«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңес туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сараптамалық кеңес ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылады.»;
6-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «Хатшылығы» деген сөз «Талдау бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақшадағы «сыртқы» деген сөздің алдынан «қарауға келіп түскен жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «асимметриялық» деген сөз алып тасталсын;
9 және 10-тармақтарға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі қызметкерлерінің қатарынан Сараптамалық кеңес төрағасының орынбасарын және хатшысын тағайындайды.»;
13-тармақтағы «Хатшылығының» деген сөз «Талдау бөлімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта «Хатшылығының» деген сөз «Талдау бөлімінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев