Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi жөнiндегi арнайы консультативтiк топ туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 11 қарашадағы N 3760 Өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi жөнiндегi арнайы консультативтiк топ құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi жөнiндегi арнайы консультативтiк топ туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң  
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 3760 өкiмiмен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi
жөнiндегi арнайы консультативтiк топтың құрамы

      Дуэйн О.Андреас            - "Арчер Дэниэлс Мидланд"
      Ганс Бекерер               - "Дир және компания"
      Ричард Чейни               - "Халлибуртон" компаниясы
      Кеннет Дерр                - "Шеврон" компаниясы
      Пол Дж.Фрибург             - "Континентал Грейн"
      Джон Б.Хесс                - "Амерада Хесс"
      Уильям Дж.Лоури            - "Амоко" корпорациясы
      Люсио А.Ното               - "Мобил" корпорациясы
      Юджин Р.Маркгарт           - "Консолитейд Эдисон"
      Питер Дж.Петерсон          - "Блекстоун" тобы
      Дэвид Рокфеллер            - Шет елдермен байланыстар
                                   жөнiндегi кеңес
      Стивен Волк                - "Шерман және Стерлинг" фирмасы

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 3760 өкiмiмен   
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi
жөнiндегi арнайы консультативтiк топ туралы
Ереже

I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Американ-қазақ iскерлiк ынтымақтастығының мәселелерi жөнiндегi арнайы консультативтiк топ (бұдан былай - Топ) пiкiрсайыстар, жазбаша меморандумдар, баяндамалар мен талдау мәлiметтерi арқылы Қазақстан Республикасының Басшылығына мына салаларда ресми емес негiзде консультациялар беру үшiн құрылды:
      1) макро және микроэкономикалық саясат;
      2) монетарлық және қазыналық саясат;
      3) экономикалық заңдар;
      4) инвестициялық саясаттың экономикалық ынталандыру мен тетiктерiн талдауды қоса алғанда, инвестицияларды тарту бағдарламалары;
      5) өнеркәсiптiк базалық салаларын, әсiресе жоғары технологиялық секторларды, ауыл шаруашылығын, қаржы секторы мен инфрақұрылымды дамыту мәселелерiн қоса алғанда, стратегиялық жоспарлау;
      6) адам ресурстарын дамыту, еңбек, денсаулық сақтау, бiлiм беру саласындағы әлеуметтiк бағдарламалар;
      7) басқарудың, мемлекеттiк қызметшiлер кадрларын даярлау мен қайта даярлаудың пәрмендiлiгiн арттыру мәселелерi.

                         II. Топтың мiндеттерi

      2. Топтың негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiнде, сондай-ақ экономикалық өсуi, табиғат пайдаланудың тиiмдi тәсiлдерiн қамтамасыз ету мен әлеуметтiк реформаларды жүргiзу бөлiгiнде елдiң тұрақты дамуының ауқымды проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды талдау жасап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзу;
      2) Қазақстанның сыртқы экономикалық ынтымақтастығы мен әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануының мәселелерi жөнiнде консультациялар жасау үшiн тартылған халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асыру болып табылады.

                     III. Топ жұмысын ұйымдастыру

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларын орындау үшiн Топ өз жұмысына қоғамдық негiзде АҚШ пен Қазақстанның жетекшi корпорациялары мен банк-қаржы құрылымдарының жауапты қызметкерлерiн тарта алады.
      4. Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңес Хатшылығы Топтың жұмыс органы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады