Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқығын реттеу туралы Келісім

Жаңа

Келісім 2000 жылғы 15 ақпан Москва қаласы. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

(Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      1992 жылы 9 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған Меншік қатынастарының құқықтарын өзара тану және реттеу туралы мемлекетаралық келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
      1993 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтік делегацияларының Көкшетау қаласындағы кездесуінде қол жеткен уағдаластықтарды ескере отырып,
      1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кентте болған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы өкілдері келіссөздерінің нәтижелерін назарға ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар осы Келісімге қосымшада көрсетілген 1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кенттегі келіссөз қорытындылары бойынша қазақстан-ресей комиссиясы жүзеге асырған Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан "Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкін бөлуге өздерінің келісетіндіктерін білдіреді.
      Осы Келісімге қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

2-бап

      Тараптар бөлу кезінде өздеріне көшкен мүлікке меншік құқығын өзара растайды және мүлікті өндірістік бөлуге және көрсетілген мүлікті осы Келісімге қол қойғанға дейін пайдалануға байланысты бір-біріне талабы жоқтығын және талап қоймайтындығын атап көрсетеді.

3-бап

      Осы Келісім қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
      2000 жылғы 15 ақпанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің күші бірдей.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен    
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы   
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
"Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік
бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқығын
реттеу туралы келісімге          
қосымша                     

(01.01.93 ж. жағдай бойынша мың. руб.)

---------------------------------------------------------------------
N !     Топтардың атауы   !  Барлығы   !   Қазақстан   !     Ресей
  !                       !            ! Республикасына!Федерациясына
  !                       !            !   берілгені   !   берілгені
---------------------------------------------------------------------

1. Ғимараттар мен құрылыстар    928665,1      880479,1        48186,0
2. Бұрғылау қондырғылары        454407,2      247711,1       206696,1
3. Машиналар мен жабдықтар      377040,5      220476,8       156563,7
4. Автомобиль техникасы          55338,0       12803,0        42535,0
5. Трактор техникасы             54880,7        9596,0        45284,7
6. Арнаулы техника                4512,5        4512,5           -
7. Технологиялық жабдықтар       66201,3       34075,2        32126,1
8.  Әлеуметтік-тұрмыстық          4016,9        1161,3         2855,6
    мақсаттағы мүліктер
    Жиыны:                      1945062,2     1410815,0      534247,2
---------------------------------------------------------------------

      Айналым қаражаты тең бөлінеді 50/50 (әрбір атау бойынша заттай өлшеммен 1/1)
      Қазақстан Республикасы берген мүліктің жалпы құны комиссия жұмысының күні беретін мүліктің құнынан және кесте бойынша берілген мүліктің құнынан жинақталады.

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады