Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 428 Өкімі

      1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:
      Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін:
      Сергей Борисович Брилевке — "Россия" телеарнасының "Вести недели" қорытынды бағдарламасының жүргізушісі, республиканың экономикалық дамуы, Қазақстанның интеграциялық бастамалары туралы телевизиялық хабарлары мен репортаждар топтамасы үшін;
      Айгүл Қадырбекқызы Ишмұхамедоваға — "СТВ" телекомпаниясының бас директоры, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Астананың жаңа тарихы туралы деректі фильмдер сериясы үшін;
      Рашид Мұратұлы Сүлейменовке — "Көркем фильм" киностудиясының режиссері, Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына, республиканың халықаралық аренадағы беделінің артуына арналған деректі фильмдер сериясы үшін;
      Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын:
      Сұңғатолла Файзолдаұлы Әліпбаевқа — "Егемен Қазақстан" газетінің шолушысы, әлеуметтік проблемалар жөніндегі талдау мақалалар топтамасы үшін;
      Мира Мырзағалиқызы Берікболоваға — "Айқын" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, өңірдегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы мақалалар топтамасы үшін;
      Артур Станиславович Платоновқа — "КТК" телеарнасының меншікті хабарларын тарату директоры, экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруларды белсенді жариялағаны үшін;
      "Қостанайские новости" газетінің шығармашылық ұжымына — қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін;
      мыналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жариялансын:
      Акчай Салихқа — "Диалог Евразии" халықаралық журналының жетекші шолушысы, сыртқы саясат проблемалары жөніндегі мақалалар топтамасы үшін;
      Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбайға — "Қазақпарат" ақпараттық агенттігінің жетекші шолушысы, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мәселелеріне арналған республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалалар топтамасы үшін;
      Владимир Геннадьевич Курятовке — "Казахстанская правда" газетінің тілшісі, елдегі әлеуметтік-саяси жаңғырудың өзекті мәселелерін көрсетуге бағытталған мақалалар топтамасы үшін;
      Қазақ радиосының "Мен қазақпын" бағдарламасының шығармашылық ұжымына — отандық радиожурналистиканы дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін;
      "Хабар-жер" телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына — экономиканың аграрлық секторын дамыту мәселелерін жан-жақты көрсеткені үшін.
      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады