"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 4 өкімі

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
      "Отан" орденінің сипаттамасы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 4 өкіміне   
ҚОСЫМША     

"Отан" ордені

      "Отан" ордені белгіден және тағаннан тұрады.
      Орден белгісі көлемі 45x47 мм болатын ою-өрнекті сопақша түрінде. Ортасында жан-жаққа таралған сәулелердің аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан.
      Сопақшаның шеткі жағы - лавр гүлтәжімен, төменде "үшқұлақ" түріндегі өсімдік оюмен көмкерілген. Гүлтэж қызыл түсті баумен оралған, бауда "ОТАН" деген жазу бар. Сопақшаның және елтаңбаның аясы көгілдір түсті мөлдір эмаль жағылған, шығыңқы бедері алтынмен жалатылған.
      Орден күмістен жасалады.
      Бұйымдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес, жылтыр.
      Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен тартылған ені 34 мм болатын тағанға бекітіледі. Лентаның ортасымен ені 3 мм қызыл жолақ өтеді, сондай-ақ ені 2 мм екі қызыл жолақ ортадағы жолақтың шетінен 2 мм аралықта орналасқан.
      Тағанның артқы жағында визорлық ілгегі бар түйреуіш орнатылған, оның көмегімен бұйым киімге тағылады.
      Орденнің артқы жағында реттік нөмір түсірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады