"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" ("Заслуженный деятель Казахстана") құрметті атағына ие болған адамдарға және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарына беріледі.";
2) жоғарыда көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы төсбелгісінің сипаттамасынан кейін "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы төсбелгісінің мынадай сипаттамасымен толықтырылсын:
"Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағының төсбелгісі диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.
Төсбелгінің беткі жағында кітап пен қауырсынның суреті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңберінің бойымен "Қазақстанның халық жазушысы" деген жазу орналасқан.
Сыртқы жағында төменгі бөлігінде лазерлік нақыштау арқылы нөмірді жазуға арналған орын бар.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған ені 20 мм тағанға жалғанған.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы. Төсбелгінің шеті ернеумен жиектелген.".
Қазақстан Реепубликасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |