Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Самсунг" корпорациясының (Корей Республикасы) арасындағы Ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру, жаңа инвестициялық жобаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру мәселелерiн шешу мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
"Самсунг" корпорациясының (Корей Республикасы) арасындағы Ұзақ
мерзiмдi ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi
бiрлескен комиссиясының Қазақстан жағының құрамы бекiтiлсiн.
2. Бiрлескен комиссия осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз етсiн
және Қазақстан Республикасының Президентiне оның нәтижесi туралы
мезгiл-мезгiл баяндап отырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 8 қаңтардағы
N 3814 өкiмiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Самсунг"
корпорациясының (Корей Республикасы) арасындағы Ұзақ мерзiмдi
ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi
бiрлескен комиссиясының Қазақстан жағының
ҚҰРАМЫ
Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Министрiнiң бiрiншi орынбасары -
Смағұлұлы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы, бiрлескен
комиссияның тең төрағасы
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
Әбiлқайырұлы жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан
Республикасының министрi, бiрлескен
комиссияның мүшесi
Жүкеев Төлеген - Қазақстан Республикасының Корей
Тiлекұлы Республикасындағы Төтенше және
Өкiлеттi Елшiсi, бiрлескен
комиссияның мүшесi
Аймақов Бауыржан - Қазақстан Республикасы Инвести.
Жаңабекұлы циялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң дирекциясының
директоры, бiрлескен комиссияның
мүшесi
Ким Владимир - "Қазақмыс" корпорациясының
Сергеевич президентi, бiрлескен комиссияның
мүшесi