына консенсус жолымен шешімдер қабылдау практикасы негізінде қарау үшін беріледі. Министрлер конференциясы осындай өтінішті қарау мерзімін белгілейді, ол 90 күннен аспауы тиіс. Егер осы кезең ішінде консенсуске қол жеткізбесе, онда міндеттемелерден босату туралы кез келген шешім мүшелердің төрттен үш көпшілігімен қабылданады. 4

      (b) 1А , 1В, немесе 1С қосымшаларда және оларға қосымшаларда қамтылған Көпжақты сауда келісімдерінен туындайтын міндеттемелерден босату туралы өтініш алдымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске немесе тиісінше ТРИПС жөніндегі кеңеске 90 күннен аспайтын мерзімге қарау үшін беріледі. Осы мерзім аяқталған соң, тиісті Кеңес Министрлер конференциясына баяндама ұсынады.

      4. Министрлер конференциясының міндеттемелерден босату туралы шешімі осындай шешімді, оны қолдану мерзімдері мен талаптарын, сондай-ақ оның қолданылуын аяқтау күнін растайтын ерекше мән-жайлардың бар болуын белгілейді. Бір жылдан астам кезеңге міндеттемелерден босату туралы шешімді Министрлер конференциясы оны қабылдағаннан кейін бір жылдан кешіктірмей, ал одан соң жыл сайын оның күші жойылғанға дейін қайта қарайды. Әрбір осындай қарау кезінде Министрлер конференциясы осындай босатуды ақтайтын төтенше жағдайлардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ оның барлық мерзімдері мен талаптарының сақталуы туралы мәселелерді зерттейді. Министрлер конференциясы осындай жыл сайынғы қараулар негізінде осындай шешімнің қолданылуын ұзартуы, оны өзгертуі немесе қабылдамауы мүмкін.

      5. Оны түсіндіру бойынша және міндеттемелерден босату бойынша кез келген шешімдерді қоса алғанда, қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісімі бойынша шешімдер осындай Келісімнің әрқайсысының ережелерімен реттеледі.

X-БАП

Түзетулер

      1. ДСҰ кез келген мүшесі Министрлер конференциясының осындай ұсыныстарын беру жолымен 1-қосымшада қамтылған осы Келісімнің немесе Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер енгізу туралы ұсыныс енгізуі мүмкін. Сондай-ақ IV баптың 5-тармағында санамаланған кеңестер қолданылуын олар бақылайтын, 1-қосымшада қамтылған тиісті Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер туралы ұсыныстарды Министрлер конференциясы ұсыну мүмкін. Егер Министрлер конференциясы ұзақ уақыт кезеңінен астам шешім қабылдамаса, онда Министрлер конференциясының ұсынысын формалды табыстағаннан кейін 90 күн ішінде Министрлер конференциясының кез келген шешімі оны қабылдау үшін мүшелерге ұсынылған түзетуді ұсынуды консенсуспен қабылдайды. Егер 2, 5 немесе 6-тармақтардың ережелері ғана қолданылмаса, осындай шешім 3 немесе 4-тармақтардың ережелеріне қолдануға нұсқауды қамтуы тиіс.Консенсусқа қол жеткізу бойынша Министрлер конференциясы қабылдау үшін ұсынылған түзетуді мүшелерге дереу ұсынады. Егер Министрлер конференциясының отырысында консенсусқа белгіленген кезең ішінде қол жеткізбесе, онда Министрлер конференциясы қабылдау үшін мүшелерге ұсынылған түзетуді табыстауға бола ма деген мүшелердің үштен екі бөлігімен шешіледі. 2, 5 және 6-тармақтарда көзделген ережелерді қоспағанда, ұсынылған түзетуге егер Министрлер конференциясы 4-тармақтың ережелерін қолдану туралы мүшелердің төрттен үш бөлігімен ғана шешпесе, 3-тармақтың ережелері қолданылады.

      2. Осы баптың ережелеріне және төмендегі баптардың ережелеріне түзетулер барлық мүшелер қабылдағаннан кейін ғана күшіне енеді:

      Осы Келісімнің IX бабы;

      1994 ГАТТ I және II баптары;

      ГАТС II:1 бабы;

      ТРИПС бойынша келісімнің IV бабы.

      3. 2 және 6-тармақтарда санамаланған ережелерге түзетулерді қоспағанда, осы Келісімнің немесе өз сипатына байланысты мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгертуі мүмкін 1А және 1С қосымшаларда қамтылған осы Келісімнің немесе Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер оларды қабылдаған мүшелер үшін ДСҰ мүшелерінің үштен екісі қабылдағаннан кейін және бұдан соң – әрбір басқа мүшесі үшін олардың осы түзетулерді қабылдаған сәтінен бастап күшіне енеді. Министрлер конференциясы мүшелердің төрттен үш көпшілігімен шеше алады, ол осындай тармақтың ережелері негізінде күшіне енген кез келген түзету осындай сипатқа ие болады, Министрлер конференциясы осындай әр түзету үшін белгілеген мерзімге оны қабылдамаған кез келген мүше не ДСҰ-дан шығуды, не Министрлер конференциясының келісімімен оның мүшесі болып қалуды шешуі мүмкін.

      4. 2 және 6-тармақтарда санамаланған ережелерге түзетулерді қоспағанда, осы Келісімнің немесе өз сипатына байланысты мүшелердің құқықтары мен міндеттемелерін өзгертпейтін 1А және 1С қосымшаларда қамтылған осы Келісімнің немесе Көпжақты сауда келісімдерінің ережелеріне түзетулер барлық мүшелер үшін оларды мүшелердің үштен екісі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.

      5. Жоғарыда 2-тармақта көзделген ережелерді қоспағанда, ГАТС I, II және III бөлімдеріне және тиісті қосымшаларға түзетулер мүшелердің үштен екілері оларды қабылдаған мүшелер үшін қабылдағаннан кейін және осыдан кейін – әр мүше үшін олар осы түзетулерді қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді. Министрлер конференциясы мүшелердің төрттен үш бөлігімен алдыңғы ереженің негізінде күшіне енген кез келген түзетудің осындай сипаттамасы бар екендігін, әр осындай түзету бойынша Министрлер конференциясы белгілеген мерзімге оны қабылдамаған кез келген мүше не ДСҰ-дан шығуды, не Министрлер конференциясының келісімімен оның мүшесі болып қалуды шеше алады. ГАТС IV, V немесе VI бөлімдеріне және тиісті қосымшаларға өзгерістер барлық мүшелер үшін мүшелердің үштен екісі оларды қабылдағаннан кейін күшіне енеді.

      6. Осы баптың басқа да ережелеріне қарамастан, осы Келісімнің 71-бабы 2-тармағының талаптарына жауап беретін ТРИПС бойынша келісімге түзетулер одан әрі қабылдаудың формалды рәсімдерсіз Министрлер конференциясымен қабылдануы мүмкін.

      7. 1-қосымшада қамтылған осы Келісімге немесе Көпжақты сауда келісіміне түзетуді қабылдаған кез келген мүше түзетулерді қабылдау үшін ДСҰ бас директорынан Министрлер конференциясы белгілеген мерзімге қабылдау туралы құжатты депозитке салады.

      8. ДСҰ-ның кез келген мүшесі Министрлер конференциясының осындай ұсыныстарын беру жолымен 2 және 3-қосымшаларда қамтылған Көпжақты сауда келісімдеріне түзетулер туралы ұсынысты енгізе алады. 2-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісіміне түзетулер қабылдау туралы шешім консенсуспен қабылданады және осы түзетулер Министрлер конференциясы мақұлдағаннан кейін барлық мүшелер үшін күшіне енеді. 3-қосымшада қамтылған Көпжақты сауда келісіміне түзетулерді мақұлдау туралы шешім оларды Министрлер конференциясы мақұлдаған сәттен бастап барлық мүшелер үшін күшіне енеді.

      9. Қандай да бір сауда келісіміне қатысушы-мүшелердің өтініші бойынша Министрлер конференциясы осындай келісімді 4-қосымшаға қосу туралы мәселені консенсус жолымен ғана шеше алады. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісіміне қатысушы-мүшелердің өтініші бойынша Министрлер конференциясы осындай Келісімді 4-қосымшадан шығару туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      10. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісіміне түзетулер осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XI-БАП

Мүше-құрылтайшылар

      1. Осы Келісім күшіне енген күнге 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптардың және осы Келісімді және Көпжақты сауда келісімдерін қабылдаған Еуропалық қоғамдастықтардың 1994 ГАТТ-та қоса берілген жол берілімдер мен міндеттемелер тізбелері және ГАТС-қа қоса тіркелген өзіндік міндеттемелер тізбелері ДСҰ мүше-құрылтайшыларға айналады.

      2. Біріккен Ұлттар Ұйымы осылай таныған ең аз дамыған елдерден олардың жеке дамуына, қаржылық және сауда қажеттіліктеріне немесе олардың әкімшілік және институционалдық мүмкіндіктеріне үйлесімді міндеттемелерді және жол берілімдерді қабылдау ғана талап етіледі.

XII-БАП

Қосылу

      1. Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде көзделген өздерінің сыртқы сауда қатынастарын жүргізуге және басқа да мәселелерге толық автономияға ие болған кез келген мемлекет немесе жекелеген кеден аумағы осындай мемлекет немесе аумақ және ДСҰ арасында келісілген талаптарда осы Келісімге қосылуы мүмкін. Осындай қосылу осы Келісімге және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісімдеріне қатысты қолданылады.

      2. Қосылу туралы шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Министрлер конференциясы ДСҰ мүшелерінің үштен екі көпшілігімен қосылу шарттары туралы келісімді мақұлдайды.

      3. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісіміне қосылу осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XIII-БАП

Жекелеген мүшелер арасында Көпжақты сауда келісімдерін қолданбау

      1. 1 және 2-қосымшаларда қамтылған осы Келісім және Көпжақты сауда келісімдері егер олардың кез келгені олардың біреуі ДСҰ-ға кіру сәтінде осындай қолдануға келіспесе, қандай да болмасын бір мүше және қандай да болмасын басқа мүше арасында қолданылмайды.

      2. 1-тармақ егер бұрын олардың арасындағы қатынастар осы Келісімнің XXXV бабында қолданылған жағдайда ғана 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары болған ДСҰ мүше-құрылтайшылар арасында қолданылуы мүмкін және ол осы Келісімнің олар үшін күшіне енген сәтінде көрсетілген уағдаласушы тараптар үшін күші болды.

      3. 1-тармақ қосылу шарттары туралы келісімді Министрлер конференциясы мақұлдағанға дейін Министрлер конференциясын осылар жайлы хабардар етіп, олардың бірі егер тек қолдануға келіспеген мүше болған жағдайда ғана ХІІ баптың негізінде қосылған екі мүше арасында қолданылады.

      4. Кез келген мүшенің өтініші бойынша министрлер конференциясы осы баптың нақты жағдайларда қолданылуын және тиісті ұсыныстарды жасауын қарауы мүмкін.

      5. Оның тараптары арасында қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісімін қолданбау осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XIV-БАП

Қабылдау, күшіне ену және депозитарийлер

      1. Осы Келісім 1947 ГАТТ уағдаласушы тараптары және Еуропалық қоғамдастықтар үшін қол қою жолымен немесе басқа тәсілмен қабылдауға ашық, олардың осы Келісімнің ХІ бабына сәйкес ДСҰ мүше-құрылтайшылар болуға құқығы бар. Көрсетілген рәсім осы Келісімге және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісіміне қолданылады. Осы Келісім және оған қоса берілген Көпжақты сауда келісімдері Уругвай көпжақты сауда келісімдері раундының нәтижелері қамтылған Қорытынды актінің 3-тармағына сәйкес министрлер белгілеген күннен бастап күшіне енеді және егер министрлер басқаша шешпесе, осы күннен кейін екі жыл бойы қабылдау үшін ашық болып қалады. Осы Келісімді ол күшіне енгеннен кейін қабылдау осындай қабылдау күнінен бастап 30-күнге жарамды болады.

      2. Осы Келісімді ол күшіне енгеннен кейін қабылдаған мүше егер ол осы Келісім оны күшіне енген күннен бастап қабылдаса, осы Келісім күшіне енген сәттен бастап орындалуы тиіс Көпжақты сауда келісімдері бойынша жол берілімдер мен міндеттемелерді орындайды.

      3. Осы Келісім күшіне енгенге дейін осы Келісімнің және Көпжақты сауда келісімдерінің мәтіндер депозитарийлері 1947 ГАТТ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ Бас директоры болып табылады. Бас директор осы Келісімді олар қабылдағаннан кейін осы Келісімнің және Көпжақты сауда келісімдерінің расталған көшірмесін, сондай-ақ әрбір үкіметке және Еуропалық қоғамдастыққа олардың әрқайсысының қабылдағаны туралы хабарламаны дереу ұсынады. Осы Келісімнің, Көпжақты сауда келісімдерінің депозитарийі және оларға кез келген түзетулер осы Келісім күшіне енгеннен кейін ДСҰ Бас директоры болып табылады.

      4. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісімін қабылдауы және күшіне енуі осындай Келісімнің ережелерімен реттеледі. Мұндай Келісімдердің депозитарийі ГАТТ 1947 ГАТТ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАБЫНЫҢ Бас директоры болып табылады. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін осындай Келісімдердің депозитарийі ДСҰ Бас директоры болады.

XV-БАП

Шығу

      1. Кез келген мүше осы Келісімнен шыға алады. Мұндай шығу осы Келісімге де, Көпжақты сауда келісімдеріне де қолданылады және шығу туралы жазбаша хабарламаны ДСҰ Бас директоры алған күннен бастап алты ай өткеннен соң күшіне енеді.

      2. Қатысушылардың шектеулі тобымен Сауда келісімінен шығу осы Келісімнің ережелерімен реттеледі.

XVI -БАП

Әртүрлі ережелер

      1. Егер осы Келісімде немесе Көпжақты сауда келісімдерінде өзгеше көзделмесе, ДСҰ 1947 ГАТТ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫ және 1947 ГАТТ шеңберінде құрылған органдар қолданған шешімдерді, рәсімдерді және қарапайым тәжірибені басшылыққа алады.

      2. 1947 ГАТТ хатшылығы бұл қаншалықты мүмкін болса, ДСҰ хатшылығына, ал осы Келісімнің VI бабы 2-тармағына сәйкес Министрлер конференциясы Бас директорды тағайындағанға дейін 1947 ГАТТ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАБЫНЫҢ Бас директоры ДСҰ Бас директорының міндеттерін орындайды.

      3. Осы Келісімнің ережесі және Көпжақты сауда келісімдерінің кез келген ережесі арасында қайшылық болған жағдайда, көрсетілген қайшылыққа қатысты осы Келісімнің ережесінің артықшылық күші бар.

      4. Әрбір мүше өз заңдары, өзге нормативтік актілер мен әкімшілік рәсімдерінің қоса берілген Келісімдерден туындайтын өз міндеттемелеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      5. Осы Келісімнің кез келген ережелеріне қатысты ескертпелерге жол берілмейді. Көпжақты сауда келісімдері ережелерінің кез келгеніне қатысты ескертпелер осы Келісімдерде көзделген шегінде ғана жасалуы мүмкін. Қатысушылардың шектеулі тобы бар Сауда келісімінің ережелеріне қатысты ескертпелер осы Келісімнің ережелерімен реттеледі.

      6. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеледі.

      Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы сәуірдің он бесінші күнінде Марракеште ағылшын, француз және испан тілдерінде бір данада ЖАСАЛДЫ, сонымен бірге мәтіннің әрқайсысының бірдей күші бар.

Түсіндірме ескертулер

      Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерде пайдаланылатын "ел" немесе "елдер" деген терминдер ДСҰ мүшесі болып табылатын кез келген кеден аумағын білдіреді.

      Осы Келісімде және Көпжақты сауда келісімдерінде қандай да болмасын сөзде "ұлттық" деген термин пайдаланылғанда, ДСҰ мүшесі болып табылатын жеке кеден аумағы болған жағдайда, осындай сөзді егер өзгеше белгіленбесе, осындай кеден аумағына жатқызылады деп санауға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады