Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі. 2001 жылғы 6 қараша N 247

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңына сәйкес және ғылым саласын басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының елді дамытудағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында: қараңыз.Z110407
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарға сараптама жүргізу функциясы жүктелсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасау үшін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) құрсын, оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстан ғылымының көрнекті өкілдерін енгізсін.
      3. Ведомствоаралық комиссия үш ай мерзімде:
      1) ғылымның жай-күйін, оның әлемдік даму үрдістерін, ғылыми-техникалық саланы басқарудың қазіргі таңдағы ұйымдастырылуын, елдің қазіргі бар ғылыми кадрлары мен ғылыми-техникалық әлеуетін, материалдық-техникалық базасының жай-күйін талдасын;
      2) мыналардың:
      жүргізілетін зерттеулер нәтижелерінің халықаралық танылуы;
      мемлекет қаражатын салудан мейлінше экономикалық тиімділік алу;
      ғылымды қажетсінетін технологияларды қоса алғанда, елдің экспорттық әлеуетін дамыту;
      ғылымның біліммен интеграциялануы;
      ғылыми-техникалық саланы басқарудың мейлінше тиімді жүйесін құру қажеттігіне қарай іргелі және қолданбалы зерттеулердің аса маңызды бағыттарын айқындасын;
      3) елдің әлеуметтік-экономикалық әрі ғылыми-техникалық дамуында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрылымын жетілдіру, қызметінің тиімділігін арттыру, Ұлттық Ғылым академиясының функцияларын дәлдеу және нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын Ұлттық Ғылым академиясы жалпы жиналысының кезекті сессиясының талқылауына қойып, содан кейін қажетті шешімдер қабылдасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады