1. Ресми делегация мен ерiп жүретiн адамдардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына сараптың мақсаты мен бағдарламасына қарай мүдделi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың келiсiмi бойынша Сыртқы iстер министрлiгi;
күзет қызметкерлерi мен экипаж жөнiнде Президенттiң Күзет қызметiнiң басшылығы;
бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi жөнiнде Президенттiң баспасөз хатшысы;
кәсiпкерлер топтарының құрамы жөнiнде Өнеркәсiп және сауда министрлiгi табыс етедi.
2. Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы келiп түскен ұсыныстарды қорытып, оны сапардың басталуына дейiн кемiнде бiр ай бұрын мемлекет басшысының бекiтуiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Президентi