Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 82 Өкімі

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметінің актілер жинағында 
жариялануға тиіс        

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071  өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң дербес құрамына мыналар енгізiлсiн:

Мусин                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Аслан Есболайұлы        бюджеттiк жоспарлау министрi,

Нұрашев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Тимур Бекболатұлы       министрлiгi Инвестиция комитетiнiң төрағасы;

      мына:

"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары - Экономика және бюджеттiк
                        жоспарлау министрi",

"Лакшми Миттал        - "Миттал Стил Ко." төрағасы және басқарушы
                        директоры"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсiмов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы       орынбасары",

"Лакшми Миттал        - "Арселор Миттал" компаниясы директорлар
                         кеңесiнiң төрағасы";

      көрсетiлген Кеңес құрамынан E.A. Арынов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады