Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат; 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 11-тармағының бірінші абзацындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамына:
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрі, төрағаның
орынбасары,
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрі, хатшы,
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрі,
Баталов - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы Индустрия және сауда вице-министрі,
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы министрінің орынбасары,
Мәлібеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Жандарбек Мәлібекұлы елтаңбасының авторы (келісім
бойынша),
Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ербол Шаймерденұлы және ақпарат министрлігі
Тарихи-мәдени мұра департаментінің
директоры
енгізілсін;
"Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және спорт вице-министрі,
Комиссия хатшысы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан - Қазақстан Республикасы Президенті
Ардақ Дүкенбайұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси
бөлімінің меңгерушісі";
көрсетілген Комиссия құрамынан Ә.Ө.Исекешев, Д.А.Кәлетаев, Е.М.Қосыбаев, А.Б.Тасболатов, К.Н.Шәмшидинова шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті