Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум Москва қаласы 2000 жылғы 19 маусым

(Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті
      ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудағы, Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғарыштық қызметтің маңызды рөліне сүйене отырып,
      Тараптардың, сондай-ақ халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі басқа да мемлекеттердің мүдделері жолында "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі пайдалану қажеттілігін қуаттай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану жөніндегі бірлескен жұмыстарының бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылының дамуына қанағаттанғандық сезімін білдіре отырып,
      1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларация рухында ғарышты бейбіт игеру саласында екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге ұмтыла отырып,
      "Байқоңыр" кешені әлемдік ғарыштық инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оны сақтау мен белсенді түрде пайдалану біздің елдеріміздің, бүкіл адамзаттың өмірлік маңызды мүдделеріне жауап беретінін атап өтеді. Тараптардың әлеуметтік-экономикалық және ғылыми міндеттерін шешудегі, олардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғарыштық техниканың айрықша рөлін толық түсіне отырып, аталған кешен бойынша негізге алынатын екі жақты ресейлік-қазақстандық келісімге қол қойылды.
      "Байқоңыр" кешенінің тағдыры үшін Тараптардың тарихи жауапкершілігін, Ресей Федерациясы жалға алып отырған жағдайдағы "Байқоңыр" кешенін пайдаланудың, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің ұлттық және мемлекетаралық ғарыштық бағдарламасын іске асыруға байланысты міндеттердің жинақталған оң тәжірибесін ескере отырып, аталған мақсаттар үшін "Байқоңыр" кешенін пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының және "Байқоңыр" кешені бойынша басқа да екі жақты құжаттардың негізінде алдағы уақытта да жүзеге асырылатын болады.
      "Байқоңыр" кешені бойынша келісімдерге адалдық сақтау, оларды іс жүзінде бұлжытпай орындау екі мемлекеттің тиімді ынтымақтастығының, өзара түсіністігінің және ұлттық мүдделерін құрмет тұтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
      "Байқоңыр" кешенін Тараптар екі мемлекеттің тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастығының лайықты үлгісі ретінде қарайды.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті,
      Тараптар Үкіметтеріне мынадай мәселелерді қарауды:
      "Байқоңыр" кешенін жалға алудың мерзімін ұзартуды;
      Қазақстан Республикасының ғарыштық аппараттарын жасау мен ұшыруды, Қазақстан Республикасының ғылыми ғарыштық эксперименттерін орындауды, Қазақстанның ғарыштық саласы үшін қазақстандық ғарышкерлер мен мамандарды даярлауды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөніндегі бірлескен жұмыстар бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруды;
      ғарыш айлағында зымырандық-ғарыштық техниканы пайдалану жағдайында экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралар, ғарыштық кеңістікті зерттеу мен ғарыштық техника мен технологияны қолданудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі саласында осы заманғы жетістіктер туралы қоғамдық ұйымдар мен халықты хабарландыру мәселелері жөнінде бірлескен зерттеулер жүргізуді;
      "Байқоңырдың" жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның кешеніне әкелінетін (әкетілетін) тауарларды кедендік ресімдеу рәсімдерін одан әрі жеңілдетуді;
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан мен Ресей азаматтарын қаржылық қамтамасыз ету мен әлеуметтік кепілдіктерін іске асырудың тетігі мәселелерін қоса алғанда, Тараптар заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, Байқоңыр қаласындағы ғарыш айлағының қызметкерлері мен тұрғындарын әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттеуді;
      бірлескен ғарыштық жобаларды қоса алғанда, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын ғарыштық қызметке Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарын қатыстыруды;
      "Байқоңырды" жетілдіру мақсатында оның кешенінің жұмыс істеуінің қолданылып жүрген шарттық-құқықтық негізіне толықтырулар мен өзгерістер енгізудің келісілген пакетін даярлауды;
      "Байқоңыр" кешенінен ғарыштық аппараттарды ұшыру және оларды қондыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі мен радиожиілік спектрін кедергісіз пайдалануды тапсырады.
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің бүкіл тобы бойынша көзқарастарының ортақтығын қуаттайды және ғарыштық кеңістікті зерттеу мен пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту саласында Тараптардың бірлескен қызметін жоғары бағалайды.

     Мәскеу, 2000 жылғы 19 маусым.

            (Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады