Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 99 Өкімі

ПҮАЖ-да жариялануға тиіс (үзінді) 

      1) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы Ереженiң 4-тарауының 5-тармағындағы "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегі N 323  өкiмiне (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға,
      Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi,
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы;

      көрсетiлген комиссия құрамынан Б.М. Имашев, М.К.Әбiлхатаев, А.А.Тiлеубердин шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады