Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 шілдедегі N 227 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.

      Қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 16 маусымдағы N 3041 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 238-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) Қамқоршылар Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Бектұрғанов         - Қазақстан Республикасының Білім және
      Нұралы Сұлтанұлы      ғылым министрі

      Бернард Демулен     - "Филипп Моррис Қазақстан" компаниясының
                            директоры

      Дэннис Фэи          - "Шевронмұнайгаз Инк" компаниясының
                            президенті

      Кьюн Су Ким         - "Буран Бойлер" компаниясының
                            президенті

      Пол Крич            - ТМД-дағы "Кока-кола" компаниясының
                            бас директоры

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесінің құрамынан Қ.Е.Көшербаев, Джеймс Скотт, Фил Мик, Дамманн Хеублайн, Хьюн Мо Ким шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады