1. Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерін тергеу мен құжаттау (әрі қарай «азаптау немесе басқа да қатыгез қарым-қатынастың түрлері» деп аталатын) тиімділігің мақсаттарына келесілер кіреді:
a) құрбандар мен олардың отбасылары алдындағы жеке және мелекеттік жауапкершілікті танудың фактілерін айқындау;
b) рецидивтерді болдырмау мақсатындағы қажетті шараларды анықтау;
c) тергеу барысында кінәсі және әділ әрі парасатты қаржылық өтемақы мен емдеу, оңалту үшін қаражат беруді қоса, мемлекет тарапынан толық қайтару мен орнын толтыру қажеттілігіне нұсқау анықталған тұлғалардың ізіне түсу және/немесе сәйкес жағдайларда тәртіптік жаза қолдануға жәрдемдесу.
2. Мемлекет азаптау немесе қатыгез қарым-қатынас туралы шағымдар мен хабарламалардың жедел әрі тиімді тергеуін қамтамасыз етеді. Айқын шағымдардың болмағанының өзінде азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың барына басқа нұсқаулар болса, тергеу жүргізіледі. Болжамды кінәлілерден және олар жұмыс істейтін мекемелерден тәуелсіз, тергеу жүргізетін тұлғалар құзіретті әрі әділ болу керек. Олардың бейтарап медициналық және басқа сарапшыларға немесе оларды тергеу жұмысына тартуға рұқсаты бар. Бұндай тергеу жүргізу барысында қолданылатын әдістер ең жоғарғы кәсіби стандарттарға сай, ал олардың қорытындылары жариялануға жатады.
3. a) тергеуші орган тергеу жүргізуге қажетті барлық ақпаратты сұратуға құқылы әрі міндетті1. Тергеу жүргізуші тұлғалардың билігінде тиімді тергеу жүргізу үшін қажетті бюджеттік және техникалық құралдары бар. Олардың сондай-ақ ресми түрде әрекет ететін және болжамды азаптау немесе қатыгез қарым-қатынасқа қатысты барлық тұлғаларды куәгерлік түсініктеме беруге міндеттеуге өкілеттілігі бар. Бұл барлық куәгерлерге де қатысты. Осы мақсатта тергеуші орган болжамды осындай әрекеттермен байланысты куәгерлерді, соның ішінде кез келген ресми тұлғаларға шақыру қағазын беріп, дәлелдемелер талап етуге уәкілетті.
b) Азаптау немесе қатыгез қарым-қатынастың әлеуетті құрбандары, куәгерлер, тергеу жүргізуші тұлғалар және олардың отбасылары тергеу қорытындысы болуы мүмкін зорлық, зорлық немесе қорқытудың кез келген басқа түрлеріне қолдану қаупінен қорғалады. Азаптау немесе қатыгез қарым-қатынаспен байланысты болуы мүмкін тұлғалар талапкер, куәгерлер және олардың отбасы, сондай-ақ тергеу жүргізуші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде бақылау немесе билікті қамтамасыз ететін кез келген лауазымнан шеттетіледі.
4. Азаптау немесе қатыгез қарым-қатынастың болжамды құрбандары және олардың заңды өкілдері тергеуге қатысты кез келген тыңдай мен кез келген ақпараттан хабардар және басқа дәлеледемелерді беруге құқылы.
5. a) Тергудің орнатылған рәсімдері құзіреттілігінің жеткіліксіздігінен, немесе болжамды әділетсіздіктен, немесе жүйелі асыра пайдалану күшініне, немесе басқа маңызды себептермен талаптарға сай келмесе, мемлекет тергеуді тергеу бойынша немесе ұқсас рәсім шеңберінде тәуелсіз комиссияның көмегімен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бұндай комиссияның мүшелері болып өзінің әділеттілігімен, құзіреттілігімен және жеке тәуелсіздігімен белгілі болған тұлғалар сайланады. Әсіресе, олар кез келген болжамды кінәліден және олар жұмыс істеуі мүмкін ұйым немесе мекемеден тәуелсіз болу керек. Комиссия тергеу жүргізу үшін барлық қажетті ақпаратты сұратып, тергеуді осы Принциптерге сай жүргізуге құқылы1.
b) Парасатты уақыт ішінде тергеу аясы, дәлелдемелерді бағалау үшін қолданылған тәсілдер мен әдістер, сондай-ақ фактілерге негізделіп, заңнаманы қолданумен жасалған қорытындылар мен ұсыныстар жасалған жазбаша есеп беріледі. Аяқтталғаннан кейін есеп жариялылыққа беріледі. Ондай, сондай-ақ анықталғандай орын алған нақты оқиғалар туралы толық ақпарат және осы қорытындылар негізделген дәлелдемелер, қорғаныс мақсатында жарияланбағандардан басқа, түсініктеме берген куәгерлер тегінің тізімі болу керек. Мемлекет парасатты уақыт ішінде тергеу жөнінде жауап қайтарып, сәйкес жағдайларда осы орайда қандай шаралар қолданылатынын хабарлайды.
6. a) Азаптау немесе қатыгез қарым-қатынас тергеуіне қатысқан медициналық сарапшылар барлық жағдайларда ең жоғарғы этикалық нормаларға сәйкес әрекет етеді және кез келген сарптаманы жүргізу алдында берілген ақпарат негізінде берілген келісім алады. Сараптама медициналық тәжірибенің орнатылған стандарттарына сай болу керек. Әдетте сараптама медициналық сарапшының бақылауымен, қауіпсіздік қызметі агенттері мен басқа мемлекеттік ресми тұлғаларсыз жабық есік артында жүргізіледі.
b) Медициналық сарапшы жедел түрде, кем дегенде келесілер:
i) сұрау мән-жайлары: тексерілуші тегі мен сараптама кезінде болған тұлғалардың тегі; нақты уақыт пен күн; сараптама жүргізіліп жатқан мекеме (мысалы, пенитенциарлы орталық, емхана, үй)) орны, сипаттамасы мен мекенжайы (мүмкіндігінше, бөлме нөмірін қоса); сараптама кезіндегі тексерілушінің жағдайы (мысалы, келу немесе сарапатама кезіндегі кез келген басушы құрылғылардың сипаттамасы, сараптама кезінде қауіпсіздік қызметкерлерінің болуы, қамалушымен бірге жүрген тұлғалардың әрекеттері немесе сараптама жүргізуші тұлғаға қатысты қорқытушы шағымдар); және басқа маңызды аспектілер;
ii) оқиға бастауы: болжамды азаптау немесе қатыгез қарым-қатынас әдістерін, болжамды азаптау немесе қатыгез қарым-қатынастың қолданылу уақытын және барлық тән немесе психологиялық ссимптомдарын шағымдарды қоса, сұрау барысында хабарланған тексерілуші тарихы туралы толық есеп;
iii) тән және психологиялық сараптама: сәйкес диагностикалық саралау, мүмкіндігінше барлық дене зақымдарының түсті фотосуреттерін қоса, емханалық тексеру кезінде анықталған барлық тән және психологиялық симптомдары туралы есеп;
iv) қорытынды: анықталған тән және психологиялық симптомдардың мүмкін болған азаптау немесе қатыгез қарым-қатынаспен байланысы туралы пікір. Кез келген қажетті медициналық және психологиялық емдеу және/немесе әрі қарайғы тексерілуга қатысты ұсыныстар жасалады;
v) авторлық: есепте сараптама жүргізуші тұлғалар нақты көрсетіліп, қолдар қойылған нақты жазбаша есеп дайындайды.
c) Есеп құпия түрде жасалап, тексерілуші немесе онымен тағайындалған өкілге хабарланады. Есепке сараптама үдерісіне қатысты тексерілуші және оның өкілінің пікірі сұратылып, кірістіріледі. Сәйкес жағдайларда, есеп жазбаша түрде болжамды азаптау немесе қатыгез қарым-қатынасты тергеуге жауапты органдға беріледі. Мемлекет оның сол тұлғаларға қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Есеп тексерілуші тұлға немесе осындай берілуді қамтамасыз етуге уәкілетті сот шешімі бойынша ғана басқа тұлғаларға беріледі.
_________________________
1 Кей жағдайларда кәсіби этиканы сақтау ойлары ақпараттың құпиялығын сақтауды талап етуі мүмкін. Бұндай ойлар құрметтеуге жатады.