Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымының өзгеруіне байланысты:
Әбілхатаев Марат Кәрімұлы Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Әлиев Жұматай Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалсын;
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Донақов Талғат Советбекұлы Заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Жақыпов Мірболат Хабиұлы Жалпы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Жуат Мұратхан Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Жұбасова Нелля Ұсақызы Ахуалдық орталықтың меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Қалетаев Дархан Аманұлы Әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Мешімбаева Анар Ертөлеуқызы Жүйелі зерттеулер орталығының меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Нұрпейісов Қадырбай Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті