Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 385 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.04.06. N 537 қаулысымен

"Президент пен Үкімет актілерінің  
жинағында" жариялануға тиіс    

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат, N 25, 258-құжат, N 40, 406-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң көрсетiлген өкiмiмен бекiтілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы        Премьер-Министрi, төраға

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы       Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                          төрағаның орынбасары

Жандосов                - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы               монополияларды реттеу және
                          бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
                          агенттiгiнiң төрағасы

Жұмабеков               - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы          Әдiлет министрi

      мынадай жол:

"Досаев                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы       монополияларды реттеу және
                          бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
                          агенттiгiнiң төрағасы"

мынадай редакцияда жазылсын:

"Досаев                 - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы       Қаржы министрi";

      аталған Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Ким Георгий Владимирович.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады