1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы" 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 2751 өкімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігінде Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты
әзірлеп, бекітсін.
3. Осы өкімнің 2-тармағында қарастырылған нұсқаулықтың талаптары
мемлекеттік органдар, ұйымдар және мемлекеттік лауазым иелері үшін оларға
қатысты бөліктерінде міндетті болып табылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті