"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 23 тамыз N 72. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 1999 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде "Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы" Жарлықтың жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені, Саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына табыс етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Мемлекеттік қызметшілердің мүліктерін сенімді басқаруға беру тәртібі туралы ережені, Мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсететін және жұмысын қамтамасыз ететін, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдардың тізбесін бекітсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде: 
      1) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттарының тізбесін, Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережені, Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге аттестация жүргізу тәртібі туралы ережені, Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені, Әкімшілік мемлекеттік қызметші антының мәтінін және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау тәртібін, Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ережесін әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына табыс етсін; 
      2) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық мемлекеттік органдар туралы ережелерді, Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының санаттарына үлгі біліктілік талаптарын, Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурстар өткізу ережесін әзірлеп, бекітсін.
     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі.     

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады