Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 369-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Оңалсын Исламұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Кеңес төрағасы,
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;
"Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы комиссиясының Халықаралық қатынастар
бөлімінің меңгерушісі"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы комиссиясының мүшесі";
3) аталған Кеңестің құрамынан Б.М.Имашев, Т.К.Айтмұхамбетов, З.Х.Баймолдина, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын;
4) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереженің 4-тарауының екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.".
Қазақстан Республикасының
Президенті