Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 492 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.04.06. N 537 қаулысымен

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат; N 25, 258-құжат; N 40, 406-құжат; 2003 ж., N 27, 251-құжат; 2004 ж., N 15, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Президентінің көрсетілген өкімімен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына:

Әйтімова                   - Қазақстан Республикасы
Бірғаным Сарықызы            Премьер-Министрінің
                             орынбасары, төрағаның орынбасары

Дунаев                     - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы           Қаржы министрі,

Орынбаев                   - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы            Президенті Әкімшілігі
                             Басшысының орынбасары -
                             Экономикалық саясат
                             басқармасының бастығы

енгізілсін;

"Марченко                  - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович       Премьер-Министрінің бірінші
                             орынбасары, төрағаның
                             орынбасары"

деген жол алынып тасталсын;

"Есімов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы           Министрінің орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының
                             Ауыл шаруашылығы министрі,
                             төрағаның орынбасары"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Есімов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы           Министрінің орынбасары,
                             төрағаның орынбасары";

"Коржова                   - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна            Экономика және бюджеттік
                             жоспарлау вице-министрі"

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Марченко                  - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович       Президентінің көмекшісі";

      көрсетілген Комиссия құрамынан: Е.А.Досаев, О.Ә.Жандосов, Е.Ә.Өтембаев шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады