ЖӨНЕЛТУ АЛДЫНДАҒЫ ИНСПЕКЦИЯ БОЙЫНША КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім.

      ЗҚАИ ескертпесі!
      Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.

      Мүшелер,

      1986 жылғы 20 қыркүйекте министрлер Көп тараптық сауда келіссөздері Уругвай раундының мақсаттары "бұдан әрі либеризацияны қамтамасыз ету және әлемдік сауданы кеңейту", ГАТТ-тың рөлін нығайту" және ГАТТ жүйесінің өзгеретін халықаралық экономикалық талаптарға бейімделу қабілеттілігін жоғарлату" болып табылатынға келіскенін белгілеп отырып;

      бірқатар дамып жатқан елдер-мүшелер жөнелту алдындағы инспекцияның қызметін пайдаланатынды белгілеп отырып;

      дамып жатқан елдер үшін импортталатын тауарлардың сапасын, санын және бағаларын тексеру үшін керек уақыт бойы және қажетті шамада осындай инспекцияны жүзеге асыру қажеттілігін танып отырып;

      осындай бағдарламаларды іске асыру ақталмаған кешіктірулерді немесе теңсіз тәртіптің орнатылуына келтірмеу тиістігін түсіне отырып;

      осындай инспекция, анықтау бойынша, экспорттайтын елдер-мүшелердің аумағында жүзеге асырылатында белгілеп отырып;

      инспекцияны қолданылатын елдер-мүшелер ретінде, сондай-ақ экспорттайтын елдер-мүшелер ретінде келісілген халықаралық құқықтар мен міндеттемелерді орнату қажеттілігін мойындай отырып;

      ГАТТ 1994 ұстанымдары мен міндеттемелері мүшелер болып табылатын үкіметтердің өкімдері негізінде жүзеге асырылатын алдындағы инспекцияның қызметіне қолданылатында мойындай отырып;

      жөнелту алдындағы инспекция қызметінің, сондай-ақ жөнелту алдындағы инспекцияға жататын заңдар мен нормативтік актілердің транспаренттілігін қамтамасыз ету ниетін мойындай отырып;

      Келісім шеңберінде пайда болатын, экспорттаушылар мен жөнелту алдындағы инспекция органдары арасындағы дауларды жедел, тиімді және тура реттеуін қамтамасыз етуді ниет етіп;

      осымен төмендегі туралы келіседі:

1-БАП

Қолдану саласы. Анықтамалар

      1. Осы Келісім, осындай қызмет үкіметтің немесе ел-мүшенің кез келген үкіметтік органның келісім-шарты немесе өкімі негізінде өткізілуінен тәуелсіз, мүшелердің аумағында жүзеге асырылатын жөнелту алдындағы инспекция бойынша барлық қызметке қолданылады.

      2. "Инспекцияны қолданатын мүшелер" термині, жөнелту алдындағы инспекция өткізуді тапсыратын немесе өкім ететін мүшені, үкіметті немесе кез келген үкіметтік органды білдіреді.

      3. Жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызмет болып, инспекцияны қолданатын, мүшенің аумағына экспорттауға арналған тауарлардың кедендік топтамасының сапасын, санын, бағаларын, валюталық бағам мен қаржы шарттарды қоса, және/немесе дұрыстылығын тексерумен байланысты кез келген қызмет болып табылады.

      4. "Жөнелту алдындағы инспекция органы" термині " мүшенің келісім-шарты немесе өкімі негізінде жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызмет атқаратын кез келген органды білдіреді1.

2-БАП

Инспекцияны қолданатын мүшелердің міндеттемелері

Кемітпеу

      1. Инспекцияны қолданатын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызмет кемітпейтін түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, және осы қызмет барысында қолданылатын процедуралар мен санаттар объективті болатындай және осындай қызметті пайдаланатын барлық экспорттаушыларға тең дәрежеде қолданылатынды қамтамасыз етеді. Олар, келісім-шарт немесе өкім негізінде әрекет ететін жөнелту алдындағы инспекция органдарының барлық инспекторларымен инспекцияны бір қалыпты түрде өткізуін қамтамасыз етеді.

      Үкіметтік өкімдер

      2. Инспекцияны қолданатын мүшелер, олардың заңдарымен, нормативтік актілерімен және өкімдерімен байланысты жөнелту алдындағы инспекцияны жүзеге асырылғанда, ГАТТ 1994 ІІІ-бабы 4-тармағының ережелерін іске қатысты шамада сақталатынды қамтамасыз етеді.

      Инспекциялар орны

      3. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция бойынша барлық қызмет, қарайды өткізу туралы куәлікті немесе бермеу туралы хабарландыру беруді қоса, тауарлар экспортталатын кеден аумағында өткізілетінді қамтамасыз етеді, немесе, егер инспекция осы тауарлардың кешендік сипаттамасы салдарынан осы кеден аумағында өткізілу мүмкін емес болса, немесе осы туралы екі тарап келіссе, онда тауар өндірілетін кеден аумағында өткізуді қамтамасыз етеді.

      Стандарттар

      4. Инспекцияны қолданатын мүшелер, сапа мен сан инспекциялық тексерістер сатып алуға келісім-шартта сатушы және сатып алушымен анықталған стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатынды, және осындай стандарттардың жоқтығында сәйкестік халықаралық стандарттар қолданылатынды қамтамасыз етеді2.

      1Осы қағида мүшелерге басқа мүшелердің үкіметтік органдарымен олардың аумағында жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметті жүзеге асыруды рұқсат беруге міндет етпеуді түсіндіреді.

      2Халықаралық стандарт деп, мүшелілігі барлық мүшелерге ашық және қызметтің танылған түрлерінің бірі стандарттаумен байланысты үкіметтік және үкәіметтік емес органдармен бекітілген стандарт түсіндіріледі.

      Транспаренттілік

      5. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызмет айқын және ашық жүзеге асырылатынды қамтамасыз етеді.

      6. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары, экспорттаушылар алғашқы рет шағымданғанда, оларға инспекцияның талаптарын сақтау үшін барлық қажетті мәліметтер тізімін ұсынуын қамтамасыз етеді. Экспорттаушылардың сұрауы бойынша, жөнелту алдындағы инспекция органдары оларға ең жаңа ақпараттарды ұсынады. Осындай ақпаратта инспекцияны қолданатын мүшенің, жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке жататын, сондай-ақ инспекция органдарымен бағаларды және валюталық айырбастау бағамдарды, vis-à-vis экспорттаушылардың құқықтарын инспекциялау мақсатында қолданылатын процедуралар мен санаттар жататын, 21-тармақта баяндалған заңдары мен нормативтік актілері көрсетіледі. Қолданыстағы процедуралардағы қосымша процедуралық талаптар немесе өзгерістер жөнелтуге қолданылмайды, тек мүдделі экспорттаушыға инспекция күнін тағайындау сәтіне осы өзгерістер туралы хабарландырылмаса. Алайда, ГАТТ 1994 XX және XXI баптарымен қамтылған төтенше жағдайларда, осындай қосымша талаптар немесе өзгерістер осы туралы экспорттаушыға ақпараттандыруға дейін де жөнелтуге қолдану мүмкін, бірақ бұндай қолдау жасау экспорттаушыны инспекцияны қолданатын мүшелермен импорттық ережелерді сақтауға қатысты міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      7. Инспекцияны қолданатын мүшелер, 6-тармақта көрсетілген ақпарат экспорттаушыларға, жөнелту алдындағы инспекция органдарының қарамағындағы жөнелту алдындағы инспекциясының кеңселері осындай ақпаратқа ие ақпараттық орталықтар ретінде қызмет ететіндей ыңғайлы нысанда ұсынуды қамтамасыз етеді.

      8. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты барлық заңдар мен нормативтік актілерді басқа үкіметтер мен сауда қатысушыларына олармен танысу мүмкіндігін беру үшін кешіктірмей жариялайды.

      Құпиялы ресми ақпаратты қорғау

      9. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекцияның органдары жөнелту алдындағы инспекциясы барысында алған барлық ақпаратты, осы ақпарат жарияланбаған, үшінші тарапқа жеткілікті болмаған немесе қандай болмасын түрде белгілі болмаған шартта құпиялы ресми ақпарат ретінде қарауды қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары процедураларды көрсетілген талаптарды сақтаумен қолдануды қамтамасыз етеді.

      10. Инспекцияны қолданатын мүшелер, сұраным бойынша мүшелерге 9-тармақтың талаптарын сақтау үшін қолданатын шаралар туралы ақпаратты ұсынады. Осы тармақтың ережелері қандай болмасын мүшеден, жариялауы жөнелту алдындағы инспекция бағдарламаларының тиімділігін төмендететін немесе нақты мемлекеттік не жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне зиян келтіретін, құпиялы ақпараттың ашуын талап етпейді.

      11. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары құпиялы ақпаратты кез келген үшінші тарапқа жарияламауды қамтамасыз етеді, жөнелту алдындағы инспекция органдары келісім-шарт немесе сәйкестік өкім негізінде жұмыс істейтін үкіметтік органдармен осындай ақпаратпен бөлісе алатын жағдайлардан басқа. Инспекцияны қолданатын мүшелер, келісім-шарт немесе сәйкестік өкім негізінде жұмыс істейтін жөнелту алдындағы инспекция органдарынан алған құпиялы ресми ақпарат, тиісті түрде қорғалуын қамтамасыз етеді. Жөнелту алдындағы инспекция органдары келісім-шарт немесе сәйкестік өкім негізінде жұмыс істейтін үкіметпен құпиялы ресми ақпаратпен, кеден мақсаттарында импорттық лицензиялау немесе валюталық бақылау мақсаттарында аккредитивті немесе төлемнің басқа нысандарын ашу үшін талап етілетін шамада бөліседі.

      12. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары келесілерге қатысты ақпаратты экспорттаушылардан талап етпеуді қамтамасыз етеді:

      (a) патенттелген, лицензиялық және ашылмаған процестерге, немесе патент алу күтілетін процестерге қатысты өндіріс туралы деректерді;

      (b) жарияланбаған техникалық деректерді, техникалық регламенттерге немесе стандарттарға сәйкестікті растау үшін қажеттілерден басқа;

      (c) ішкі бұға құруды, өндіріс шығындарын қоса;

      (d) табыс мөлшерлері;

      (e) экспорттаушылар мен олардың жеткізушілері арасындағы келісім-шарттардың талаптарын, егер осы әрекеттерсіз инспекцияны өткізу мүмкін емес болса. Бұндай жағдайларда орган тек осы мақсатқа қатысты ақпаратты сұрайды.

      13. Жөнелту алдындағы инспекцияның органдары ұсынуын талап ете алмайтын 12-тармақта көрсетілген ақпарат, нақты жағдайдың ерекшеліктерін көрсету үшін, экспорттаушымен еркін ашылу мүмкін.

      Мүдделер шиеленісі

      14. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекцияның органдары, 9-13 тармақтарда баяндалған құпиялы ресми ақпаратты қорғау туралы ережелерді ескере отырып, мүдделер шиеленісін болдырмай түрде процендураның өткізуін қамтамасыз етеді:

      (a) жөнелту алдындагы инспекция органдары және, жөнелту алдындағы инспекцияның осы органдарымен байланысты кез келген органдар арасында, қаржы немесе коммерциялық мүддесі бар кез келген органдарды, немесе жөнелту алдындағы инспекцияның осы органдарында қаржы мүддесі бар кез келген органдарды, және жөнелтулері жөнелту алдындағы инспекцияның органдарымен инспекциялауға жататын органдарды қоса;

      (b) жөнелту алдындағы инспекция органдары мен кез келген басқа органдар арасында, жөнелту алдындағы инспекцияға жататын басқа органдарды қоса, келісім-шарт немесе өкім негізінде инспекцияның өткізуін тапсыратын үкіметтік органдардан басқа;

      (c) инспекция процесінің жүзеге асыру үшін талап етілетін қызметті атқаратын жөнелту алдындағы инспекция органдарының бөлімшелерімен.

      Кешіктірулер

      15. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары жүктерді инспекциялағанда ақталмаған кешіктірулерді болдырмауды қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органы мен экспорттаушы арасында инспекциялау күнін келіскеннен кейін инспекциялауды көрсетілген күнде өткізуді қамтамасыз етеді, егер осы күн экспорттаушы мен жөнелту алдындағы инспекция органы арасында өзара келісім бойынша өзгертілмесе, немесе жөнелту алдындағы инспекция органы экспорттаушының салдары бойынша инспекциялауды өткізу мүмкіндігінен айырылса немесе force majeure3 салдарынан.

      16. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары қорытынды құжаттарды алғаннан кейін және инспекцияландыруды аяқтағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде қараудан өту туралы куәлікті беруді немесе бермеу себеперін көрсетумен толық жазбаша түсініктемені ұсынуды қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, соңғы жағдайда жөнелту алдындағы инспекция органдары экспорттаушыларға олардың пікірлерін жазбаша түрде ұсынуды және, экспорттаушылардың сәйкестік сұрауы бойынша, жақындағы өзара қолайлы күні қайталау инспекциялау туралы келісуді қамтамасыз етеді.

      17. Инспекцияны қолданатын мүшелер, экспорттаушылардың сұрауы бойынша жөнелту алдындағы инспекция органдары, шынайы инспекциялау күніне дейін бағаның алдын ала тексерісін өткізуді және, сәйкестік жағдайларда, экспорттаушы мен импорттаушының арасында келісім-шарт негізінде валюталық айырбастау бағанның, pro forma есеп-шоттарды тексеруді, және, бұл қолайлы болғанда, импорттауға рұқсатқа сұранымды тексеруді қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер, бағаны немесе валюталық айырбастау бағанды алдын ала тексеріс барысында мақұлдаған жөнелту алдындағы инспекция органдары, тауарлар импорттау құжаттамаларға және/немесе импорттау лицензияға сәйкес болған жағдайда, кейін өз шешімін қайтармауды қамтамасыз етеді. Олар жөнелту алдындағы инспекция органдары алдын ала тексерісті өткізгеннен кейін бірден экспорттаушыларға жазбаша түрде өзінің мақұлдауы немесе бағамен және/немесе валюталық айырбастау бағанымен келіспеудің нақты себептері туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.

      18. Инспекцияны қолданатын мүшелер, жөнелту алдындағы инспекция органдары экспорттаушыларға немесе экспортаушылардың уәкілетті өкілдеріне төлемдерді кешіктірмеу үшін қарауды өткізу туралы куәлікті жылдам жіберуді қамтамасыз етеді.

      19. Инспекцияны қолданатын мүшелер, қарауды өткізу туралы куәлікте кеңселік қате болған жағдайда жөнелту алдындағы инспекция органдары осы қатені жойып жылдамырақ түзелген құжатты тиісті тараптарға жіберуді қамтамасыз етеді.

      3Осы Келісімнің мақсаттары үшін "force majeur" "еңсерілмес әсер немесе оқиғалардың болжап болмайтын даму, және келісім-шарттың талаптарын орындаудан босатуда" білдіреді.

      Бағаны тексеру

      20. Инспекцияны қолданатын мүшелер, фактуралық бағаны көтеруді және төмендетуді болдырмау үшін жөнелту алдындағы инспекция органдары келесі ережелерге сәйкес бағаның тексеруін өткізуді қамтамасыз етеді4:

      (a) Жөнелту алдындағы инспекция органдары экспорттаушы мен импорттаушы арасында келісілген келісім-шарттық бағаны қанағатсыз баға туралы бекітімін (b)-(е) тармақшаларда баяндалған критерийлерге сәйкес тексеру процедурасына негізделгенді дәлелдеген жағдайда ғана қабылдамайды;

      (b) Жөнелту алдындағы инспекция органы кез келген қолайлы жеңілдіктерсіз әдеттегі сауда тәжірибесіне сәйкес бәсекелес және салыстырмалы сату шарттарда, бір уақытта аумағынан экспортталатын бір елден экспорттауға ұсынылған бірдей немесе ұқсас тауарларға баға (бағалар) негізінде экспорттау бағаны тексеру мақсатында бағалардың салыстыруын өткізеді. Бұндай салыстыру келесіге сәйкес өткізіледі:

      (i) есептеуге импорттау елінде немесе бағаларды салыстыру үшін пайдаланатын елде немесен елдерде сәйкестік экономикалық факторларын ескерумен қамтамасыз етілетін бағалар ғана қабылданады;

      (ii) жөнелту алдындағы инспекция органы осы жөнелту үшін ең төмен бағаны еркін белгілеу үшін әр түрлі импорттау елдерге экспорттауға ұсынылған тауарлардың бағасын негізге қабылдамайды;

      (iii) Жөнелту алдындағы инспекция органы (с) тармақшада аталған нақты факторларды ескереді;

      (iv) жоғарыда сипатталған процестің кез келген кезеңінде жөнелту алдындағы инспекция органы экспорттаушыға бағаны негіздеу мүмкіндігін ұсынады;

      (c) бағаны тексеру барысында жөнелту алдындағы инспекция органдары сатып алу-сату шарттың талаптары мен, мәмілеге қатысты, әдетте қолданылатын нақтылайтын факторларды назарға алады, сауда операцияның кезеңі және сатулар көлемі, жеткізу мерзімдері мен шарттары, бағаларды қайта қарау туралы ескертулер, сапасына қатысты ерекшеліктер, құрылымның айырықша ерекшеліктері, жүктеу мен ораудың ерекше шарттары, тапсырыстың көлемі, қолма-қол ақшаға сатулар, маусымдық ауытқулардың ықпалы, лицензиялық алымдар және келісім-шарт шеңберінде ұсынылған қызметтер осындай факторлардың қатарына жатады, бірақ олармен ғана шектелмейді, егер оларға қабылдаған тәжірибеге сәйкес жеке есеп-шоттар ұсынылмаса; олардың санына сондай-ақ экспорттаушының бағасына қатысты кейбір элементтер жатады, мысалы, экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарттық қатынастар;

      (d) көлік шығындары экспорттаушы-елдегі көліктің осы түріне келісілген бағаға ғана жатады, сатып алу-сату шартында көрсетілгендей;

      (e) бағаны тексеру мақсаттарына келесі элементтер есепке алынбайды:

      (i) осы елде шығарылған тауарларға импорттаушы-елдегі сату бағасы;

      (ii) басқа елден экспорттауға арналған тауарлардың бағасы, экспорттаушы-елден емес;

      (iii) өндірістің шығындары;

      (iv) туынды немесе жасанды бағалар немесе бағалық көрсеткіштер.

      4Инспекцияны қолданатын мүшелердің міндеттемелері жөнелту алдындағы инспекция органдардың қызметтеріне қатысты кеден бағасына сәйкес олар ГАТТ 1994 және ДСҰ туралы Келісімге 1А қосымшаға енгізілген басқа Көп тараптық сауда келісімдер негізінде қабылдаған міндеттемелер болып табылады.

      Шағымдау процедурасы

      21. Инспекцияны қолданатын мүшелер, экспорттаушылардың шағымдары бойынша жөнелту алдындағы инспекция органдары шешімдер алу, қарау және шығару процедуралардың орнатуын және осындай процедуралар туралы ақпарат 6 және 7 тармақтардың қағидаларына сәйкес экспорттаушылардың басқаруына ұсынылғанды қамтамасыз етеді. Инспекцияны қолданатын мүшелер осы процедуралар келесі ережелерге сәйкес әзірленіп қолданылатынын қамтамасыз етеді:

      (a) жөнелту алдындағы инспенкцияның органдары экспорттаушылардың шағымдары мен наразылықтары бойынша шешім алу, қарау және шығару үшін жөнелту алдындағы инспекция бойынша әкімшілік кеңсесі бар әр қалада немесе портта қалыпты жұмыс күні бойы жеткілікті болатын бір не одан артық уәкілеттілерді тағайындайды;

      (b) экспорттаушылар жазбаша түрде тағайындалған қызметтік тұлғаның (қызметтік тұлғалардың) мәліметіне нақты мәмілеге қатысты деректерді, шағымның сипатын және ұсынылатын шешімді жеткізеді;

      (c) тағайындалған қызметтік тұлға (қызметтіке тұлғалар) жақсы ниетпен экспорттаушылардың шағымын қарастырады және (b) тармақшада көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін тез арада шешім шығарады.

      Айырықшалық

      22. 2-баптың қағидаларынан қосымша, инспекцияны қолданатын мүшелер. Инспекцияны қолданатын мүшемен анықтағандай, осындай жөнелтулерге қолданатын ең төмен бағадан арзан құнымен бөлімдер бойынша жөнелтулерден басқа жөнелтулер инспекциялаудан өтпеуді қамтамасыз етеді, айырықша жағдайлардан басқа. Осы ең төмен бағаның мөлшері туралы мәліметтер 6-тармақтың қағидаларына сәйкес экспорттаушыларға ұсынылатын ақпараттың бөлігін құрайды.

3-БАП

Экспорттайтын мүшелердің міндеттемелері

Кемітпеу

      1. Экспорттайтын мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты заңдар және нормативтік актілер кемітпейтін түрде қолдануды қамтамасыз етеді.

      Транспаренттік

      2. Экспорттаушы мүшелер жөнелту алдындағы инспекция бойынша қызметке қатысты барлық қолданатын заңдар мен нормативтік актілерді басқа үкіметтер мен сауда қатысушыларына олармен танысу мүмкіндігін беріп кешіктірмей жариялайды.

      Техникалық қолдау

      3. Экспорттаушы мүшелер инспекцияны қолданатын мүшелердің сұранымы бойынша оларға өзара келісілген шарттарда, осы Келісімнің мақсаттарына жетуге бағытталған, техникалық қолдау көрсету дайындығын білдіреді5.

      5Осындай техникалық қолдау қос тараптық, топтық немесе көп тараптық негізде көрсетілу мүмкіндігі түсіндіріледі.

4- БАП

Тәуелсіз қарау процедурасы

      Мүшелер жөнелту алдындағы инспекцияның органдары мен экспорттаушыларды олардың арасындағы талассөздерді реттеуге шақырады. Алайда шағым ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн өткенде 2-баптың 21-тармағының қағидаларына сәйкес кез келген тарап талассөзді тәуелсіз қарауға тапсыруға құқылы. Мүшелер төменде көрсетілген процедураларды келесі түрде енгізуі мен қолдануын қамтамасыз ететін оларға жеткілікті ақылды шаралар қолданады:

      (a) осы процедуралар жөнелту алдындағы инспекцияның органдарын ұсынатын ұйыммен және экспорттаушыны ұсынатын ұйыммен бірлесіп осы Келісімнің мақсаттары үшін құрылған тәуелсіз органмен жүзеге асырылады;

      (b) (а) тармақшада көрсетілген тәуелсіз орган келесілерді құрайтын сарапшылардың тізімін құрайды:

      (i) жөнелту алдындағы инспекцияның органдарын ұсынатын ұйыммен тағайындалған арбитраждық топтың мүшелерін құрайтын тарау;

      (ii) экспорттаушыларды ұсынатын ұйыммен тағайындалған арбитраждық топтың мүшелерін құрайтын тарау;

      (iii) (а) тармақшада айтылған тәуелсіз органмен тағайындалған тәуелсіз сауда сарапшыларын құрайтын тарау.

      Тізімге енгізілген сарапшыларды географиялық үйлестіруі осы процедуралардың шеңберінде пайда болған кез келген даулардың жедел қарауын қамтамасыз ете алатындай болып табылады. Осы тізім ДСҰ туралы келісім күшіне енгін күннен екі ай бойы дайындалады және жыл сайын жаңартылады. Бұл тізім жалпыға жеткілікті болып табылады. Ол Секретариаттың мәліметіне жеткізіледі және барлық мүшелерге таратылады.

      (с) талассөзді бастауды ниет ететін экспорттаушы немесе жөнелту алдындағы инспекция органы (а) тармақшасында көрсметілген тәуелсіз органмен байланысады, және арбитраждық топтың құруын сұрайды. Тәуелсіз орган арбитраждық топтың құрылуына жауапты. Осындай арбитраждық топтың құрамына үш мүше кіреді. Арбитраждық топтың мүшелері ақталмайтын шығындар мен шағыстарды болырмайтын түрде сайланады. Бірінші мүшесі жоғарыда көрсетілген тізімнен (і) тараудан жөнелту алдындағы инспекцияның мүдделі органымен сайланады. Екінші мүшесі жоғарыда көрсетілген тізімнен (іі) тараудан мүдделі экспорттаушымен осы мүше бұл экспорттаушымен байлынасты емес болған жағдайда сайланады. Үшінші мүше жоғарыда көрсетілген тізімнен (іі) тараудан (а) тармақсаша көрсетілген тәуелсіз органмен сайланады. Кез келген тәуелсіз сауда сарапшыға қатысты жоғарыда көрсетілген тізімнен (ііі) тараудан ешқандай наразылықтар қабылданбайды;

      (d) жоғарыда көрсетілген тізімнен (ііі) тараудан сайланған сауда сарапшы арбитраждық топ төрағасының қызметтерін орындайды. Тәуелсіз сауда сарапшысы арбитраждық топпен дауды жедел реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қажетті шешімдерді қабылдайды, мысалы, осы жағдайдың деректері бойынша арбитраждық топ мүшелерін шақыру талап етілуі туралы, егер қажет болса осындай отырыс қайда өткізілетіні туралы, осы инспекцияның өткізу орнын енскерумен;

      (е) (а) тармақшада көрсетілген тәуелсіз органның сәйкестік талассөзін қарау үшін дау қатысушыларының келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген тізімнің (іі) тараудан бір тәуелсіз сауда сарапшысын тағайындай алады. Бұл сарапшы талассөздің жедел реттеуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шешімдерді қабылдайды, мысалы, талассөздің мәні болып табылатын инспекция өткізу орнын ескерумен;

      (f) қарау мәні инспекция барысында талассөз қатысушыларымен осы Келісімнің ережелері сақталуын анықтау болып табылады. Процедуралар жылдам орындалу тиіс және екі тараппен жеке немесе жазбаша түрде пікірін баяндау мүмкіндігі ұсынылу тиіс;

      (g) үш мүше құрамындағы арбитраждық топтың шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Талассөз бойынша шешім тәуенлсіз қарау өткізу туралы сұраным ұсыну сәттен сегіз жұмыс күн ішінде шығарылады, және талассөз қатысушыларына хабарланады. Талассөзге қатысатын тараптардың келісімі бойынша бұл мерзім ұзартылу мүмкін. Арбитраждық топ немесе тәуелсіз сауда сарапшысы осы шығындарды қаралатын істің нақты ерекшеліктеріне сәйкес үйлестіреді.

      (h) Арбитраждық топтың шешімі талассөзде тараптар болып табылатын жөнелту алдындағы инспекцияның органы үшін және экспорттаушыға міндетті болып табылады.

5-БАП

Хабарландырулар

      Мүшелер Секретариат негізінде осы Келісім әрекетке енгізілетін заңдар мен нормативтік актілердің көшірмелері, сондай-ақ ДСҰ туралы Келісім осы мүше үшін күшіне енгенде жөнелту алдындағы инспекцияға жататын кез келген басқа заңдар мен нормативтік актілердің көшірмелерін ұсынады. Жөнелту алдындағы инспекцияға қатысты заңдар мен нормативтік актілерде ешқандай өзгерістер осындай өзгерістердің ресми жариялауына дейін қолданбайды. Олардың жариялаунан кейін бірден олар Серкетариаттың мәліметіне жеткізіледі. Секретариат мүшелерге осындай ақпараттың бар болуы туралы хабарлайды.

6-БАП

Келісімнің әрекетін қарау

      ДСҰ жөніндегі Келісім күшіне енген күннен бастап екінші жылдың соңында және келесі әр үш жыл сайын Министрлер конференциясы осы Келісімнің ережелерін, оның орындауы мен қолдануын қарайды, сонымен бірге оны қолданудың жиналған тәжірибесін назарға ала отырып. Осындай қараудың нәтижелері бойынша Министрлер конференциясы осы Келісімнің ережелеріне түзетулер енгізе алады.

7- БАП

Кеңселер

      Мүшелер сұраным бойынша басқа мүшелермен осы Келісімді қолдануға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңестер өткізеді. Осындай жағдайларда осы Келісімге ГАТТ 1994 XXII баптың ережелері қолданады, олар Дауларды шешу туралы келісім шеңберінде әзірленген және қолданады.

8- БАП

Талассөздерді реттеу

      Осы Келісімді қолдануға қатысты мүшелер арасындағы кез келген талассөздер ГАТТ 1994 XXIII баптың ережелері негізінде шешіледі, өйткені олар Дауларды шешу туралы келісімде әзірленген және қолданылады.

9-БАП

Қорытынды ережелер

      1. Мүшелер осы Келісімді орындау үшін қажетті шараларды қолданады.

      2. Мүшелер олардың заңдары мен нормативтік актілері осы Келісімнің ережелеріне қарсы келмеуді қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады