Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 422 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат, № 13, 146-құжат, № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Әсет Өрентайұлы орынбасары - Индустрия және жаңа

      технологиялар министрі, төрағаның

      орынбасары,

      Комиссия мүшелері:

      Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі,

      Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Руслан Ерболатұлы вице-министрі,

      Шоқпытов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Андар Мәулешұлы вице-министрі,

      Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі;

      мына:

      "Кармазина - Қазақстан Республикасының Экономика

      Лена Мағауияқызы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

      хатшы",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика

      Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кармазина - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Лена Мағауияқызы вице-министрі, хатшы",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан С.Н. Ахметов, Қ.У. Бишімбаев, М.Ә. Құсайынов, Т.М. Сүлейменов шығарылсын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады