Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 87 Өкімі.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат):

      тақырыбындағы "құрамы" деген сөзді "дербес құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

      Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Қайрат Нематұлы Министрінің орынбасары,

      Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

      Ержан Хозеұлы министрі,

      Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары,

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Бақытжан Әбдірұлы даму және сауда министрі;

      мына:

      "Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Индустрия және жаңа

      технологиялар министрі",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия

      Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Бақыт Тұрлыханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары";

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Ж.С.Айтжанова, Ө.Е.Шөкеев, Қ.Б.Саудабаев шығарылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      Ескерту. Өкімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады