1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар:
1) өз жұмысын Регламентке сәйкес ұйымдастырсын;
2) кеңестер өткізу кезінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуын қысқартсын және мемлекеттік органдардың әдетте кеңестерде қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
3) мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының отырыстарына - егер Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының регламенттерінде өзгеше көзделмесе, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының;
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары комитеттерінің отырыстарына - мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, қажет болған жағдайда - мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының;
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының жұмыс топтарына - орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары басшыларының, қажет болған жағдайда - мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының қатысуын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы №184 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
|
Қ.Тоқаев
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 155 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының РЕГЛАМЕНТІ
Апта
|
Бірінші
|
Екінші
|
Үшінші
|
Төртінші
|
Апта күндері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
дүйсенбі
|
- Қазақстан Республикасының Президентіне (бұдан әрі - Президент) тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының оған есеп беруі;
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер- Министр) өткізетін селекторлық кеңес;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі), Қазақстан Республикасының Үкіметінде (бұдан әрі - Үкімет), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*
|
- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*
|
- Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар
басшыларының оған есеп беруі;
- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдарда өтетін жедел кеңестер*
|
- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*
|
сейсенбі
|
- Үкімет отырысы
|
- Үкімет отырысы
|
- Президенттің Қазақстан Республикасы Парламенті (бұдан әрі - Парламент) Палаталарының спикерлері мен депутаттарын қабылдауы;
- Үкімет отырысы
|
- Үкімет отырысы
|
сәрсенбі
|
- Президенттің Үкімет мүшелерін қабылдауы;
- Президент Әкімшілігінде,
Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс
|
- Президент өткізетін кеңес (оның қалауы бойынша);
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс
|
- Президенттің Үкімет мүшелерін қабылдауы;
- Президент Әкімшілігінде,
Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс
|
- Президент жанында жұмыс істейтін кеңестер мен комиссиялардың
отырыстары (бекітілген жоспарларға сәйкес);
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс
|
бейсенбі
|
- Президенттің өңірлерге жұмыс сапарлары;
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары
|
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс;
- Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары
|
- Президенттің өңірлерге жұмыс сапарлары;
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары
|
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары
|
жұма
|
- Президенттің өңірлердің әкімдерімен телефон арқылы келіссөздері;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер
|
- Премьер- Министрдің Президентке баяндама жасауы;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер
|
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер
|
- Премьер-Министрдің Президентке баяндама жасауы;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер
|
Ескертпе:
1) Парламент Палаталарының отырыстары: Парламент Мәжілісінде - сәрсенбі күні, Парламент Сенатында - бейсенбі күні (олардың жұмыс регламенттеріне сәйкес) өтеді;
2) Президент Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратындағы бақылау мәселелері жөніндегі кеңестер, республикалық кеңестер, семинарлар, кадрларды оқыту қажет болған жағдайда кез келген күні осы Регламентті ескере отырып өткізіледі;
3) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімі бойынша кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында өткізілуі мүмкін.
* жедел кеңестер қажет болған жағдайда кез келген күні өткізіледі.