Әділет біліктілік алқасының шешімдеріне берілген шағымдар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 16 қараша N 94

 

      Жоғары Сот Кеңесінің 1999 жылғы 10 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 50-бабына сәйкес:
      1. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Г.Н. Құлбаеваның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Әділет біліктілік алқасының 1999 жылғы 24-26 ақпандағы шешімінің атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне байланысты Г.Н. Құлбаеваны қызметінен босатуға ұсыным беру жөніндегі бөлігі күшінде қалдырылсын.
      2. Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының судьясы Т.К. Қалықовтың шағымы

 

қанағаттандырусыз қалдырылсын. Әділет біліктілік алқасының 1999 жылғы 24-25

маусымдағы шешімінің атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне байланысты

Т.К. Қалықовты қызметінен босатуға ұсыным беру жөніндегі бөлігі күшінде

қалдырылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

          Қасымбеков Б.А.

          Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады