"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Освальд Грюбель -"Кредит Свис Групп" компаниясының бас басқарушы директоры,
Джордж Киркланд - "Шеврон Тексако" корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті,
Хидето Накахара - "Митсубиси Интернешнл" корпорациясының Еуропа бойынша басқармасының төрағасы және президенті,
Робин Ренвик - "ДжиПи Морган Чейс" компаниясы төрағасының орынбасары;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Питер Робертсон, Масаюки Такашима шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті