Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат, 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат; № 54, 719-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 35, 509-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:
Бишімбаев - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы
Қуандық Уәлиханұлы холдингі» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы,
Бен ван Берден - «Royal Dutch Shell Plc»
концернінің бас атқарушы
директоры,
Иохан Деннелинд - «Теlіа Sonera» президенті және
бас атқарушы директоры,
Тунджай Озильхан - «Anadolu Group» басқармасының
төрағасы,
Ежи Старак - «Polpharma S.A.» бақылаушы
кеңесінің төрағасы,
Феттах Таминдже - «Sembol Construction Company»
акционерлік қоғамының басқарма
төрағасының орынбасары,
Марк Фриз - «Метро Кэш энд Кэрри Интернэшнл»
компаниясының қаржы директоры,
Йошикава Шигеаки - «Митсубиси» корпорациясының
Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы
атқарушы вице-президенті және
аға өңірлік атқарушы директоры;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Р.М.Лэнс, П.Возер, Т.Терад, Л.Ниберг. Ф.Мюллер шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев